7


  • Учителю
  • Классный час на тему: Аяулы менің - Анашым (3 класс)

Классный час на тему: Аяулы менің - Анашым (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Аяулы менің - Анашым

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау, оқушыларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Кіріспе. Мұғалім сөзі:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші балалар!

М: Қош келдіңіздер, құрметті аналар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Оқушылардың орындауында ән «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»

М:

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар,-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

Айбек:

Менің анам - жаны ізгі,

Әрбір сөзі маңызды.

Меніменен оқитын

Сыныптасым тәрізді.

Алақаның аялы,

Бесігімді тербеткен.

Дәл осындай ананы,

Таба алмаспын жер көктен.

Карина А:

Анашым, анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

Сөзін ойға түйеміз,

Аналарды сүйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Райымбек:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын,

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Апашымды сыйлаймын.

Құралай:

Алфавит сыры

М: Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. (А. Карина, М. Карина, Айша)

Заңғар:

Жақсы көрем апамды,

Жүрем ылғи бірге еріп.

Тауға мені апарды,

Талай қайттық гүл теріп.

Алтын апам ол менің,

Мені жақсы көреді.

Үйретеді өлеңін,

Ертегі айтып береді.

Айша:

Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші наурызбен!

Аруан:

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жолдап, бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын!

М: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ән: «Оқуда озат боламыз»

Жанель:

Гүл ектік аулаға

Көктемде көңілді.

Бақта да, бауда да

Ақ гүлдер өрілді.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір - бірден

Анаға сыйлаймыз.

Данара:

Анашым әлдилеген,

Күш - қуат алдым сенен.

Өзіңсің бесігімді

Тербеткен ән - күйменен.

Анашым - мейірбаным,

Шарлатқан көңіл бағын.

Бойыңа ақ сүтіңмен

Сыйладың өмір нәрін.

Диляра:

Анашым күлімдеген,

Баласын «күнім» деген.

Баптаған өз қолыңмен

Тұлпарым сүрінбеген.

Анашым аялаған,

Құшағың сая маған.

Әлемнің бар асылын

Мен үшін аямаған.

М:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып

«Балапан» әнін қабыл алыңыздар.

М:

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы әсем сөздерін тыңдаңыздар.

К:

Аналарды құрметтейміз, елейміз,

Аспандағы ай мен күнге теңейміз.

О, аналар, сіздерді үлгі тұтып,

Бақытпенен денсаулықты тілейміз.

Айбек: Менің анам - ардақты!

Заңғар: Менің анам - салмақты!

Жанель: Менің анам - әдемі!

Райымбек: Менің анам - сүйкімді!

Аруан: Менің анам - көрікті!

А.Карина: Менің анам - сұлу!

Айша: Менің анам - ажарлы!

М.Карина: Менің анам - әсем!

Данара: Менің анам - ару!

Диляра: Менің анам - күшті!

Құралай: Менің анам - сыпайы!

Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

М:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып шағын мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет.







































































8-наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал