7


  • Учителю
  • Сынып сағаты Елімен бірге Елбасы

Сынып сағаты Елімен бірге Елбасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: «Елімен бірге Елбасы»

Мақсаты:Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Әдісі: баяндау, топтық жұмыс, постер қорғау

Түрі: Саяхат сабағы

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді, слайдтар, үнтаспа.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Топқа бөлу

ІІІ. «Сергіту сәті»

IV. «Ой түрткі»

V. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы оқушыларға қысқаша мағлұмат беру;

V І. Елбасына арналған өлең шумақтары

V ІІ Топтық жұмыс (Елбасы туралы бірер ой)

VIII Шығармашылық жұмыс

ІХ Кері байланыс

Оқушылармен амандасып, сыныпты топқа бөлу

5 топқа бөліп, отырғызу

«Ой түрткі»:

1. Отан дегеніміз не?

2. Біздің Отанымыз

3. Қазақстан Республикасының тілі қандай тіл?

4. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?



Құрметті балалар! Бүгінгі «Елімен бірге Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке - шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын - туыс түрлі есімдерді тұс - тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? (оқушылардан жауап)

Өйткені 1991 жылы 1 - желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98, 7 басым дауыспен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.



Лебізі шәкірттердің аса мәнді,

Арналса әр адамға ол да сәнді.

Шәкірттерім арнамақ жылы лебіз,

Ел басына тани білген әрбір жанды

(10 оқушыға тақпақтар айтқызу)

Топтық жұмыс



- Ал елбасымыздың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер? (Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады)

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 - шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата - анасын құрмет тұтты. Ұшқыш болуды армандады. Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді елбасының туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне назар аударайық (үзінді).

Отбасылық жағдайы (слайд)

Жұбайы - Сара Алпысқызы. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар:

Дариға - саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ «Хабар»ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Динара - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.

Әлия - «Элитстрой» құрылысын басқарады.

Елбасымыздың қызмет жолы: (слайд)

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1969 - 1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1999 жылы қаңтардың 10 - ында өткен жалпы халықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 79, 78% дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта

сайланды.

2005 жылы желтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91, 5 % дауыс алып,Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2015 жылы cәуірдің 26 - ынде сайлаушылардың 95, 22 % дауыс алып,

Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.



Елбасының лауазымдық мәртебесі: (слайд)

• Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы

• Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы

• Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы

• Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің төрағасы

• Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының төрағасы

• Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы

• «Нұр Отан» халықтық - демократиялық партиясының төрағасы

Сергіту сәті

Оқушылардың өлең шумақтарынан үзінді

Оқушы Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен - тәуелсізбін, азатпын.



Елбасы - туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам.. Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол - табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу.

Топтық жұмыс

1, 2 - топ: Елбасына арнап құттықтау хатын жазу

3, 4 - топ: Елбасына арнап өлең шығару

5 - топ: Елбасына арнап құттықтау хатын жасау

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Кері байланыс 1 сурет, 3 сөзбен



Қорытынды бөлім:

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.

"... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы - бергідегі қазақ баласының бірді - бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты - толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат - қабілетімді, білім - білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын..."

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

























































































«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі» ММ

















7«Б» сынып











Мұғалімі: Нурманова Ж.С.











Қостанай қ.

2015-2016 о.ж.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал