7


  • Учителю
  • классный час 'Жан қазынасы адамгершілік'

классный час 'Жан қазынасы адамгершілік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының жоспары
Сабақтың тақырыбы
"Жан қазынасы- адамгершілік негізі"
Мақсаты
Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік қасиеттерін шыңдау, әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу;
Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Күтілетін нәтижелерОқушылар бір-бірімен пікір алмасады, топта жұмыстанады, өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыланады.
Керекті жабдықтар, көрнекіліктер
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
3 мин
Сыныппен амандасу, түгендеу.
Тренинг:көршіміздің алақанына алақанымызды тигізіп, жақсы бір адамгершілік қасиетін айту(шеңбер бойымен жалғасады)
Топқа бөлу:тақтадағы смайликтерді әр оқушы өзінің көңіл-күйіне байланысты таңдап, түстер бойынша топқа бөліну.

Оқушылар тренингті орындайды, топқа бөлінеді.
Топтық ережелерді еске түсіреді.
Тұсаукесер

Тәрбие сағатын тақырыбымен және мақсатымен таныстыру;
"Толеранттылық" ұғымы туралы жалпы түсінік беру.
Қызығушылықты ояту:слайд бойынша ғалымдардың сөздерін қолданып, оқушылардың ойларын тыңдау.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:"Жан қазынасы - адамгершілік негізі".
Адамгершілік - адамның рухани арқауы.Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады."Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың"деп ертеде ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне жастайынан кірісіп, бала мінезіндегі кемшілігін дер кезінде түзеп, тәрбиелеп отыру керектігін , ересек кезінде кеш болатынын әрқашан айтып отырған.
Оқушылар слайд бойынша өз ойларын ортаға салады.
Негізгі бөлім
20мин
Әр топқа тапсырма:
1.Адамның жан қазынасын қалай түсінеміз?
2.Ата-ананың қадірі, ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінеміз?
3."Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен"
4."Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол.
"Көргені жақсы көшбастар",- демей ме, "халық айтса-қалып айтпас" - деген тағы бар, олай болса адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? 1-ші топтың пікірін тыңдалады.
"Жүректің түріп құлағын, ойланып тағы қарашы.Кімсің сен, қайда тұрағың? Енді қайда барасың?"-деп Омар Хайям жырлап өткендей ата-ананың қадірін, адам қасиеті туралы пікірді 2-ші топтан тыңдайық.
"Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" деп халық айтқандай, 4-ші топтың пікірін тыңдаймыз. Топ белгілі уақыттың ішінде ойланып, бірлесіп, талқылап, постерге түсіреді.



Топ мүшелері тапсырмаларды орындайды.


Әр топ өз постерлерін қорғайды.
Әр топтың жұмысы бойынша "екі жұлдыз,бір тілек"
Қорытынды

5 мин


2 мин Достық, махаббат, мәдениет, адамгершілік сөздеріне бесжолды өлең құрастыру (сто стратегиясы)
Бүгінгі біздің пікірталасымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды.Бі ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекекге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, сендердің пікірлеріңді ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық.
"Білгенге маржан" оқушыларға ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер беріледі:
-Ақиқат
-Мәдениет
-Руханият
-Ақыл
-Парасат
-Жүрек тәрбиесі
-Имани сезім
-Жан дүние
-Қасиет
-Халық көзқарасы
Оқушылар осы шарадан нені бойына сіңірді? не ұнады? сұрақтарына жауап беру арқылы кері байлныс парақтарын толтыру.
Рефлексиямен тәрбие сағатын аяқтау. Оқушылар топта ақылдасып, бесжолжы өлең құрастырады.

Берілген сөздерді қолданып ойларын қорытындылау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал