7


  • Учителю
  • 'Желтоқсан оқиғасы' ашық сабақ

'Желтоқсан оқиғасы' ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен өмірден өткендіктерін жете ұғындыру оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

Міндеті: Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып,"Желтоқсан" қозғалысының саяси орнын анықтау, оқушыларды өз елін, жерін, отанын сүюуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреті, шарлар.

Жүру барысы:

Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар,оқушылар !Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналналған «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Венера:

Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тіліммен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен.

Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.

Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге, қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Ұлы аманат етейін еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін жер кіндікте

Аңсаймын мен сенемін туады ертең,

«Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті.

Екі жарым ғасыр бойы бодандықтың бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Бүгінгі сабақ Желтоқсан оқиғасына арналады.

Желтоқсан құрбандарын 1 минут еске алайық.

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.

27 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Желтоқсан құрбандарының өмірбаяны мен таныс болыңыздар.

Қайрат Рысқұлбеков

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13- наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, «Бiрлiк» ауылында дүниге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегi Новотроицк (қазiргi Төле би) селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыған. 1983 жылы Киров атындағы орта мектептi бiтiрiп, ауылында жұмысшы болып iстейдi. Ал, 1984 - 1986 жылдары әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтады. 1986 жылы №33635 әскери бөлiмшесiнiң кепiлдiгiмен Алматы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседi. Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқаны үшiн Совицкийді өлбірдің деп жазықсыз жала жабылып, өлiм жазасына кесiледi. Кейiннен бұл жаза 20 жылдық кесiмге ауыстырылды. Қайраттың хаты: Бақ түссе- маңдайымнан, тас түссе-талайымнан, көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр.Әнеукүнгі кездесуде менің «приговорымды» алдыңдар ма? Талғаттың суретін неғып тастап кетпедіңдер. Ақша салып кеттіңдер ме? Келесіде Талғаттың, Рахат пен Асхаттың суреттері болса, ала келіңдер. Кездесуге кірер алдында, бір тал роза гүлін ала келіңдерші.Скоро мейрам ғой. Жазмыштан озымыш жоқ. Барлық таныстарға, туыстарға, достарға менен сәлем. Беттеріңнен сүйдім. Сәлеммен Қайрат.1988 жылы Қайраттың камерасынан оның өлi денесi табылғанымен, құпия қазаның арты ашылмады. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке елiмiздiң ең жоғары наградасы - «Халық Қаһарманы» атағы берiлдi.

Ләззат Асанова

Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Жаркент ауданы Айдаралы ауылында дүниеге келді.. -25.12.86 қайтыс болды , Алматы) - Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында "Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!" деген ұранмен шықты. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы

қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемл. қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Ақиқат. жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән ("Қаһарман қыз - Ләззат қыз". Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі - Абдрахман Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді.Ләззатқа екі мәрте1996 жылы және 2004 жылы «Халық қаһарманы »атағы берілді.

Ербол Сыпатаев Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының еңбекші ауылы - 23.12.1986 ж. Алматы) - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды.

Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова

Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова «Ел атын ер шығарады» деген. Қыз бала болса да ерге лайық қайрат көрсетіп, он алты жасында қыршын кеткен Сәбира Мұхамеджанованың есімі ел жадында.

26желтоқсанкүні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің арнамысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден 1-курс студенті Сабира Мұқанбетжанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді. Желтоқсан жылнамасында ол туралы: «1970 жылы туған, Өскемен педагогикалық училищесінің студенті. Желтоқсанның 21-22 күндері Өскеменде болған наразылық шараларына қатысып, 26 желтоқсан күні мерт болды» деп жазылған. Облыстық «Дидар», «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерін-де оны «Халық қаһарманы» атағына ұсыну мәселесі де көтерілді. Сол қаһармандардың бірі және бірегейі Сәбира Есімбекқызының қамшының сабындай ғана қысқа да, нұсқа ғұмыры Ақмектеп ауылынан басталып, Өскеменде үзілді.

Мұғалім:Құрметті оқушылар! Дүниені дүр сілкіндірген,

16 - желтоқсан. Бұл ерлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Генадий Васильевич Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.

Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.

«Желтоқсан жаңғырығы » атты көрініс.(Сахнаға екі студент шығады, бірі - жігіт, бірі - қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар.)

Алишер: Рүстем, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.

Рүстем: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?

Алишер: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.

Рүстем: Неге? Неліктен?

Венера: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.

Алишер: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік.Тез барайық!

Мұғалім: Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз - жігіттер «контреволюционер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.

Көрініс:Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Әр халыққа өзінің көсемі керек», «Қазақстан - қазақтардікі», деген транспоранттар бар.

Оларға Алишер пен Венера келіп қосылды.

Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа: Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды?

Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жағдайды.

Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

Дауыс: Талап - тілекті айтамыз, шықсын ортаға басшылар!

Осы кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылды. Жастар теңселіп тұрып бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды. Милиция: Тараңдар! Тараңдар , әйтпесе, күш қолданамыз. (Сойылмен соғу, айқай-шу , итермелеп сахнадан шығарады.) Милиция сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйледі. - Әй туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға. Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып қалады.

Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.

Ортаға басын дәкемен ораған Қайрат шығады.

Қайрат: Күнәдан таза арым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты - құрбандық,

Атам десең атыңдар!

Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.

Денис:

Кінәлі ме, ақын Қайрат, ер Қайрат,

Ауа жетпей атып шыққан алаңға.

Қылғындырған қиянатқа көнбеді ол

Тапталғысы келмеді оның табанға.

Әсте естен шығармайды жыр мұңы,

Айтады ылғи домбыраның күмбірі.

Аты аталса күрсіндірер жылатып,

Желтоқсандық азамат пен құрбыны.

Жатыр бүгін Мойынқұмның бауырында

Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.

Айналайын, ағайындар ақ жүрек,

Жолың түссе, басына бар, тағзым ет

Міне,осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, ЛяззатАсанова, Ербол Сыпатаевтың рухына тағзым етіп, еске алу - ұлттық парызымыз. Біздің бүгінгі бақытты күндерімізге жеткізген, желтоқсанның ызғарына кеудесін тосқан, дүниені дүр сілкіндіріп бостандық туын желбіреткен Желтоқсан құрбандарының есімдері ешқашан ұмытылмайды.

Бауржан: Қазақстан!

Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын

Алтын заңың құтты болсын қымбаттым

Туған күнің құтты болсын алыбым!

Армандарды жақындатқан тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік ел бақыты ертеңі

О, халайық құтты болсын қуаныш.

Мұғалім: Міне, оқушылар өздерің айтып отырғандай осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 22 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 20 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді.

Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал