- Учителю
- Тәрбие сағаты 'Адамгершілік-ата мұра'
Тәрбие сағаты 'Адамгершілік-ата мұра'
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік - ата мұра.
Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі тағылым сөздері мен өнегелерінің мазмұнын түсіндіру түрлерін игеру, білу, өмірде өз ісінде қолдану.
Тәрбиелік мақсаты: бала тәрбиесіндегі ұлағатты сөз, сыпайы қарым-қатынастарды, адамгершілік сананы жастар бойына дарыту;
Дамытушылық мақсаты:қазақ халқының ұлттық тәлім - тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақтың түрі:1 бөлім - сайыс сабақ, 2 сабақ - концерт.
Сабақтың әдісі: баяндау, практикалық,көрнекілік,проблемалық.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру.Үш топқа бөліп,сабақтың бағытымен таныстыру2.Өткен сабақты бекіту. Сайыс түрінде жүргізіледі.
А) Жәрмеңке өткізу.Адамгершілік тақырыбына байланысты, қандай кітаптар, кітапшалар кездестіргеніміз жайлы мәлімдеу.Ол кітаптарды кітап бұрышына қою.
Б)Көкпар ойыны.Дорбадан оюлы карточкалар алу арқылы әр топ тиісінше сұрақтарға жауап береді:
-
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз не?
-
Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
-
Адамгершілік сана-сезім дегеніміз не?
-
Ұлтжандылық, елжандылық дегеніміз не?
-
Адамгершілік мінез-құлық жайлы, әдеттер жайлы не білесіз?
-
Оқушыларды ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу қалай жүреді?
-
Адалдық,шыншылдық дегеніміз не?
-
Достыққа,халықтар достығына тәрбиелеу қалай жүреді?
-
Адамды құрметтеуге тәрбиелеу туралы не білесіз?
-
Салауатты өмір салтын орнықтыру дегеніміз не?
-
Елбасымыздың студент жастарына үндеуіне салауатты өмір салты туралы не деген?
-
Жалпы білім беретін орта мектептерде зиянды заттарды қолдануды болдырмау туралы оқу бағдарламасы қашан қабылданды?
-
Дене тәрбиесінің міндеттерін ата?
-
Дене тәрбиесінің құралдары.
-
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары.
-
Жыныстық тәрбие дегеніміз не?
-
Отбасылық үйелмендік өмірге дайындық дегенді қалай түсінесіз?
-
Достық мұра,жанұя тәрбиесі туралы Абайдың өлеңдерінен мысал келтіру.
-
Жанұядағы ата-ананың рөлі қандай?
-
Достық мәселесін қалай түсінесіз?
В. Практикалық жұмыс.Үстелге қойылған оқулықтарды пайдалану
-
Ы.Алтынсариннің адамгершілік тақырыбына жазған әңгімесінен көрініс қою.
-
Мақал-мәтелді ым-ишарамен көрсету.Адамгершілік тақырыбы бойынша.
-
Жағдаят көрсету.Басқа топ шешімін айтады.
Ерлікке, батырлыққа, достыққа тәрбиелеу, адамды құрметтеу сезімін қалыптастыруға арналған материалдарды оқулықтан тауып дәлелдеу.
3 топтан 3 оқушы 5 минут дайындалып, айтып түсіндіреді.
Г.Мақал-айтыс.Ойын.Кім айтты?
Әр топтан асықтың түсі бойынша жұмыс ұйымдастырады:
-
сыныптан тыс жұмыс (3)
-
этикалық әңгіме (4)
-
ата-аналармен жұмыс (10)
(Оқушылар дайындалғанша ,мәнерлер оқу сайысы, өлеңдер, тыйым сөздер айтылады)
3.Сайыс қорытындысы, жинақтау,бекіту,бағалау(бірін-бірі бағалау)
4.Сабақ-концерт.
Халықтың жазу-сызуды білмеген дәуірінің өзінде де өсер ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу отбасының,бүкіл елдің бірлесе атқарған ісі болған.Міне,осы тәрбие жөніндегі халықтың ой-түйіннің, тәжірибесінің жиынтығын халық педагогикасы дейміз.
Қазақ халық ата-баба өнегесін пір тұтқан.Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиеген.
Қазіргі кезеңде оқу тәрбие процесінде халық педагогикасын пайдалану кең өріс алуда.Ол өзіміздің тәуелсіздік алуымызбен, салт дәстүрімізді, болысымыздың қайта тірілтуімен тығыз байланысты.
Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі, бала ұрпақ, жастар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр.
Мың жылдық тарихи бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде,отбасында,тұрмыс тіршілікте батылдық пен батырлыққа, әділдік пен адалдыққа, инабат пен ізгілікке, иба мен иманға үздіксіз тәрбиелеп отырған.Халықтың ұлттық салт-дәстүрлері қаншама уақыт өтсе де, өмірден өшірілмей, керісінше, қазіргі уақытта қайта жарқырай түскенін күнделікті өмір көрсетіп отыр.Қазақ баласы да қоршаған ортаның ішкі сырларын үлкендерден сұрап, байқап білгісі келген.Адамгершілік қасиет еңбекке, өнерге т.б тәрбие түрлерін ойын, той, қонақ, сауық сияқты жерлерде тәрбиелеп, баулып отырған.Қазақ халқы ата-әже өнегесі мен тәрбиесіне көңіл бөлген.Әрі қысқа, әрі нұсқа ойлармен бағыт берген, логикалық ой жүйеге қалыптастырған.
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол,
Ұлың өссе,ұлы жақсымен ауылдас бос,-деп ұл қыз тәрбиесіне түгел қатысқан.Қызға 40 үйден тыю,бір үйден жыю- деп отбасының басты орнын атап көрсеткен.
Қызыңы бөтен үйге қондырма,
Ұлыңды бөтен үйден тойдырма, - деп ортақ талап қойған.Мұнда ұлдың да қыздың да ретсіз жүруі, тұруы, мезгілсіз қыдырыстың жағымсыз екенін ұқтырып отырған.Үленнің алдын кесіп өтпе, үлкенге сәлемдес, аттылының алдын кеспе, бос шелекпен өтпе, - деп жолды кеспеуге баулыған.
Ат атандырма,
Сағымды сындырма,
Сүйек жасытпа,
Сөз тасыма - деген жүйелі сөз тағы бар.
Тақтамен жұмыс.
Құлын,қозы ботаның суреті.Осы арқылы ата-ананың балаға деген мейірімін, ықыласын түсіндіру, оның қазақтың тұрмыс-тіршілігімен астасып жатқанын айту,оқушылар ата-әже, ана-әке мейірімін бейнелей көрсетеді, халықта баласын құлыным, ботам, қоңыр қозым деп сүйген.
Баяндау.Осыншалық мейірім шуағын төге отырып қазақ баласын еңбекке үйреткен, төзімділік, ептілік, шеберлік, шыншылдық, ар-ұят, әдет, үлкенді сыйлау секілді қасиеттерді үй-ішілік қарым-қатынасты бала бойына сіңіре білген.
Мысалы: Сіз деген сыпайлық
Біз деген көмек,
«Сыйға сый, сыраға - бал»
«Жақсы десе - жан семірер,
Жаман десе - жан күйірер»
Ән «Бір ауыз сөз» М.Мақатаев.
Адам туа білмейді жүре біледі,олай болса өмірге келген әрбір баланың болашағын алғашқы күн айларынан бастап қалыптастырған абзал.
Күндердің күнінде Ұлықпан Хакімнің алдына бір жұп жас жұбайлар келіп: «Уа,данышпан атамыз, бізге сәбимізді қалай жақсы тәрбиелеу жайында ақыл берсеңіз» - депті.Сонда Хакім: «Балалы болғандарыңызға қанша болды»,- деп сұрапты. «Алты ай өтті» - дейді екеуі жарыса жауап беріп.
«Қап, әттеген 6 айға кешігіп қалыпсыңдар», - деген екен сонда Ұлықпан ғұлама.
Бұдан адамды тәрбиелеу адамгершілік тәрбиесі сәбидің шырылдап жерге түскен сәтінен бастауға тиіс екенін көреміз. Халқымызда «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» демей ме?
Атамыз қазақ ілім-білімді үйрете отырып,білім ауысады, ырыс жұғысады деп татулыққа, білімділікке баули отырып, барлық тағылымды отбасынан ұл-қыз ұшатынына сенген.
Мақал-мәтел айтқызу: « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
Ата көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер.
Бұл бала тәрбиесінің үлкен бір буыны болса керек.
Табиғатынан ибалы халқымыздың атына кір келтірер қазіргі кейбір жастардың өрескел қылықтары адамды қынжылтады.
Ән Бозторғай .А.Қоразбаев
Домбырамен орындалады.
-
Ән нені меңзейді?Өзіңнің көзқарасың қандай?(Пікір алысу)
Баяндау.Шет елдерде әр нәрсенің жақсы жақтарын алып, жаманнан арылуға тырысады, ол бізде кейде керісінше болатынын ашып айтуға тиіспіз.Мысалы, діннің тамырына 70 жыл бойы балта шауып келсек те, оның игі ықпалы өзінің өміршеңдігін дәлелдеп берді.Мұсылман діні қиянат жасама,таза бол, өтірік айтпа, ұрлық жасама, кездескен адаммен әуелі сәлемдес, сосын сөйлес, берген уәдеңнен айныма деп үйретеді.
Ән Қарашал. А.Қоразбаев
(Атаңа не қылсаң алдына сол келу.Пікір алысу)
Баяндау.
Бұрын атам қазақта баланы тастап әке-шешесін қарттар үйіне өткізу деген болып па еді?
Ондай болмақ түгіл әке-шешесі өлсе, баланы бауырына салып алатын үлкен жүректі ана, отбасы болғанын бәріміз білеміз.
Қорытынды.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деп Мұхтар атамыз айтқандай, ұлттық тәрбие ананың ақ сүтінен, әлдиінен, ана тілінен бастау алады.
Бала тілі ана тілінде шығып, ана тілінің мың құбылған сырын ұқса ғана ұлттық қасиет, салт-сана ерекшелігін игереді екен.Ана тілін түсінген әрбір жас ата-салтын, адам, адамгершілік деген ұғымды қастерлеп,оған мән береді.
-Сонымен,адамгершілік «Адамгершілік -ата мұра» тақырыбы бойынша не алдық?
-Қасиеттерді атап өтейік?Сабаққа қатысқан оқушылар бағаланып, сабақ аяқталады.