7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара 'Сөзмерген сайысы'

Сыныптан тыс шара 'Сөзмерген сайысы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: «Сөз мерген» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың тапқырлығын, өз ойларын тез, ұтымды жеткізу, ойлау қабілетін

арттыру.
Тіл шеберлігін арттыру. Адамгершілік тәрбиесін беру. Өз Отанымызды құрмет тұтуға, тілімізді, дінімізді жандандыруға үлес қосуға, ұмыт болып бара жатқан көне дәстүрімізді қалыпқа келтіруге үлес қосуға тәрбиелеу.
Қабілеттілік пен белсенділікті, танымдық қиыншылықты жеңе білуге тырысу.
Түрі: білімді тексеру.
Көрнекі құралдары: Сандықша, сабақ кезеңдеріне жазбаша сөздер, тұрақты сөз тіркестері, шарлар.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Топтармен жұмыс жүргізу.
Сыныпты үш топқа бөлемін.Үш топтың ішінен қайсы топ ойыншылары ойынды бастайтындарын, мақалдың жалғасын таптыру арқылы белгілеп алу.
I кезең Мақал - мәтелдер
1. Байлық- мұзға жазылған сөз,
Білім- тасқа жазылған сөз.
2. Ер жігіттің екі сөйлегені- өлгені,
Еменнің иілгені- сынғаны.
3. Әкең -асыл қазынаң, аға- інің- асқар тауың,
Ал, досың- әрі асқар тауың, әрі қазынаң.
4. Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
5. Денің сау болса, жарлымын деме,
Жолдасын көп болса, жалғызбын деме.
6. Сөз қуған пәлеге жолығады,
Шаруа қуған олжаға жолығады.
7. Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының ісі сүйкімді.
8. Білімді өлмес- қағазда аты қалар,
Ұста өлмес - істеген заты қалар.
9. Досы көппен сыйлас,
Досы жоқпен сырлас.
10. Білім берген мұғалім-
Өмірдегі зор ғалым.
11. Сөз қадірін білмеген
Өз қадірін білмейді.
12. Мектеп- білім ордасы,
Ұстаз- мектеп тұлғасы.
13. Жалғыз ағаш- орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.
14.Тіземнен сүріндірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме.
15. Жақсы қыз- жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт- аспандағы жұлдыз.Оқушыларға әріптер таратылады. Содан кейін сұрақтар қойылады.Қойылған сұрақтарға әр оқушы қолындағы әріптен басталатын жауап қайтару.
Сұрақтар:
1.Сенің есімің кім?
2.Мектепке қандай мақсатпен келесің?
3.Отаныңды қалай қорғайсың?
4.Ата- анаңның нешінші перзентісің?
5.Қазір нешінші сыныпта оқып жүрсің?
6.Сыныпта нешінші қатарда, кіммен отырасың?
7.Арманың не?
8.Өмірде не тәтті?
9.Дос дегенді қалай түсінесің?
10.Қай пәнді ұнатасың?
11.Ақшаңды жоғалтып алдың, анаңа не деп себебін түсіндіресің?
12.Достарың көп пе?
13.Сабаққа уақытымен дайындаласың ба?
14.Анаң ұрысқанда не деп жауап бересің?
15.Қандай мамандықты жақсы көресің?
16.Өмірде не жаман?
17.Сабақтан кешігіп қалсан не істейсің?
18.Досыңның аты кім?
19.Өмірдегі қиыншылық не?
20.Қатты қуанғанда не жасайсын
Мықты болсаң тауып көр
II кезең
Тұрақты сөз тіркестері
Әр ұяшықта сөз тіркестері бар. Сол сөз тіркестерін дұрыс тапса, оқушылар өз ұпай сандарына ие болады.
1.Бармағын шайнау- өкіну
2.Ит арқасы қиянда- алыс
3.Жұлдызы қарсы- араз
4.Мысы құру- амал жоқ
5.Көзді ашып - жұмғанша -тез, лез.
6.Сабасына түсу- ашуы тарқау
7.Ат ізін салмау- хабарласпау
8.Жағасын ұстау- таңдану
9.Қалпақтай ұшу- құлап түсу
10.Сілтідей тыну- тым-тырыс болу
11.Мұртын балта шаппау- дүниесі түгел
12.Сағы сыну- беті қайту
13.Сөзінің жаны бар- айтқаны дұрыс
14.Іш тарту - жақын тұту
15.Қолды болу - ұрлану
16.Сіркесі су көтермейді - ештеңені көңілі жақтырмайды
III.кезең
Сөз тапқанға қолқа жоқ
І топ
«Қарындас» деген сөзге берілген уақыт ішінде сөз құрап үлгеру.
Қар, дар, ас, нар, қас, аса, ық, рас, нас, арсе, сын, қарын, ада, сақ, арақ, дарын, ала, ыс, ар, ары, сары, дала.
ІІтоп «Қыран»
«Тойбастар» деген сөзге сөз құрау
Той, бас, тар, ар, сот, тас, тор, тос, баста, ас, ой.
ІІІ топ «Тұлпар»
«Тоқылдақ» сөзге сөз құрау
Тоқы, дақ, оқы, тоқыма
Сабақты бекіту:
Сонымен; сайысымыз мәресіне жетті.
Сөзмергеннің қорамсағына салатын сөз бар ма?
Сабақты қортындылау.
Сөзмерген ойыны тапқыршылық пен ұшқырлықты талап етеді.
Жеңіске жеткен топты құттықтап сыйды тарту етеміз.
Ал, балалар, осындай ойлы ойындарға қатыса беріңдер.
Әрқашан жүлдесі сендерге,
Сөз халыққа болсын.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал