7


  • Учителю
  • Тәрбие сағатының жоспары 'Халықтың салт-дәстүрі-болашақ кепілі'

Тәрбие сағатының жоспары 'Халықтың салт-дәстүрі-болашақ кепілі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Халықтың салт-дәстүрі- болашақ келбеті»Мақсаты: «салт-дәстүр», «әдет-ғұрып» ұғымдарының мәнін ашу және оларды сақтап, құрметпен қарау өркениетке барар жолдағы ұлт болашағын айқындайтын факторлардың бірі екендігін ұғындыру.Көрнекілік: интеракт
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Халықтың салт-дәстүрі- болашақ келбеті»

Мақсаты: «салт-дәстүр», «әдет-ғұрып» ұғымдарының мәнін ашу және оларды сақтап, құрметпен қарау өркениетке барар жолдағы ұлт болашағын айқындайтын факторлардың бірі екендігін ұғындыру.

Көрнекілік: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар.


Өту барысы.


  1. «Шаттық шеңбері»

«Қыз сыны» тыңдау , талдау.

-Қазақтың салтын сақтаған көркем- салт дегеніміз не?

-Дәстүр дегеніміз не? Венн диаграммасы арқылы салыстыру

-Әдет дегеніміз не?

-Ғұрып дегеніміз не? Салыстыру.

2. Кіріспе бөлімі. Әңгімелесу. «Саналы ел салтын сақтар» (халық даналығы) және «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» (қазақ мақалы) деген өнегелі сөздердің мәнін ашып, өзара пікір алысу мақсатында әңгімелесу әдісін қолданып, мынадай сұрақтар қоямын:

-Халқымыздың қандай салттарын, дәстүрлерін, әдеттері мен ғұрыптарын білесіңдер?

-Ырымдар туралы не білесіңдер?

Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлер бар?

-Отбасын құруға қатысты салт-дәстүрлерді білесіңдер ме?

-Салт, дәстүр, әдет, ғұрыптарды сақтау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

3.Оқу ақпараты.Оқу, талдау.Пікірлесу сұрақтары:

-Салт, дәстүрдің қай түрін дамыту қажет деп ойлайсыңдар?Не үшін?

Қаза дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.Үлкенге сәлем беру, қолын беру, жол беру, орын беру, кимелеп баса көктеп кірмеу, үйіне келе қалса атын байлап, есік ашып, төрге шығарып, жақсы қабақпен аттандырып салу, меймандос, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейтін, адамнан адам іштей әмән дәметіп тұратын табиғи құлық мінедер.Бұл мінездерді қорлау-алдымен өзін-өзі қорлау, сыйлау- алдымен өзін-өзі сыйлау.

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады....

Салт- дәстүрлер үшке бөлінеді


Бала тәрбиесіне тұрмыс-салт әлеуметтік-мәдени


«Кластер» арқылы әрқайсын жеке ашу.

4. Ролдік ойындар.

Алты топқа бөліну.Үш топ қазақ халқының салт-дәстүрінің бір түрін көрсетеді, ал қалған оқушылар осы көріністің мазмұнын ашатын мақал-мәтел, шешендік сөз немесе ән орындау керек.

«Бесікке салу»- «Балалы үй базар» ән «Шілдехана- бесік той...» т.б.

5.Шығармашылық әрекет.Тапсырма.Төменде берілген қазақ халқының дастархан әдебі дәстүрлерінің мәнін ашып түсіндіріңіздер және толықтырыңыздар:

-дастархан басына үлкеннің , үй иесінің келіп отыруын күту;

-дәмнен үлкен адам ауыз тигеннен кейін ғана жеуге кірісу;

-үлкенді, сыйлы қонақты, қыз баланы төрге отырғызу;

-міндетті түрде ас қайыру, асқа бата беру және т.б.

-адамның жасына, жынысына, әлеуметтік роліне қарай ұсынылатын тағам түрлері;

(Табақ жасау дәстүрін көрсету, карточкада малдың мүшелерінің аты жазылған кімге не салады, соны атап өтеді)

6.Ым-ишараның тәрбиелік мәні туралы мұғалім айтып кетеді.

(Шоң мен Ақтайлақ билердің емеурін-ыммен «сөйлесулері»)

7.Жаттығу.1- тапсырма.Топ-топқа бөлініп, төмендегі жағдайларға байланысты адамның әртүрлі ишараларды қолдану жағдаяттарын көрсету.

  • Бір істі мақұлдау, қоштау, ризалық.Мысалы: курстасың спорт жарысында мәре сызығын бірінші болып қиды; досыңыз жақсы ұсыныс жасады т.с.с.

  • Адамның ашулы, ызалы күйі.Сізде мұндай көңіл-күйдің сирек болатынына сенеміз, дегенмен оны болдырмаудың жолын іздеңіз.

  • Ұялу, ыңғайсыздық таныту.Мысалы: көпшілік орында ыңғайсыз жағдайға тап болсаңыз т.с.с.

  • Жеңіске жету/ жеңілу бейнесі.Мысалы: Сіз- көңілділер мен тапқырлар клубының мүшесісіз.Командаңыз жартылай финалға жолдама алды.

  • Біреуді менсінбеу, жақтырмай, ұнатпау сәті.Мысалы: Курстасыңыз екінші бір адам туралы жағымсыз әңгіме айтып тұр.Оның бұл қылығын сіз ұнатпайсыз. Т.с.с.

2-тапсырма.Төменде берілген мақал-мәтелдерді толықтыру, өздеріңіз білетін салт-дәстүрге байланысты мақалдармен, нақылдармен, ұлағатты сөздермен осылай жалғастыру:


  • Салт-сана, дәстүр-......., ғұрып-......

  • Ата жолы-адамдық, ана жолы- ....

  • Әдепті дегенші.................десейші.

  • Ағадан -ақыл. Данадан-....

  • Атадан-пейіл, анадан-...., баладан-......

3-тапсырма. «Бүгінгі тәрбие сағатынан не алдық?»ойыны арқылы топ сабақты қорытындылайды.

Тілші

Сұхбат беруші

Сарапшы

Сұрақ береді

Жауап береді

Жинақтап қорытады


8.Қорытындылау.

«Жүректен-жүрекке» шеңбері М.Ильясовтың ақын Ж.Боранбаевтың сөзіне жазылған «Қазақы дастарқаным» әнін тыңдап, бірге қосылып айту;Халқымыздың жақсы салт-дәстүрін қазақтың ақ дастарқаны сияқты кірлетпей, таза ұстап, сақтау қажеттігін, халықтың көңіліне ешқашан дақ түспесін деген игі тілекпен «Жүректен-жүрекке» шеңберін құрады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал