7


  • Учителю
  • классный час на тему 'Ұлы Отан соғысы сұрапыл күндеріне арналған кеш'

классный час на тему 'Ұлы Отан соғысы сұрапыл күндеріне арналған кеш'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы сұрапыл күндеріне арналған кеш

Мектепішілік іс-шара

Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы сұрапыл күндеріне арналған кеші

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Қазақ елінің өткен тарихы мен бүгінгі тарихын құрметтей білуге, Отанын қорғауға, елін, жерін құрметтеуге баулу.



«Алға қарыс бассаң бас,

Сүйем кейін шегінбе!

Әдет жоқ ондай тегінде!»

лейтенант Көшеков

Ән. Тёмная ночь

( Сахна соғыстың бейнесімен безендірілген. Оқушылар Рубаненко Алексей гитарамен Ізім Ербол домбырамен «Тёмная ночь» әнінің музыкасын тартып оттың жанында отырады. Оқушылар: Мақат, Альнаров, Сарсенбаев, Жолдыбаев, Байжума әнді орындайды. Сахнаның ортасынан қолына свеча ұстаған оқушылар сахнаға қарай көтеріледі, ән аяқталғанда ортаға жүргізушілер шығады.)

  • Вечер должен начаться несколько необычно, например, так:
    в темном зале слышен записанный на пленку звук метронома, на заднике поочередно высвечиваются две даты: 1945-2010 г. (Или другой год). Когда высвечивается первая дата звук метронома обрывается. Звучит «Приказ Верховного Главнокомандующего Красной Армии и Военно-Морского Флота. 9 мая 1945 года». На экране появляются кадры из хроникально-документального фильма. Из зала на сцену поочередно поднимаются ведущие, они внимательно вглядываются в кадры старой хроники. Кадр останавливается.

Ведущий 1: Поколение победителей. Поколение наших дедов. Вглядитесь в этих людей.

Ведущий 2: Это радость тех, кто четыре года, долгих четыре года войны мечтал об этом дне, шел к этому дню.

Ведущий 3: Вглядитесь в лица этих людей. Вернувшихся и ждавших. Это не только слезы радости, общей народной радости, это слезы утраты каждого, это скорбь народная...

Ведущий 4: О двадцати семи миллионах своих сыновей и дочерей скорбит народ в этот день.

10 секундный кадр

1-жүргізуші:



Армысыздар! Құрметті ұстаздар, офицер мырзалар, тәрбиеленушілер! Соғыс жылдарының қайғы - касіреті, оның жеңісі алыстағанымен, оған өз өмірлерін, денсаулығын қиғандар, Ұлы жеңіске барлық күшін салғандар әлі естен кетпес. 27 миллион солдаттар мен адамдар өз өмірін қиып, қымбат бағамен жеңіске жеткен.

Жеңіс күні - Ұлы күн! Ол - қайтқандарға ескерткіш, тірі қалғандарға - марапат. Біздің Отанымызбен , мені мен сені, Еуропаны аман алып қалған, Берлинді алғандардың - бұл мәңгілік өшпес даңқы.

Аға ұрпақтың ерлік даңқын ұмытпау және оған тағзым ету- біздің азаматтық парызымыз. Олай болса 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Хроника

Добрый день дорогие друзья!

Течет река времени, уже 71 лет минуло с того страшного дня, когда настежь распахнулись огромные двери войны. Много воды утекло с тех пор, заросли шрамы окопов, исчезли сажонных городов, выросли новые поколения, но в памяти человеческой 22 июня 1941 года осталось не просто как роковая дата, а как рубеж и начало отчета долгих 1418 дней и ночей!

1-жүргізуші: Хроника Катюша

И не зря про путь к Берлину пели-

Как он был нелегок и не скор,

Песни с ветеранами старели

Но в строю остались до сих пор.

Ән. Катюша. Оқушылар жауға аттанып бара жатқан сияқты парад құрып әнді орындайды. (Презентация Катюша)

Поэзия. Рақыш Ақжолтай домбырамен «Көңіл толқыны» күйін тартып отырады. 10 оқушы өлең оқиды.

Біздер жеңдік! 2,5 мин

1-оқушы

Біздер жеңдік! жоқ болып, жаралы боп.

Біз куандық алдымен қаралы боп

Қарсы тұрдық аждаһа алдында біз

Туған жердің аязы, бораны боп,

2-оқушы

Біздер жеңдік,намысты жібермедік.



Аждаһаны кезінде шідерледік.

Қорламасын дедік біз екінші рет,

Тыныш жатқан бір елді бір ел келіп.

3-оқушы

Біздер жеңдік қарумен, түренмен де,

Көгімізден қан тамды түнергенде,

Өзімізді запаста ұстадық Біз,

Әкемізді майданға жібергенде!!!

4-оқушы

Біздер жеңдік:анамыз ақтай солды,

Мамық төсек қайғыдан тақтай болды.

Майдансыз біз шайнаған бір түйір нан,

Кеудемізде қадалған оқтай болды!!!

5-оқушы

Болды!,.

Болды!..

Бәрін де білесіңдер,

Бұл Жеңісті әркім де үлесім дер.

...Аждаһалар тіріліп келе жатыр!

Сақтаныңдар, Адамдар!

Күресіндер!!!

6-оқушы.

Жасылмен бояп қойған ба?

Жап-жасыл таудың бөктері

Қырлар да, мынау ойлар да

Жап-жасыл болып көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

7-оқушы

Көп болды, жасыл тауларға,

Жап-жасыл бұлттар төккелі,



Әкелді шуақ бар маңға

Соғыстың соңғы көктемі.

8-оқушы

Соғыстың соңғы көктемі

Көп болды нұрын төккелі.

Жап-жасыл анау аспан да,

Аспан да, сірә көктеді.

9-оқушы

Бойына таудың асылып,

Шұғыла тұрды, көк меңі.

Қызғанып, гүлін жасырып,

Қылтанақтар да көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

10-оқушы

Жап-жасыл шыбық талдағы,

Орманның жасыл шекпені.

Қуанта, бірақ, алмады,

Сонау бір үйді шеттегі

Соғыстың соңғы көктемі....

1-жүргізуші: Хроника

Ужасы войны нельзя было пережить без веры в победу, надежды и любви. Любовь согревала сердце фронтовиков, заставляла яростней бороться и защищать своих любимых, матерей, детей.

Ән. Смуглянка. Сахнада декарация жасалады, бір жағы блиндаж сияқты болса, екінші жағы ақ қайыңмен жасалған дала көрінісі, ортада от жағылған оттың айналасында оқушылар әр түрлі іс-қимылдар жасап отырады(хат жазып, ойланып, мылтық тазалап, жарақатын емдеп т.б) сахнаның төрінде презентация фильмнен үзінді қойылады. 10 оқушы жартылай отырып ән салады.

1-жүргізуші: Соғыс кезінде ауылдағы жас балаларда жан-тәнімен майданды қару-жарақтандырып отырды. Сол балалардың тыныс-тіршілігі туралы 2-рота тәрбиеленушілерінің драмалық қойылымын тамашалаңыздар. Көрініс. Жаралы гүлдер.

Жайлап «Журавли» әні орындалып тұрады. Сахнада кабинет ортада плакат «Родина мать-зовет» қолынан қаны тамып тұрған фашистің суреті, стол орындық. Орындықта военком қалың ойда отырады. Арлы-берлі жүреді (0,5 секундай жай музыка содан бірден соғыс музыкасы керек). айт-два деп бес-алты балалар шулап кабинетке кіреді.

Военком: Вольно! Ал сөйлеңдер, болашақ жауынгерлер (ұсқындарына қарап жымияды).

Қасым: Жолсдас капитан! Бәріміз де өз еркімізбен әскерге сұрана келдік.

Бақыт: Неміс басқыншыларымен соғысамыз.

Военком: Мылтық ата білесіңдер ме?

Бәрі де: Білеміз білгенде қандай.

Қасым: Мен жолдас капитан, ұшып бара жатқан үйректі көздемей атып түсіре беремін.

Военком: Жау саған үйрек емес. Мылтық ата білсең оны алып жүре де білесің ғой.

Қасым: Ехе, мылтық түгілі бір қап бидайыңызды иыққа салып қайқаңдай жөнелгенде......Сіз менің күшімнен қорықпаңыз.

Военком: Мылтықты жай көтеру бар да, Берлинге дейін жеткізу бар.

Қасым: Енді мылтық орта жолда тастап, Берлинге өлең айтуға бармайтын шығармыз.

Военком: Тіл бар, балақай, тіл ұзын. Бірақ бой қысқа.

Қасым: Сіз менің бойыма қарамаңыз. Соғыс басталғалы шөгіп қалған бойды кемітіп қайтесіз. Әкеңіз, ағаларыңыз майданға кетіп, бар үйдің жұмысы мына мойныңызға түссе, сіз де өспей қалар едіңіз.

Балшекер: Мұны біз Пинин Короткий дейміз.

Қасым: Бойым аласа демесеңіз, осылардың бәрінен үлкенмін. Жас деген біраз жерге келіп қалды ғой.

Военком: Нешедесің? Нешінші кластасың?

Қасым: Он алтыдан...... он... сегізге кеттік.

Қасым: (күмілжіп). Жетінші класта.Жолдас капитан, биыл бір класта үшінші жыл отырмын.Сабақ жағына кінәліміз.

Военком. Үш жыл?! оһо, Жо-жоқ, жаман оқушы- жақсы солдат бола алмайды.

Қасым. жолдас капитан, үш үйдің жұмысы мойнымда. оның үстіне колхоз жұмысы. Шөп шабу, егін ору, шым ою, қыста мал жайлау, ең арты диірмен тартуға дейін менің мойнымда.Оқуды қай жерде оқимын.Ал, немістерге септік жалғауы мен көбейту амалын айтуға бармайтын шығармын.

Бақыт. жолдас капитан, мен жақсы оқимын. Мені әскерге алыңызшы.

Военком. Сен нешедесің?

Бақыт. Он төрттемін

Военком. Жоқ,сен тым жассың.



Қасым. Айттым ғой сендерді, алмайды деп,жассыңдар. Мына мен болсам бір сәрі.

Бақыт. Иә,деген жасқа қарамайды. Украинада бізден жас балалар соғысып жүр емес пе?

Военком. Олар неміс қолында қалған балалар- партизандар.

Бақыт. Маған партизан болса да бәрібір. бірақ әкемді көре алмаймын ғой онда.

Военком. Әкең қайда?

Бақыт. Соғыста. Екінші Украина майданында. Бес ай болды хат келмегелі.

Военком. Фамилиясы кім?

Бақыт.Мәмбетов

Военком. (селк етіп) Мәмбетов?

Бақыт.Білесіз....Соңғы рет командирі мақтап жазған хатты апама өзіңіз әкеп бергенсіз.

Военком. (даусы жарықтанып) Иә,иә, білемін. Папаң ең алдыңғы қатарлы солдат.Өте мақтаулы азамат. (Сөзді бұрып) Сенің атың кім?

Бақыт.Бақыт

Аплаш. Мұны біз Сыбызғы дейміз. Сыбызғыны шебер тартады.Өзі де қурайдай ғой.

Балшектер. Және ақын өзі. Немістерте шығарған өлеңі де бар.

Военком. Қане, айтшы, Бақыт өлеңіңді

Бақыт. Онша мықты емес,жолдас капитан.

Военком. Сонда да тыңдайық.

Қасым. Бақыт слушай мой команда!

Бақыт. (алға шығып).Енді....(күмілжіп) сіз сұраған соң айтайын:

Немістер-

қанға жеріген,-

Адамның етін жегіштер!

Айн,звай,драй

Болсам да мен сыбызғы-қылдай қурай,

Қолымда екі пұттық пулеметпен

Сендерді жоқ қыламын шөптей турай.

Неміс-неміс-колбаса,

Мен турайын сен аса!

Аталар салған батырлық жолда

Айнымай біздер тұрамыз,

Отанға кірген аш қасқыр-немістерді куамыз.

Жауыздардың бастарын жұлып, тістерін қағамыз,

Өз жерінде-қойдай бәрін қырамыз!

Айн,звай,драй

Біздердің салтымыз солай!

Неміс-неміс-колбаса,

Мен турайын сен аса!

(Қолында драу қамшы, бір көзі ақиған шыны көз әскери киімді Баттал тұлан жетіп келді.Балалар военкомның артына тығылды.Баттал өлең оқып тұрған Бақыттың құлағынан бас салды.)

Баттал (құлағын бұрап). -Оһ дизертир, менен бәрібір құтыла алмайсың. Қазір әкеңе танытайын.

Бақыт. Құлағым-ай, құлағым-ай

(Военком арашаға түседі)

Баттал (қамшысын көтеріп). Қане, бәрің де алдыма түсіңдер!

Военком. Тұра тұр. Соншама не боп қалды?

Баттал. Оны мыналардан неге сұрамайсың.Жұмысты тастап, осында қашып келген,қарай гөр. Күз болса мынау. Қырау түсе бастады. Егін жиналмай жатыр.Оһ дизертилер.Соғыста бұлай қашса, әкем болса да табан аузында, так сказать, атып тастар ем.

Военком. (жұмсақ үнмен).- балалар, шынында да бұларың жарамаған екен. Сендер ғой майданға барамыз деп, жұмыстан қашып келіп тұр екенсіңдер ғой.

Қасым. Егін даласы- майдан даласы емес.

Баттал. (ұмтылып). Көрсетейін мен саған майдан даласын (военком тағы арашалап ортасына түседі.) Қарашы тілі мен жағына сүйенуін. Мұның шегедей болып майданшылына не бересің.

Балташ. Сонда немене, айыр,тырнауыш арқалап жүре бермекпіз бе. Барамыз майданға.Әкелерімізден ардақты емеспіз.

Баттал. Куатит енді!

Военком. Балалар, сендер бір нәрсені түсінбей тұрсыңдар. Мұндағы айыр,күректе соғыстағы мылтық. Егін даласы да-екінші майдан.

Баттал. Бұларға не мәймеңке керек. Давай, алға түсіңдер. Табандарыңды тіліп тұрып так сказать күні-түні жұмысқа салмағын бар ғой. Көздеріңе көк шыбын үймелетем!

Военком: (Даусы ащырақ шығады). Жолдас ефрейтор!

Баттал: Әй, маған әкіреңдеме. Сендей капитанның талайын, орысша айтқанда, видали.

Военком: (Балаларға). Жауынгерлер, в одну шеренгу становись! Смирно! (балалар әскерге алатындай қуанысып, тез стройға тұрады). Равнение на середину! Балалар, сендер тылдағы жауынгерлерсіңдер. Сендердің ағаларың, майданда қан кешіп жүр. Оларға жылы киім, оқ-дәрі, нан керек. Оны дайындайтын тылдағы біздер. Сендер бала да болсаңдар, бар жұмысты атқаратын азаматсыңдар. Тылдағы көмек-сендердің қолдарыңда. Отан сендерге қарап отыр. Қазір сендердің оқу оқып, доп қуып жүретін кездерің. Бірақ оны уақыт көтермейді. Талай балалар мен деревнияларымыз фашистердің қолында. Жау елімізге баса-көктеп кіріп келеді. Егер олар тез шегінсін, жеңілсін десеңдер, жұмыстарыңа барыңдар. Бұйырамын. Қане, смирно! Направо! В плечо вперед, шагом марш!

Баттал: Запивай! (Балалардың соңдарынан ілесе береді).

Военком: Сіз тұра тұрыңызшы. (Балалар ән айтып шығып кетеді)

Военком: Сен балаларға тым қатал екенсің.

Баттал: Немене олардың аузына еміздік салу керек шығар. Қазір бір дән жерде жиналмай қалса білемісің-оның аты Отан алдында, орысша айтқанда, преступление. Қазір балаларды мәймеңкелеп, үлкендерге жарамсақтанатын уақыт емес.

Военком: Ол түсінікті. Әйтпесе, баланың аты бала ғой. Былай алдап жұмсамайсың ба?

Баттал: Алдап! Төбеңе шығып ойнақтасың дейсің бе?

Военком: Жасыңдағы әпербақандығың әлі қалмаған екен.

Баттал: Мұныңда қалай түсінуге болады. Соғысқа барып жуасып барып қайтпадың дегенің бе?

Военком: Байқа балаларды ызалы етіп алма.

Баттал: Өзімде де бір түйір нерві қалған жоқ. Соғысқа бармаған сендер не білесіңдер. Мына бас адам басы ма, қойдың басы ма (өз басын өзі нұқиды). Ал мына көз ненің көзі? Мен немістерге басымды қой басының орнына табаққа сылып, так сказать асатқан шығармын мүмкін.

Военком: Сен Бақыт деген баладан кешірім сұрауын керек.

Баттал: Кешірім? Тип-титтей баладан ба?

Военком: Ол енді бір үйдің сүйенетін сүйеніші, елінің арқа тұтар азаматы!

Баттал: Бір үйдің азаматы???? Әкесі тірі тұрғанда

Военком: Оның әкесі майданда қаза болды.

Бақыт: Әкем...... Трау-трау 1мин

Тырналар туралы өлеңін оқиды. Сахнадан жайменен солдаттар шығады. (соғыс даусы) Солдаттар арасынан жараланған әкесі шығып ұлына арнап өлең оқиды. (Оқтың даусы) Оқ тиіп қаза болады. (Шошитын музыка) Бақыт шошынғандай сыңай танытып, әкелеп келіп соңғы сөзін оқиды. Ескерткішке гүл қояды.

ОҚУШЫ:

(В.Суслов)

Мы чашу горя выпили до дна.



Но враг не взял нас никаким измором

И жизнью смерть была побеждена

И победили человек и город!

Год сорок второй...

Полгорода лежит в земле сырой

Неугасима память поколений

И память тех, кого так свято чтим,

Давайте, люди, встанем на мгновенье

И в скорби постоим и помолчим.

МИНУТА МОЛЧАНИЯ!!! Презентация

2-жүргізуші: И все-таки долгожданный день пришел. 9 мая 1945 года-день Победы, день всенародного ликования, радости, но радости со слезами на глазах: 27 миллионов жизней стоила нам эта победа.

Песня «День Победы» Хроника



1-жүргізуші. Ер қорғайтын, ер ағалар

Ардағымыз, арымыз

Ерлер тойын, елдің тойын,

Қарсы аламыз бәріміз!

7-мамыр -Қазақстан қарулы Күштерінің туған күні. Назарларыңызға Қазақстан қарулы Күштерінің 20-жылдығына арналған Әскер-әліміз, армия-абыроймыз атты салтанатты ән шашуымызды ұсынамыз.

2-жүргізуші.

Ән: Орындайтындар 2-рота тәрбиеленушілері мектебіміздегі офицер мырзаларға, ер мұғалімдерге «Сарбаздар» әнімен музыкалық сәлем жолдайды.

2-жүргізуші

Пусть служба и работа не всегда проста,

Мы вам желаем жить, любить, трудиться,

А если улыбнется Вам счастливая звезда,

То и до генерала дослужиться.

Поздравляем Вас с праздником-

Днем защитника Отечества!



2-жүргізуші. Ән «Алия»: Орындайтын 2-рота тәрбиеленушісі Жолдыбаев.

Я стать военным пожелал,

Все волновалсиь. Я мечтал:

«А вдруг я буду-генерал!»

Ну что ж, курсантом уже стал.

Родители гордитесь мной

А мне дорогой лишь одной:

Отчизну на словах любить.

Ничто, ей надобно служить.

И если надо-защищать

И даже жизнь свою отдать.

А в день защитника страны

Всех поздравляем отдуши!

2-жүргізуші. Мектебіміздің оқу-ісінің меңгерушісі Ашимбаева Жанат Қанатқызына құттықтау сөзін береміз!

2-жүргізуші.

Ән: «Шекарашы сарбаздар» орындайтын Динара Бескекилова.

1-жүргізуші:

Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз. Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық орнасын! Соғыс ардагерлерінің бізге жасаған ерен еңбегін мәңгі есте сақтасыйық! Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасы әскерінің құрылған күні құтты болсын!

Ән: Өз Елім орындайтындар Мақат Әбубәкір және Көпбаев Дархан

1-жүргізуші:

Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз. Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық орнасын! Соғыс ардагерлерінің бізге жасаған ерен еңбегін мәңгі есте сақтасыйық! Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасы әскерінің құрылған күні құтты болсын!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал