7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Астана - арман қала 4 класс'

Тәрбие сағаты 'Астана - арман қала 4 класс'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сайыстың тақырыбы: Астана-арман қала. Сайыстың мақсаты: Астана туралы мағлұмат беру,елордамызАстананың көрікті орындарымен таныстыру.. Көрнекіліктер: Астана суреттері,слайдтар,буклеттер. 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі біздің сайысымыздың тақырыбы: А
предварительный просмотр материала

Сайыстың тақырыбы: Астана-арман қала.

Сайыстың мақсаты: Астана туралы мағлұмат беру,елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру..

Көрнекіліктер: Астана суреттері,слайдтар,буклеттер.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі біздің сайысымыздың тақырыбы: Астана-арман қала. Астана қаласы Қазақстанның жахандық брентіне айналып , дүние жүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді . Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалады.

Ән: Әнұран

1 - жүргізуші: Астана-еліміздің бас қаласы . Әр елдің баласы өз отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп , қадірлей білу керек. Біз-осы елдің болашақ патриоттарымыз. Ұлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар-біз. Ендеше Астана туралы,бүгін жырлап, әңгімелеп,мақтан етейік!

1-оқушы:Астанам -бағы биік асқарымсың,

Астанам-мәңгі жарық аспанымсың,

Астанам-періштелер мекенісің

Астанам махабаттың тұрағындай.

2-оқушы:Астана атың қандай нақ та әсем,

Аңызақтан айналыпсың баққа сен

Таң ұзаққа таңдайымда түнеткен

Жырларымды айтарымсың жатқа сен!

Ән: Аманжолова Назира «Туған жер»

2-жүргізуші: Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді. Есілде көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарайды. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайтын . Өзен қалаға ерекше көрік береді,мәртебесін көтереді. Елімізде көпт еген қалалар өзеннің бойында орналасқан.

Би:Жарылғапова Ұлдай «Бабочка» биі.

Ән: Айгерім Мухаммедова «Жаса Қазақстан»

3-оқушы:Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге

Жайнаған Отанымның жүрегінде.

Астанам-бақ ошағым ,түп,қазығым,

Айналған бар қазақтың тірегіне.

4-оқушы:Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам,

Осы күнді аңсаған,армандаған.

Сарыарқаның төсінде бой көтерді

Қазақтың Астанасы-арман қалам!

Ән: Абдулла Раушан «Анашым»

1-жүргізуші:Сананы түйіткілдерден тазартайық,

Айтпаған шындық сөзді тартар айып

Авторы сәулетшісі Астананың-

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!

Би: Қожамбергенова динара,Қожамбергенова Эленора- «Флешмом»

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің «Астана-арман қала» тақырыбындағы сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет. Алдарыңызда:

Ән: Мизамеидинов Бекет «Астана»





«№15 орта мектебі » ММ

«Балдәурен» жазғы демалыс лагері

«Астана - арман қала»

Дайындаған: Садуақасова С.

2015ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал