7


«Әдебиет көшбасшысы» сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысы: -Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде» тіл апталығы аясында өткелі тұрғ
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: «Әдебиет көшбасшысы» сайысы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысы:

  • Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Қазақстан болашағы - қазақ тілінде» тіл апталығы аясында өткелі тұрған әдебиет көшбасшысы сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз. 8а, 8ә, 8б, 8в, 9а, 9ә, 9б, 9в сынып оқушылары.

Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Құттымұратова Дина

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Муханова Іңкәр

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Тіркешов Ерболат

Сайыс ІІІ кезеңнен тұрады.

І кезең «Бәйге» ІІ кезең «Жалғастыр» ІІІ кезең «Жорға»

І кезең «Бәйге»

Бұл кезеңде жауап нақты тез болуы керек. Әр дұрыс жауапқа 10 - ұпай беріледі. 1. «Хикметтер» еңбегінің авторы кім? (Ахмет Йассауи) 2. «-Ей! -Кімсің? Тірісің бе? Аққуды неге атасың, арың барма? Бұл қай шығармадан алынған және бұл сөзді кім айтты? ( «Аққулар ұйықтағанда», Жылқышы ) 3. «Қалқаман - Мамыр» поэмасының авторы кім? (Шәкәрім Құдайбердіұлы) 4. «Қараш - қараш» оқиғасындағы Бақтығұлдың інісінің аты кім? (Тектіғұл) 5. Ахмет Йассауидің ұстазының аты кім? (Арыстанбаб) 6. «Егер тілім ертең болса құрымақ Мен дайынмын өлуге де бүгін - ақ » деген қай ақын екенін атаңыз. ( Расул Ғамзатов) 7. Поэзияның асқар шыңы кім ? Жырының басы Қарасазда басталған. ( Мұқағали Мақатаев ) 8.Жайлы қоныс, Жерұйық іздеуші жан кім? ( Асан қайғы ) 9. Өз туындысында Отырар халқының трагедиясын шебер суреттеген ақын. (Мұхтар Шаханов) 10. Табиғат көркін суреттеу не деп аталады? (Пейзаж) 11. Отан-туған жер тақырыбында мақал - мәтел айт. 12. Қазақтың төл лиро - эпостық жырын атаңыз. ( Қозы Көрпеш - Баян сұлу) 13. Алпамыстың сүйген жары кім? (Гүлбаршын) 14. «Қара қазан, сары бала, қамы үшін қылыш сермедік» деген кімнің өлеңі? ( Махамбет ) 15. Шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр - тұлғасын суреттеу не деп аталады? ( Портрет ) 16. Әдебиет қай тілден енген? ( Араб ) 17. Абайдың немере ақын інісі. ( Шәкәрім ) 18. «Менің атым - Қожа» хикаятын кім жазды? ( Бердібек Соқпақбаев ) 19. Шалқұйрық ат қай кейіпкердің аты еді? ( Ер Төстіктің ) 20. Үш арыс ( Сәкен, Бейімбет, Ілияс) 21. Абайдың неше қара сөзі бар? ( 45 ) 22. « Қыпшақ Сейітқұл » әңгімесін кім жазды? ( Ыбырай Алтынсарин ) 23. Екі немесе бірнеше адамның сөйлескен сөзі. ( Диалог) 24. Қазақ хрестоматиясын кім жазды? ( Ыбырай Алтынсарин )

ІІ кезең «Жалғастыр»

Өлеңнің бірінші жолдары оқылады. Сол өлеңді жалғастырып авторын айту керек. Дұрыс жауапқа -10 ұпай 1. Ау қызғыш құс, қызғыш құс. ( Махамбет )

2. Таулардан өзен ағар сарқыраған. ( Ыбырай Алтынсарин )

3. Өнер - білім бар жұрттар. ( Ыбырай Алтынсарин )

4. Әсемпаз болма әрнеге. ( Абай )

5. Ақ киімді денелі ақ сақалды. ( Абай )

6. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан. ( Абай )

7. Ғылым таппай мақтанба. ( Абай )

8. Жасымда ғылым бар деп ескермедім. ( Абай )

ІІІ кезең «Жорға»

Әр сұрақтың жауабы -10 ұпай. 1. Ұлттық аспап ( домбыра ) 2.Ең киелі құс ( аққу ) 3. Қасиетті тағам ( нан ) 4. Тамаша сөзінің синонимі ( керемет ) 5. «Алаш» партиясының жетекшісі ( Әлейхан Бөкейхан ) 6. «Бір адамға» өлеңін кім жазды? ( Сұлтанмахмұт Торайғыров ) 7. Қыс мезгілінің екінші айы. ( Қаңтар ) 8. Киіз үйдің төбесін қалай атайды? ( Шаңырақ ) 9. Тәуелсіздік күні ( 16 желтоқсан ) 10. Үйленген ұлға берілетін үлес ( енші ) 11. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесін кім жазды 12. Көшіп келген көршіге берілетін қонақасы 13. 100 жыл ( ғасыр ) 14. «Ескендір» поэмасын кім жазды? ( Абай )



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал