7


  • Учителю
  • Урок на тему 'Қазақстанның белгілі спортшылары'

Урок на тему 'Қазақстанның белгілі спортшылары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылы

«№8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Утамуратова Сауле Қобланқызы

Сыныбы: 7 «Г» сынып

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: «Қазақстанның белгілі спортшылары»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Сан есімді пысықтау. Қазақстанның белгілі спортшылары туралы ақпараттарға шолу жасай отырып, білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: Қазақстанның спортшылары туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу. Оқушыларды тез ойлап, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың тіл байлығын жетілдіру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, тапсырмалар орындау.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта арқылы слайдтар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сыныппен сәлемдесу, түгендеу, сыныпты ретке келтіру.

ІІ.Үй тапсырмасына даярлығын тексеру:

Үйге берілген тапсырманы оқушылардың орындап келгенін білу.

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

а) Дәптерлерінен 3-тапсырманы тексеру

ә) Ұлттық спорт ойындары туралы мәліметтерін тыңдау

б) Көкпар ойыны арқылы сан есімге берілген мысалдардың сан есімінің мағынасына қарай дөңгелектің айналасына орнату.

ІҮ. Жаңа сабақты өтуге даярлық:

  • Бүгін біздің сендермен өтетін тақырыбымыз «Қазақстанның белгілі спортшылары» деп аталады.

Ү.Жаңа сабақ:

Ой қозғау

  1. Қазақстанның қандай әйгілі спортшыларын білесіңдер?

  2. Сидней олимпиадасы жайында не білесіңдер?

  3. 2012 жылы Лондонда қандай олимпиада өтті?

  4. Бүгінгі таңда спортшыларымыз қандай олимпиадаға қатысып жатыр?


Мұғалім: Жақсылық Үшкемпіров жайында және Сидней олимпиадасына қатысқан спортшылар туралы қысқаша мәліметтер береді.


1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, спортшылардың Қазақстан спортына қосқан үлесі туралы айтыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Жапсырмадағы №3 суретті қараңдар.

Сұрақтар:

  1. Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы кім?

  2. Ж.Үшкемпіров қандай күрестің чемпионы?

  3. Ол қай жылы Мәскеу Олимпиадасынан жеңіспен оралды?

  4. 1984 жылы Ж.Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі қай қалада өтті?

2-тапсырма. Берілген сөйлемдегі ойды аяқтаңдар. Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаевтың өмірі туралы мәлімет алыңдар?

3-тапсырма бойынша кестеде берілген сөйлемдердің жалғасын тақтаға шығып жазу керек.

4-тапсырма. Берілген мәтіндегі бос орындарды толықтырып, спортшы туралы мәліметті оқып шығыңдар. Жапсырмадағы №1 суретті қараңдар.

5-тапсырма. Жапсырмада берілген №2,4,5,6 тапсырмаларды орындау.

ҮІ.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

Сурет бойынша перфокартамен жұмыс

ҮІІ.Сабақты бекіту:

1.Қазақстанның белгілі спортшыларын ата?

2.Ж.Үшкемпіров қандай күрестің чемпионы?

3.Әлемдік деңгейде ұлттық спортымыздың қай түрі ойналып жүр?

4.Қазіргі таңда жерлестеріміз қай жерде бақтарын сынауда?

5.Мектепте болатын қандай спорттық шараларға қатысасыңдар?

ҮІІІ.Үйге тапсырма: №5 тапсырма.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал