- Учителю
- Ынтымағы жарасқан, туған өлкем -Қазақстан.
Ынтымағы жарасқан, туған өлкем -Қазақстан.
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан».
Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан».
Тәрбие сағаттың мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Тәрбие сағаттың міндеттері:
-Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңйту.
-өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.
-өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, глобус
(жер шары), жүрекше,бейбітшілік құсы,күн,әртүрлі гүлдер суреттері.
Әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері», «әңгімелеу», «Дәйек сөз»,
«шығармашылық жұмыс», «сергіту сәті», «тыныштық сәті»,
«жүректен-жүрекке».
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Негізгі бөлім.
Көп ұлтты болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз...
Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
Ұлы достық
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
Махмет Қажиахметов
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан» деп аталатын тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ағайын туған бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық.
2-жүргізуші: Қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың Қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.
1-жүргізуші: Қай жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Мемлекетімізде істелініп жатқан ерлікті істеріміздің барлығы Н. Назарбаев есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп үндесіп тұр.
1-оқушы:Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
2-оқушы: Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
3-оқушы: Кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
4-оқушы: Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр.
5-оқушы:Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Еңбек ортақ, жыр ортақ.
Ортақ бізге барлығы,
Байлықгың ең үлкені - халықтар достығы.
6-оқушы: Достық жыры,
Мамырдың бірі
Достықтың күні
Халықтар үні
Тұтасқан
Ұлттардың бәрі
Жарасқан жаны
Елімнің бағы,
Құт ашқан
Жүздері жарқын,
Сүйікті халқым
Бұзбайды салтын,
Достығын.
2-жүргізуші: Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге, қазақтарға керек, - деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.
Бейбітшілік жасасын!
Ынтымақ жасасын!
2./Бейнежазба көрсету/
1-жүргізуші:Татулық, бірлік, келісім - ең асыл іс кез келген ел үшін. Қазақстан азаттық алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Ассамблея дербес қоғамдық институт болып құрылғанына да алты айдан кейін 20 жыл толмақ. Елбасының бастамасымен қолға алынған бұл идея елімізге не берді? Президент Жарлығымен 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Бүтіндей бір жылды Ассамблеяға арнаудың себебі не?
3./Бейнежазба көрсету/
7-оқушы: 1995 жылдың 1 наурызында тәуелсіз еліміздің тарихында «Қазақстан халқының Ассамблеясы» атты жаңа институт пайда болды. Тоқсаныншы жылдар егемендігін енді алған ел үшін оңай кезең емес еді. Мемлекетімізді аяғынан тік тұрғызу үшін қыруар күш қажет болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттің алдымен экономикасын көтеруді басты мақсат еткені де белгілі. Бірақ бұл мақсатқа бірліксіз, ынтымақсыз қол жеткізу мүмкін еместігін әу баста айқындап алды. Экономикалық дамумен қатар еліміздегі татулықтың тамырын тереңдету керектігін тәуелсіздік алғаннан бері халыққа түсіндірумен келеді Мемлекет басшысы. Бастаманың мән-маңызын ұғынған еліміздің барлық облысы идеяны іліп әкетті.
8-оқушы: 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ /тірек-сызбамен жұмыс/
4./Бейнежазба көрсету/
1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз.
/Орыс халқының сәлемі/
1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Орыс мәдени орталығының өкілі: Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезде біздің орталық өлке жұртшылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жок. Әрине, негізгі максатымыз - славян мәдениетін дамытуға, орыс тілін оқытуға, ұлттық салт-дэстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан әркашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа бізге түк керек емес.
Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе - өзара түсіністігімізді дамыту. Қазақстан жасасын!
2-жүргізуші: Ендігі сөзді ұйғыр мәдени орталығына берейік.
Ұйғыр мәдени орталығынын өкілі: Ұйғырларды таранчы деп атайды. Ұйғырлардың мекені - Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиясы, онда 12 млн. ұйғыр тұрады екен. Олар 3 топка бөлінеді: хотандык, турфандык, қашғарлық. Қазақстандағы, яғни Алматы облысы бойындағы жер аударылып келген ұйғырларды жетісулық деп атайды. Олардың алғашқы легі сонау 1876-77 жылдары Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы көтерілістен соң бәрі Жетісуға өтуімен басталды. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында біздің ұйғыр халқы да өсіп өніп, жақсы тіршілік кешуде. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға бай. Ал байлықтың ең үлкені - халықтар достығы. Біз осы достықты нығайтып, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі кең, бауырмал қазақ елі!
1-жүргізуші: Өзбек ұлтының өкіліне сөз берейік.
Өзбек ұлтының өкілі: Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, қыз алып, қыз берісіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елімнің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілеймін!
Бұралып гөзел біздің билегенде,
Өзбектің асқақ әні тербегенде,
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,
Құрбылар, айтындаршы қандай пенде?!
2-жүргізуші: Шешендер мен ингуштар бабаларының мәдениетін жоғары бағалайды, соның ішінде қатаң сақталатын салты - әйелге құрмет көрсету. Тіпті ең қатыгез талас-тартыстардың өзі де әйелдің келуінен кейін тоқтатылған. Бұл елдің рухани дүниесі әйелден тарайды. Олардың негізгі салты - қонақжайлылық. Бұл дәстүрді бұзу ауыр қылмыс болып табылады екен. Ал енді көз алдарыңызға қызу қанды кавказ халықтарын, олардың биін, бастарына папаха киген сырнайшыларды, ұзын ақ көйлек киген аруларды елестетіңдерші...
Бұл елес неге шындыққа айналмасқа!
Алдарыңызға бишілер тобын шақырамыз!
Бір ингуш жігіті мен ингуш қызы, бір шешен жігіті мен шешен қызы шығып ингуш-шешен биін билейді.
Кәріс халқынын өкілі сөз алады. Кәрістер коре сарам, часон сарам, ханчук сарам болып үшке бөлінеді. Кәрістердің Қазақстанға келуі сол сталиндік репрессия кезінде Қиыр Шығыстан депортацияға ұшырауынан басталады. (Осы кезде бір бала шығып корей ақыны Ен Сен Неннің өлеңін оқиды).
1937жыл еді.
Поезд жүйткіп келеді.
Терезеден тұрмын қарап таңдана:
Дала, дала, кең дала.
Содан кейін азаптан торыққаным есімде,
Содан кейін қазақтарға жолыққаным есімде.
Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,
Құрмет қылып ән салғаны есімде.
Жоқ, ұмытпан,
¥мыта алман жандарды ол,
Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.
Қазакстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!
Жеттім сенде арманыма аңсаған.
Қарыздармын. Бас иемін мен саған.
Бас иемін сенде туып,
Сенде ержетіп оқыған,
Саган келіп ес жинаған өзімдей
Кәрістердің атынан.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, қандай өлең!
Қабыл ал, кәріс халқы, күйімізді,
Ашамыз әсем күймен сырымызды.
Күйімізді аз да болса көптей көріп,
Соғайық шын көңілмен қолымызды.
Украин мәдени орталығының өкілі: Мүмкіндікті пайдалана отырып айтарым: қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып жүру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық. Құдайға шүкір, конституциялық құқығымыз да ел қатарлы қорғалуда. Біз қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді қалаймыз. Ешкім ешқашанда ұрыс-керіс, жанжал, айғай-шумен жақсы тұрмыс жасай алмайды. Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!
2-жүргізуші: Түріктер сталиндік репрессия кесірінен Грузияның оңтүстігі Месхет деген жерден Қазақстанға жер аударылған. Түрік мәдени орталығы Алматыда 1991 жылы кұрылған.
Түрік мәдени орталыгының өкілі қазақ тілінде өлең оқиды.
Түркістан Түркістан - екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе,
Түрікке азаматта ел жеткен бе?!
Кең ақыл отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Мағжан Жұмабаев.
2-жүргізуші: Бүгінгі кездесуге қалған ұлт өкілдері келе алмады. Дегенмен кездесуіміз өте көңілді өтті деп ойлаймын. Қазақта "Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір" деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты елміз!
9-оқушы:
Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайрымдылығы тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған, керегесін ағаштан кұраған елміз.
Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз.
Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз.
10-оқушы: Қайта оралып өткенім, қайта жанып өшкенім, қайта түлеп көктедім. Ендігі бізге керегі ынтымақты-ырысты, берекелі-бірлікті, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, татулық туын ұстаған, басынан бағы ұшпаған еліндегі таныштықты, жеріндегі ырыс-құтты сақтайтын, басқа елдер санасатын, түсінісіп жарасатын терезесі тең, керегесі кең ел еді. Алыс-жақын шетелдерде, бабаларым ат ізін салмаған мекендер де Қазақстанды танып, назарына алып жатыр. Бірлігіме әлі талай ел қызығар!
1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
11-оқушы:Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
12-оқушы: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
13-оқушы: Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
14-оқушы: Ағайын-туған - бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
15-оқушы:Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса - ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
16-оқушы: Онша үлкен болмаса көлемі
Әжірбайжан, Әзірбайжан ағайын,
Тағы сені құшып сүйгім келеді.
17-оқушы:Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.
18-оқушы:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік - байлық, ырыс - құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық
19-оқушы:
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату - тәтті жүреміз.
Достық - өмір тірегі,
Достық - әр адамның тілегі.
Татулық дәйім сақталса,
Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі.
1-жүргізуші: «Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге - қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.
2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!
4./Бейнежазба көрсету/
ІІІ.Қорытынды. Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар»,
«Ынтымақ-достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз
өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің
туған-туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Ән «Қазақ елі осындай» /Темірболат А., Бекмұхамбет А., Омарқызы Ж./