7


  • Учителю
  • Тақырыбы: «Көрікті ару-2016» байқауы. (1 класс)

Тақырыбы: «Көрікті ару-2016» байқауы. (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Көрікті ару-2016» байқауы.

Мақсаты: Көктем мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс жұмыста қыздарды әдептілікке, инабаттылыққа,сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс



Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім:-Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!

8 Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Қар астынан бәйшешек бой көтерген, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді.Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей төзімді. Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, жайнап жүре беріңіздер!

Бүгінгі «Көрікті ару-2016» байқауына қош келдіңіздер!

-Енді кезекте мен сіздерге байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.

1. Тегін білу, тектілік. (таныстыру)

2. Өнерліге өріс кең. (Өнер сайысы)

3. Сұрақ-жауап. (Пән бойынша)

4. Спорттық сайыс. (Қолдың көмегінсіз бір ыдыстағы конфетті екінші ыдысқа апару)

5. Сурет құрастыру.



Мұғалім:

Шалқытып мерекеге ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,

Әділ-қазы алқасымен танысайық.

(Әділ-қазы алқасымен таныстырамын)



Балғын жүзі албырап,

Қанатын жаңа қаққан.

Қарсы алайық аруларды,

Сайысқа дайын тұрған.



Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып,тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Бойға өнер жиған қыз,

Балауса қыз өнерлі.





Дария қыз білімді

Меңгерген бар ілімді.

Жаннұрдай қыз елгезек,

Алады тез тіліңді.

Камшаттай қыз-үлбіреп,

Қос жанарлы мөлдіреп.

Ақнұрдай қыз шығады,

Бұрымдары желбіреп.



Енді бірінші сайыс бойынша қыздар өздерін таныстырып өтеді.

1-кезең. «Тегін білген, тектілік»

Сайысымыздың екінші кезеңі бойынша аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады.



Сахнада биші емес құс сияқты,

Елестейді бір көрген түс сияқты.

Әжесінің ұршығындай үйірілген,

Жер шарын айналдырған күш сияқты.



Үшінші кезең бойынша арулар сұрақтар жазылған кеспе қағаздарды таңдап алып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Аптада неше күн бар?

  2. Қанша жыл мезгілі бар? Атап бер.

  3. Әкеңнің анасы саған кім болады?

  4. Мысық,сиыр,қыз, тал-қай ертегіден?

  5. Үй жануарларын,яғни төрт түлікті ата.

  6. Жуан дауысты дыбыстарды ата.

  7. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

  8. «Ана» туралы бір шумақ өлең жолын айтып бер.

  9. Қасқыр,түлкі,атасы,әжесі,қоян-бұл қай ертегінің кейіпкерлері?

  10. 9 мамыр қандай мереке?



Мұғалім: Жанетов мырзалының орындауында «Ару қыздар» әнін тамашалайық.



Байқауымыздың төртінші кезеңі спорттық сайыс. Қолдың көмегінсіз бір ыдыстағы конфетті ,екінші ыдысқа апару керек.

1 минут ішінде кім көп апарады?









Бесінші кезеңге де келіп жеттік. Әр аруға бір суреттен беріледі.

2 минут ішінде қай қыз тез әрі дұрыс құрастырады?



Мұғалім: Сөз әділ-қазы алқаларына тигенше мына бір оқиғаны айтып өтейін.

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен зор күнә істедім. Енді мен үшін тәуба ету мүмкін емес пе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар..........

  • Анаң бар ма?

  • Бар,-дейді әлгі адам.

  • Онда анаңа қызмет көрсет,- деген екен пайғамбар.

Олай болса аналарымызға арналған кішкене ғана қолдан жасаған бұйымдарымызды тарту етейік.

Ендігі кезекті әділ-қазыларға береміз.

Асыл да, ардақты аналар, көктемгі күннің көзіндей жылы, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің гүлін таққан шұғыла мерекесі 8-наурыз мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын.

«Көрікті ару-2016» байқауының жеңімпазын анықтадық, қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал