7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік!

Тәрбие сағаты Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік! Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты:оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру;жол белгілерін толық үйрету мақсатында жұмыстар жүргізу, Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды жолда жүру ережесін мұқият сақтауға көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп,сақтыққа тәрбиелеу;Отанын сүйіп қорғай білуге тәрбиелеу; Дамытушылық мақсаты:есту,көру арқылы өз бетінше логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Көрнекілігі:бағдаршам макеті,жол қауіпсіздігі туралы суреттер,нақыл сөздер,т.б Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды үш топқа бөлінеміз. Түстерін ажырату арқылы «ҚЫЗЫЛДАР», «САРЫЛАР», «ЖАСЫЛДАР» -Ой қозғау -Үш түс ненің белгісін білдіреді?-Бағдаршамның.Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы неге байланысты өтеді деп ойлайсыңдар. «Көшеде жүру тәртібіне» --Ендеше КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

тротуар

жаяу жүргінші жол белгілері

көліктер КЖТ

бағдаршам инспектор

Дұрыс,балалар бүгінгі сабағымыздың Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік!» Ұраны: «Ұлы сөзді тыңдаймыз,жол тәртібін саөтаймыз!» Мұғалім:Біздің елімізде әртүрлі көліктер жылдан жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен жолаушы адамдардың саны да көбейіп келеді.Жол көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде.Сондықтан да жүргізуші мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпке және мұқият болуы қажет.Жол көлік оқиғаларының зардабын балалар тартады.Оның себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін нашар біледі.Міне осы мақсатта біздің сыныбымызда да «Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік!»ашық тәрбиелік шараны өткізбекшіміз. Жұмбақ: Жоқ өзінде бас та,ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам) «Бағдаршам-жол атасы» Бағдаршам туралы не білеміз?Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. - Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды. Мадина: Бағдаршам жанса қызыл боп, Өтуге жолдан болмайды Егер ол жанса жасыл боп, Өтсін дер сені қолдайды Әрбір жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлықпен жүріп түруы тиіс Санжар:Мен білемін бәрін мен деме, Отырған жоқсын бөлмеде. Машина өтіп кеткесін, Жолаушы алға беттесін, Ұшқалақ болма,ұрыншақ Ойлалық соны ұғынсақ, Машина өтіп кеткесін Балақай алға беттесін. Жазира:Көшеде бағдаршам болмаса, Кісі жоқ өзіңе жол сілтер Кідірме абыржып онда аса, Сенгейсің өзіңнің көзіңе. Көшеден ортаға жеткенше, Әуелі көз сал сол жаққа Балақай ортадан өткен соң. Мойныңды сал сол жақтан оң жаққа Мұғалім: Сонымен қатар қосымша толықтыратын оқушылардың мәліметтерін тыңдалады. (Нұржан,Рамазан,Инаят) Викториналық сұрақтар 1.Жаяу жүргінші жолдан қалай жүріп тұруы тиіс? (Жиек жолдың оң жақ шетімен) 2.Қандай көліктің түрлеріне қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?(жедел жәрдем,өрт сөндіру,полиция) 3.Велосипедке неше жастан жүруге рұқсат етіледі?(14-жастан) 4.Жолаушы таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтеді?(аялдамадан) 5.Жол көлік оқиғасына ұшыраған адамдар қандай әрекет жасайды? (жедел жәрдем шақырып,полиция шақырады,номерін жазып алады.) 6. «Тротуар»деген сөз нені білдіреді ? 7.Көшеден,жолдан қай жерде өтуге болады?(жаяулар өтпесінен ) 8.Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді?(тыйым салу,міндеттеу белгісі,ескерту белгісі,көрсеткіш белгісі) 9.Бағдаршамның сигналдары қалай орналасқан? (қызыл,сары,жасыл) Мұғалім:Олай болса «Жол белгілеріне»тоқталсақ Инаят: Біз жол белгілеріне байланысты да көптеген мағлұматтар алдық.Өзіміздің бағымызды сынап көрсек қайтеді?(жол белгілері көрсетіледі соны әңгімелеу) Эльдар:Ауылдық жерлерде жиек жол жоқ.Ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан машинаға қарама-қарсы жүру керек Алмат: Жүргізуші осы белгілерге қарап жолында тосқауылдар бар жоқтығын барар жерге жету үшін қанша шақырам қалды деген сияқты көп нәрселерді біліп хабардар болып отырады.Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді. (Тыйым салу,міндеттеу белгісі,ескерту белгісі,көрсеткіш белгісі) - Ескерту белгісі (Суретін көрсетеді)

Нұржан:

Қып - қызыл үш бұрыш ескерту белгісі

"Қауіптен сақ бол" деп сәт сапар жолдаған

Аман сау жүреді жаяу да көлік те

Ескерту белгіні сақтаған, қолдаған

Арман:

- Тыйым салу белгісі (Суретін көрсетеді)

Қызылмен боялған шеңбері аумақты

Тыйымшыл, қатал ол салмақты

Бұл тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге

Қауіп бар бағдарла көз салып жан - жақты

Сұлтан:

- Анықтама белгісі (Суретін көрсетеді)

Белгі ол көрсетер жылдамдық бағытты

Міндетті бұрылыс әйтпесе қауіпті

Барлығын анықтап тұрады жолыңда

Абай бол шартымды міндетті орында

- Нұсқау белгісі Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын

Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрады.

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым «Жұмбақтар шешу» 1.Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған Өміріңді күзеткен, 2.Ысқырықпен түзеткен (милиционер) Көше бойлап аяндайды, Адам тасып аялдайды (автобус) 3.Екі аяқты,бір басты Жүгіреді тым қатты (велосипед) Сергіту сәті:Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру) Сары көзін жағады. (қол шапалақтау) Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру.) Сабақта аталған ойды қорыта келе,қалған оқушыларға да сөз берелік Ерхан:Машинаға қабысып,

Сырғанама жабысып.

Бір жеріңді жаралап,

Майып болып қаласың.

Кімге кінә тағасың, Ата менен анаңды,

Сергелдеңге саласың.

Әсем:Қауіппенен ойнама,

Өтемін деп ойлама.

Шыққаныңда көшеге,

Еріп әке - шешеңе,

Көңілді қой сызыққа.

Сабрина:Үлкен - кіші қала бар.

Ой жүгіртіп қарап ал,

Көше заңы тым қатал

Сақ болыңдар балалар!

Гүлжаз:Үлкен жолдың үстінде,

Әмірші де, күшті де.

Бағдаршам екенін,

Есте сақта достарым!

Бұл сақшының үш көзді

Үш көзден, ұқ үш сөзді

Ашса бұл, дәу үш көзін

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Топырлама таласып.

Бәрі: - Ұлы сөзді тыңдаймыз

Жол тәртібін сақтаймыз!

Қорытындылау















































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал