7


  • Учителю
  • Конспект классного урока 'Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев'

Конспект классного урока 'Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы:Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры Махмет ҚайырбаевМақсаты: Махмет Қайырбаевтың өмірбаянымен таныстыру; 1.Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру. 2.Оқушыларды адамгер
предварительный просмотр материала

Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп



Тәрбие сағаты

Қазақтың қайсар ұлы

Кеңес Одағының батыры

Махмет Қайырбаев



Сынып жетекші:Камзина Аида Айдаргазиновна



2015 жыл



Тақырыбы:Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры

Махмет Қайырбаев

Мақсаты: Махмет Қайырбаевтың өмірбаянымен таныстыру;

  1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.

  2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ата - бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой - өрісін дамыту.

  3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұтуға баулу.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Көрініс «Бейбіт өмір».
(Ауыл өмірі. «Желсіз түнде жарық ай» әні ойнап тұрады. Сахнада 10 шақты ауыл жастары қыдырып жүр)
1 - жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!
1 - қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.
(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді.
Радиодан дауыс естіледі.)
Радио дауысы: Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады.
1 - қыз: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?
2 - қыз: Сұмдық - ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Жылап - сықтау басталады.
1 - келіншек: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!
1 - азамат: Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер, - деген бар емес пе?!
Жыламаңдар! Көз жастарыңды тыйыңдар!
2 - азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.
1 - азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше Отан үшін аттанайық!
Барлығы: Отан үшін аттанайық.
Сонымен көрініс аяқталады.

Ортаға мұғалім шығады, слайд арқылы батыр өмірбаянымен таныстырады

Қазақтың қайсар ұлы Кеңес Одағының батыры

Махмет Қайырбаев

Махмет Қайырбаев (1.01. 1925, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосы, - 1996, Павлодар қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, артиллерия командирі. Қазақ баласы мектептен кейін бітірді. Соғыс басталғанға дейін Семиярка селосындағы мектепте мұғалім болды. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы тамызда шақырылып, артиллерия училищесіне жіберілді. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдан бастап қатысты. 17-танкіге қарсы ататын артиллериялық жеке бригаданың құрамында болған. Қайырбаев 18 жасында Александр Невский орденінің иегері атанды. 1944 жылдың 19 тамызында Литвадағы Шяуляй қаласының батыс жағында болған ұрыста жау әскері танкімен шабуылға шығып, Кеңес әскері қорғанысын бұза жарып, Шяуляй қаласына кіруге ұмтылды. Қайырбаев өзінің 15 жауынгерімен қоршауда қалып, шайқасып жатқан полк батареяларының біріне көмекке келді. Қайырбаевтың басшылығымен жауынгерлер жаудың 7 шабуылына тойтарыс беріп, бір әскерін жойды. Кескілескен осы шайқаста ержүрек Қайырбаев бастаған жауынгерлер Шяуляй қаласына өтер жолды жапты. Қайырбаевқа көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия қызметінде болды. Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет және медальдармен марапатталды.

Ұрыс даласында

1942 жылы аудандық әскери комиссариаттың ұйғарымымен бесқарағайлық қос жігіт Бадаев пен Қайырбаев Подольск артиллериялық училищесіне оқуға жолданды. 1943 жылдың сәуірінен бастап Махмет Қайырбаев Калинин майданында жауға қарсы әрекетке кірісті. 712-ші жойғыш танкке қарсы артиллериялық полк командирінің бұйрығымен лейтенант Қайырбаев 5-ші батареяның командирі болып тағайындалды. Жоғары Бас басқару ордасы резервіндегі 17-ші жеке жойғыш танкке қарсы артиллериялық бригаданың құрамындағы полк Калинин, Бірінші Прибалтийск және Ленинград майдандарындағы ұрыстарға қатысты. Бұл полктер мен бригадалар танкті және моторлы қарсыластармен күрес үшін құрылған. Ал аталмыш бөлімдер білікті әрі дайындығы мығым әскерлерден жасақталады. Офицерлік және сержанттық құрамға қойылатын талап та жоғары. Мәселен, әскери іс-қимылдардың журналындағы 1944 жылдың 31 мамырындағы жазбаға үңілсек, былай делінген екен: «Әскери Кеңес нұсқауына сәйкес жойғыш танкке қарсы артиллерияда қызмет етуге жарамайтындар арамыздан алыстатылуда». Яғни, осалдарға орын жоқ бөлімдер саналған. Шяуляй ұрысы артиллеристер үшін айтарлықтай сынақ болды. Әскери шеберліктерін шыңдауға септігін тигізді. 1944 жылдың 17 тамызында 135,1 шыңында Қайырбаев батареясының қаруы ерекше көзге түсті. Ұрыстың барысын Әскери Кеңес мүшелері, артиллерия маршалы М.Н.Чистяков және майдан артиллериясының командирі, генерал-полковник Н.М.Хлебников бақылаған екен. Николай Михайлович өзінің «Сотен батареи» атты кітабында, мемуарларында 712-ші полктің 5-ші батареясы зеңбірегінің батыл әрекеттерін ерекше атапты. Тамыз айында бір айға созылған ірі шайқас басталды. Аталмыш ұрыс «шяуляйдағы танктік шайқас» деп тарихта қалды.

Ұрыс даласында Махмет Қайырбаев жеке өжеттігін ғана көрсеткен жоқ, ол сондай-ақ, қоластындағы азаматтарды басқара білді. Жағдайды дұрыс бағалап, дер кезінде шұғыл қадам жасай алуы ұрыстарды жеңіспен аяқтауға жетеледі. Енді мына бір дерекке қараңыз. 712-ші полкінен Кеңес Одағы батыры атанған 6 адамның бесеуі дәл осы Қайырбаев батареясынан шыққан

Оралу

1946 жылдың жазында аға лейтенант Қайырбаев өзінің ауылы Семиярск елді мекеніне оралып, еңбекке араласты. Жұмысын аудандық кеңестің әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі меңгерушісінен бастады. Ал осы жылдың қарашасы мен 1957 жылдың наурызы аралығында Павлодар облысының үш ауданында (Бесқарағай, Успен, Ақсу) қызмет етті. Жауапты хатшы, аудандық атқарушы билік төрағасыныңорынбасары және төрағасы болып еңбек етті. Ауылда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы басты міндеттеріне айналды.

Сабақты бекіту: 2015 жылдың 1 қаңтарында тоқсан жасқа толар еді. Қазақтың батыр ұлының бейбіт өмір жолындағы ерлігі, елінің игілігі үшін жасаған еңбегі ұрпағының жадында мәңгі сақталары сөзсіз.Оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал