7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты: 'Бақытым да, байлығым да-денсаулық'

Ашық тәрбие сағаты: 'Бақытым да, байлығым да-денсаулық'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән мұғалімі: Турсынова Ж.М. 7 «А» сыныбы.


Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Бақытым да, байлығым да-денсаулық»

Мақсаты:

а) Білімділік: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты жолдары зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру;

ә) Дамытушылық: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру;

б) Тәрбиелік: балалардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.

  2. Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.

  3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Түрі: тәрбие сағаты.

Көрнекілігі: «Бақытым да, байлығым да- денсаулық» атты плакат, қанатты сөздер, компьютер, слайдтар.

Барысы:

Алтынай: Денсаулық-баға жетпейтін асыл дүние. Ол жақсы болуы үшін уақытты, күш-жігерді, еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.

Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөле қарау керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейту керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау- адамдардың өз қолында.

Батырхан: Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет.

Достар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсақ, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын , өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? (Хормен денсаулық)

Алтынай: Біз күнделікті тамақтануымыздың өзіне қалай мән беріп келеміз? Дұрыс тамақтанып жүрміз бе? «Ауру-астан, дау-қарындастан» деп бекер айтылмаған ғой. Ендеше мына сызбаға назар аударайық.

Пайдалы тамақтар

Пайдасыз тамақтар

Майы аз ет

Фанта

Айран

Бәліш

Нан

Кока-кола

Өсімдік майы

Чипсы

Сәбіз

Сникерс

Пияз, орамжапырақ

Шокалад


Оның әрқайсысына терең тоқталмай-ақ, бір ғана кішінің де, үлкеннің де сүйікті сусыны-кока-коланың зияндылығы туралы дерек көзіне үңілсек. (Кока кола туралы видео көрсетіледі).

Біз денсаулық байлығын, рухани байлықты жоғары ұстану керекпіз, білім игеру керекпіз, жақсы әдеттерге үйір болу керекпіз. Олай болса «Өлең жолдары» аялдамамызда денсаулық жайлы өлеңдерге кезек берейік.

1.Гүлназ. Денсаулық-ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.


2.Динара. Денсаулық-ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.


3-Гүлмира. Денсаулық-терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.


4-Дубин. Ниетің де, тілегің де, ойың да,

Сұлу болсын, таза болсын бойың да.

Адал еңбек сені алға бастасын

Барлық бала спортпенен достассын.


5-Иззат. Денсаулығың-зор байлығың,

Сақта оны жасыңнан.

Зиянды әдет еліктірсе,

Айналып өт қасынан.


6-Диана. Адам болу ел болудың жолы да,

Оңай емес, ойлау керек оны да.

Ел қатарлы тірлік етіп кем болмау,

Бақыт құсын қондыру да қолыңда.

Сондықтан да салауаттылық сабағын

Шығарма естен басқан сайын әр адым.

Жаман әдет жуымасан жаныңа,

Табиғатта таза ұлы бол дананың.

7-Гүлназ: Жалқаулықтың жан күтімі

Екі қолды ұстайды.

Темекінің көк түтіні

Екі өкіпені ыстайды

8-Аружан:

Әркім-ақ шарап ішсе мас болады,

Іштегі барлық сыры паш болады.

Білімді ішсе наданның кейпін киіп,

Надан ішсе жасайды масқараны.


Ей құлқынның құлдары, тыңда ақылды,

Өсиеті дананың біл нақылды.

Адамға тән қасиет ішсе тынар,

Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар.

8-Сабина. Арманыңа жетем десең....

Өз еркіңе тоқтау салып, спортпен шұғылдан

Ей,ұрпағым,есіңді жи,азбаңдар,

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтпай

Салауатты өмір салтын сақтаңдар

Болашаққа нық қадам басыңдар!

Алтынай: Рахмет, достар! Ендігі аялдамамызға келмес бұрын, Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек екендігін көрсеткен болатын.

Батырхан:

  1. Темекі шегуді тоқтату.

  2. Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес.

  3. Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес.

Алтынай: Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қашанда салауатты өмір салтын уағыздайды. Жақсы тұрмыс, уайымсыз өмір, ұзақ ғұмыр, жан мен тәннің саулығы-салауаттылықтың негізі. Халымыз «Біріншы байлық-денсаулық» деп тегін айтпаған. Адам денсаулының жақсаруы салауатты өмір сүрумен байланысты.

Батырхан: Келесі кезекте «Уланбасын өмірің» бөліміне өтеміз. Енді назарларыңызға зиянды әдеттердің алдын алу шараларын дәріптейтін көріністі ұсынамыз.

Алтынай: Шыңдал шабыт, өлеңді бір шыңдайық.

Біреу бүгін жатыр демек сыр жайып.

Насыбай бар, темекі мен арақтың

Бір өзара әңгімесін тыңдайық.

С.Лаура. Арақ:

Сәлем, достар!

Аманбысың, Темекіжан, шоқ түтін,

Өкпелерге өкпелеген көк түтін.

Зияндысы адамның ми, басына-ай,

Аманбысың, аса сасық Насыбай.

Меруерт. Темекі:

Сәлем, достым!

Аманбысың, пайдасы жоқ қарағым,

Жамандыққа сен қашанда жарадың.

Шайтандарға бас идірген талайды,

Мәртебесіз, аса арсыз арағым.

М.Лаура. Насыбай:

Сәлем, достар!

Көк түтін мен аса арсыз арағым,

Жамандыққа жұмысшы боп жарадым.

Насыбайдан, сасығаннан бір сәулем,

Тұрғынымын Науқас деген қаланың.

Меруерт. Темекі:

Ал, Арақжан, қызметіңіз қалайша,

Жұмысыңда бол ма өзі бәрі ойша?

С.Лаура. Арақ:

Пайдасы жоқ, зияны көп алыппын.

Бір шетін де көрсетпеймін жарықтың.

Мұсылманның миын жеген хараммын,

Деп айта алмай «Қызметімнен жалықтым».

Таңырқаймын бұл ісіне әлбетте

Мұсылман боп мені сүйген халықтың.

Жайым менің, міне бүгін осылай,

Сендер қалай, Темекі мен Насыбай?

Меруерт. Темекі:

Менің дағы жайым бүгін тамаша,

Дәл маған да түсер емес араша.

Мұсылман жан менен әсте қашпаған,

Зияндықтың менен басын бастаған.

Арақ, сендей шайтан деген елденмін,

Адамдардың денсаулығын ластаған.

Иә,менің зияндығым аз амас,

Менімен дос пенделерің мәз емес.

М.Лаура. Насыбай:

Халім менің сендер сынды тамаша,

Өздеріңдей маған да жоқ араша.

Жаламен мен амалдарын асырған,

Қаруымке сендер сынды шайтанның,

Зиянкеспін жаратылған жасылдан.


Шығу тегін тышқан деген қарадан,

Мекен жайым Ластық деген қалдан.

Міндетін-тек денсаулықты кірлеру,

Бұл өмірде маған мұқтаж сан адам...

Иззат. -Әй, не айтып жатырсыңдар, мен адам өмірін қорғаушымен, мұндай жаман әдеттерден сақ болайық.(Оларды сыныптан қуып шығады).

Зейнап: О,жаратқан, жаратқан,

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды үшеуін.

Қандай пәле таратқан?!

О,адамдар,санаң бар,

Үш пәлеге қараңдар.

Үшеуі де үлкен жау

Бүкіл әлем алаңдар!

Үшеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!


Алтынай: Ендігі кезекте осы аталған зиянды заттардың адам ағзасына қандай зиян келіретіндігі жайлы бейнебаян тамашаласақ , экранға назар аударамыз. (зиянды заттар, видео)

Батырхан: -Достар, сендер мұндай жаман әдеттерден аулақ болыңдар. Егеменді еліміздің болашақ азаматтары біздерміз. Таза ауада спортпен шұғылданайық, Лондон олимпиадасынан жеңіспен оралған спортшыларымыз сияқты егеменді еліміздің жалауын биікке көтеретін азаматтар болып өсейік.

Шынығайық, шыңдалайық,

Күнделікті жаттығулар жасап,

Шымыр болайық. (Жаттығу жасау жайлы ролик).

Алтынай: Келесі бөліміміз «Ән көңілдің ажары». Көңіліміз көтеріліп бір қалғанда, әнге құмарта түсеміз. Жақсы ән де жан азығы. Ендеше сіздерге сыныбымыздың әншісі Жолдас Нұртілеу «Жан досым» әнін орындайды.


Батырхан: Мақал-мәтелдер -сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де. Келесі бөліміміз «Тапқыр болсаң, тауып көр!» деп аталады. Біздің достарымыз мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді қаншалықты біледі екен? Ендеше, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып көріңдерші!

Мейрамбек: Ішпеген, шылым шекпеген

(Жасайды жылдар көптеген).


Нұрсұлтан: Ұзартың келсе ғұмырды,

(Таста арақ пен шылымды).

Зейнап: Темекінің кермегі-

(Еріккеннің ермегі).

Гүлмира: Шарап, арақ ішіңе көшеді,

(Ақыл шөлмек ішіне түседі).

С.Лаура: Жабылды шарабыңды ішарде,

(Бәле төнсе жоқ араша түсерге).

Эльман: «Дені сау адам-(табиғаттың құнды байлығы»)

Сабина: Ауру астан-(дау қарындастан)

Дубин: Денсаулық-(терең байлық)

Диана. Аурудың жақсысы жоқ,

(Дәрінің тәттісі жоқ).


Алтынай: Маскүнемдік туралы ғұламалар не дейді? Осы жайында достарымыздың жаттап келген нақыл сөздерін тыңдап көрейік.

  1. Мас болу - өз еркімен жындану деген сөз.(Аристотель)-Гүлмира

  2. Спиртті ішімдіктер адамды айуан,аң етіп жибереді.-Элман

  3. Бұзықтықтың көбі мастықтан болады.(Ф.Достоевский)-Зейнап

  4. Маскүнемдік - ақылдан ажыратуга жаттығу деген сөз.(Пифагор)

  5. -Сабина

  6. Маскүнемдік -өз еркімен ақылдан алжасу деген сөз.(Сенека)-Зейнап

  7. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» (А.Шопенгауэр)-Нұртілеу

  8. «Дене құрлысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз-тағам мен сусынды талғау,дәрет тәртібін мұқияттау,киім мен ауа тазалығын сақтау,дене мен рух бірлестігін естен шығармау,ұйқы тәртібін бұзбау» (Ибн Сина)-Гүлмира


Батырхан: Кейбір мектеп жасындағы балалардың темекі шеге бастағандығы және ол әдетімен мақтанатындар да табылады.Оны пайдалы деп есептейтіндер де бар.Мына бір көрініс бізге осы сұрақтың жауабын беретін сияқты. Шылым шегудің пайдасы.

Жас бала дана қартқа жолығыпты.

-Ата мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?

-Шылым шегудің үш түрлі пайдасы бар балам. Біріншіден шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.

-Қалайша?

Себебі олар қартайып үлгермейді.Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді, балам. Екіншіден олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.

-Қалайша?

-Себебі, балам шылым шегетін адамдардың өкпелері таза болмайды да, күндіз-түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көк жөтелін естіп үйге жақындай алмайды.

Үшіншіден,шылым шегетін адамды ешқашан ит қаппайды?

-Себебі олар өте ерте мүгедек болып қалады да таяққа сүйеніп жүреді.Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма,айналайын?!

Ақсақал кулана жымиып қойды.Ал бала ойланып қалады.


Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамызға мекткбіміздің медицина қызметкері Жақсыбаева Жұлдыз апай қатысып отыр. Ендеше, қорытынды сөзді арнайы маманға берсек.

Жеке бас гигиенасын сақтау

Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру

Дұрыс тамақтану

Салауатты өмір салтының ұстанымдары

Зиянды әрекеттерден ауақ болу

Спортпен шұғылдану

Қоршаған ортаның тазалығы

Тиімді демалыс

Жанжалдардың,ұрысты алдын алу

Зиянды әдеттерден аулақ болу



Әлеуметтік тұрмысты жақсарту,күйзелісті болдырмау

Бос уақытты тиімді пайдалану

Денсаулық сақтау, нығайту, спортпен шұғылдану

Сапалық тамақтану,жеке бас гигиенасы сақтау

Салауатты өмір салты



Ішімдік

Темекі

Есірткі

Зиянды әдеттер





Қызық көрушілік пен еліктеушілікпен пайда болады.

Ашуланшақ тез ренжиді, зейіні нашарлайды,есте сақтау қабілеті төмендейді,ұйқысы бұзылады.

Темекі

Темекі шегушіліктің алдын алу және шектеу туралы заң -Қоғамдық орындарда

-Қоғамдық көліктерде

-Жасы 18-ге иолмаған жасөспірімдерге темекі өнімін сатуға

-Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға тыйым салынады.

Жүрек,асқазан,өкпе мүшелері зақымданады.





Никотин,шайыр,күйе.



Иіскеу,шегу,ішке қабылдау,тері астына,тамырға енгізу.

Миы зақымдалады, шалықтайды,сандырақтайды,қорқыныш пайда болады.Қан қысымы жоғарлайды,қолы дірілдейді, жүрек соғысы жиілейді.

Отбасына,зорлық-зомбылыққа,қарақшылыққа,жол апатына т.б.

Емделу үшін 3-4 айдан 2жылға дейін уақыт керек.

Гашиш, героин, наша, кокаин, апиын, марихуана

Есірткі

Қызметінен,отбасынан алшақтайды,жақын адамдармен қарым-қатынасы бұзылады.Кекшіл,қатыгез адамға айналады.

Ішімдік

Қылмысқа,зорлық-зомбылық,ұрлыққа,қарақшылыққа,жол апатына т.б.

-Өзіннің бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмау

-Ішімдіктің денсаулыққа зиянды әсерін білмеуі

-Тұқымқуалаушылық

-Өзін-өзі бағаламау

Денсаулығы нашарлайды,азғаның әрбір мүшесі зақымданады.



Дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі орындау

Бос уақытын дұрыс ұйымдастыту

Зиянды заттардың алдын алу

Өзін-өзі сыйлау,жауапкершілік сезімінің жоғары болуы

Тиімді, құнарлы тамақтану

Салауатты өмір салтын ұстану

Спортпен шұғылдану



Мұғалім: «Бақытым да, байлығым да денсаулық» атты тәрбие сағатымыздың соңына да келіп жеттік. Міне, біз зиянды заттардың ағзаға қандай әсері бар екенін ұғып алдық. Өздерің де байқап отырған боларсыңдар, зиянды әдеттерге әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады.

Әр адам өз денсаулығын сақтай жүруі керек. Өйткені денсаулық біздің ең қымбат дүниеміз ғой. Денсаулықты сақтау үшін спортпен шұғылданып, денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болуларың керек.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Дамыған елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

Тәрбие сағатымызға атсалысып қатысқандарыңызға өте ризамыз. Міне, біз бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал