- Учителю
- Шуағы тарқамасын жер үстінің
Шуағы тарқамасын жер үстінің
Тақырып:Шуағы тарқамасын жер үстінің
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю , туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын ,туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Отан- Ана жылағанда шерленіп
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарайық деді де
Қолдарына қару алды ерленіп.
Міне, биылғы жыл Жеңісімізге 71 жыл толмақ. Сонда да болса біздің бостандығымыз бен бақытымыз үшін, ел үшін, жер үшін күрескен ардагерлеріміз мәңгі естен шықпас.
- Мемлекеттік әнұранымыз шырқалсың.
Мұғалім: "Жеңіс" деген жақсылықтың сынары
Жігер менен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы менен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
Балауса: Соғыс- қиратушы күш. барды жоқ ететін, жұпты тұл ететін қасірет, соғыста 70 миллион адам құрбан болса соның 20 миллионы Кеңестер Одағынан, ал 350 мыңнан астамы қазақ еді.
Жардем.Ия, Жеңіс күні- бұл еліміздің фашистік құлдықтан азат етілген күні.Бірақ 1941 жылы желтоқсанда Москва түбінде қар жамылған далада бір табан кейін шегінбей, жаудың бетін қайтарғандар үшін қандай алыс еді!
Ақтоты:Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин, Талғат Бигелдинов, Мұсабек Сеңгірбаев,
Әлия Модағұлова, Мәншүк Маметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов сияқты аңызға айналған ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымызды тарих бетіне "Батыр" деп жазып кетті.
Бақытжан:Соғыстың құны- кесілген білек
Соғыстың құны- тесілген жүрек
Соғыстың құны- лаулаған орман
Соғыстың құны- уланған арман
Соғыстың құны- өртенген аспан
Соғыстың құны- төгілген жас қан
Балауса:Шаттансың қыз тудым деп қазақ шаттан
Әлия Отанына болған мақтан
Бежиница маңында тұлғасы тұр
Дегендей: "Ерлікке аттан, еңбекке аттан!"
Бұл жермен сонау заман пушкин өткен
Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен
Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен
Казачиха дөңінде тұлғасы тұр
Дегендей: "Ерлікке аттан, Жеңіске аттан!"
Жібек:Әлия 1924ж Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ол ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді.Әлия ерекше ұстамды, зерек болып өсті. Жері, елі үшін өз еркінмен майданға аттанады.
Мұғалім: Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайрандаған
Ерліктің қос қанаты деп білемін
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді
-келесі кезекті әнге береміз "Әлия"
Мұғалім: 71 жыл бейбіт көктем таң атқалы
71 жыл шуақты күн таратты әнін
71 рет көктемде содан бері
Ашылды жеңіс күннің парақтары
Рамазан:Сойыпқыран солдаттары соғыстың
Ардагерлер атамекен айбыны
Сақтады олар елін-жерін, намысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік
Ардагерлерге, майдангерлерге
Барлық жерде басымызды иейік
Арнат::Біздің халық батыр халық ежелден
Ерлігімен, елдігімен танылған
Құртпақ болып бізге оғын кезенген
Кейбіреулер ақылынан жаңылған
Әділеттің жолында біз күресіп
Бүгінгідей ұлы күнге жеткенбіз
Мерейіміз сондықтан да тұр өсіп
Жеңіс туын көтереміз көкке біз
Жардем:30-сәуір, 14 сағат 25 минутта рейхстаг төбесіне ту тіккен сержанттар Егоров пен Кантария қатарында жас қазақ Р.Қошқарбаев та бар еді. 1945 жылы 8-мамырда Берлин маңындағы Карлехорст қаласында Германия қарулы күштер одақтастары алдында тізе бүгу жөніндегі актіге қол қойды. Рейхстаг үстінде біздің жеңіс туымыз желбіреді.
Медет:1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңестер Одағы 27 миллион адамның өмірін берді. Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық және мәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелген қасіреті. Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 71 жыл бұрынғы Жеңіс сонысымен қымбат.
Айдана:1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. Содан бері зымырап 71 жыл өте шықты.
Медет:Жігіт кетті майданға,
Тал бойында бес қару.
Айырылғанға арманда,
Қалды артында жас ару.
Жас жүрегі біртүрлі,
Алқымына тығылып.
Алғашында бір тұрды,
Қалам ба деп жығылып...
Жоқ! Жығылып қалмады,
Қайраттанды, ширады.
Аттанған соң алғаны,
От басына сыймады.
Көңілін тартып көп еңбек,
Кетті егіннің басына:
Күнде көмек берем деп,
Майдандағы досына...
Бақытжан: Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,
Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.
Біз күштіміз күштілердің бәрінен,
Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.
Біздер нағыз құдіретті елденбіз,
Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз.
Біз кешегі майдангерміз күйрете
Қаныпезер фашизмді жеңгенбіз.
Мұғалім: Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмектесті. ленинградты қорғаушылар 16 ай, яғни 900 күн қоршауда аштық азапқа шыдап, қаланы жау езгісінен сақтап қалды. бұл шайқаста А.Матросовтың ерлігін қайталаған батыр ұлымыз С. Баймағанбетов пен жалынды мерген қызымыз Әлия Молдағұлова да бар еді.
- көрініс сахнада анасы мен немересі әігімелесіп отырады,
немересі орнынан тұрып:\
Немересі: Айтшы ана, сонда сезіп пе ен
( Балауса) Қара бұлттың төнгенін?
Ұйтқи соққан дауылдан
Бақыт шамы сөнгенін
Естідің бе сонда сен
Нөсер үшін селдеткен
Үрейді алып өрекпін
Сұрапыл соғыс көлдеткен
Сан мың адам қан төккен
Ана жесір, бала жас
Жетімдіктен көрді өктем
Ана: Ия, сұмдықтың болатынын сезіп ем (Айдана)
Әлсіреді ел күшті дауыл тезінен
Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда
Бейбіт өмір болатынын бол жадым
Мұғалім: 18 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебірентпесін.
Ол өз туралы былай дейді:
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік
Отан- ана отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік
Мәншүк: Отан ана жылағанда шерленіп
(Ақтоты) Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те
Қолымызға қару алдық ерленіп
Әлия: "Отан" деген сөз көкейде жатталып
(Жібек) Зор айқасақа кеттік біздер аттанып
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым
Біз сендердей арман гүлін тақпадық
Мәншүк: Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз
(Ақтоты) Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз
Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар
Бізді қайта туды Отан, ел егіз
Екеуі: Жетсек деген арманымыз көп еді (Ақтоты, Жібек)
Айтылған жоқ махабаттың өлеңі
Бізді туған күнімізбен құттықтап
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз
Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз
Жанымызды құрбан еттік осылай
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз
Ана: Шығысымның қос шынары. ( Айдана)
Қос алауы, өздерің өмірден ерте кеткендерінмен, ерліктерін қалды.
Біз сендерді ұмытпаймыз. жер ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.
Мұғалім: Сарғая күткен ұлы күн!
Шұғыласын төккен күн
Бағына талай миллионның
Баянды күн, Жеңіс күн!
- кезек әнге беріледі