- Учителю
- Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасы
Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасы
Бекітемін: Л.Гылымбаева
Сабақ
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 8
Барлық оқушы саны: 19
Қатысқан оқушы:
Сілтеме:
Күнтізбелік жоспар, оқулық. Қазақ тілі 8-сынып
Тақырып:
Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасы
Жалпы мақсаты:
Ілияс шығармалары арқылы оқушыларды қазақ халқының бастан кешкен сан қилы тағдырына назар аударту, өнердің құдіреттілігіне көз жеткізу, қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныту. Оқушыларды ой еркіндігіне баулу, тіл байлықтарын тереңдету, мәнерлеп оқу мәдениетін жетілдіру.
Ресурстары:
Оқулық, интерактивті тақта, үнтаспа
Әдіс-тәсілдері:
Тәсілі: жекелей, жұптық, топпен
Әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап, іздендіру, талдау, түсіндірмелі
Оқыту нәтижелері:
-
Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
-
Өз бетінше талдау жұмыстарын жүргізуге дағдыланады;
-
Өз ойларын қағаз бетіне түсіруге үйренеді;
-
Өлеңге, поэзияға деген қызығушылықтары артады.
Түйінді идеялар:
Күй - қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы. Оның адамның көңілін, өмірін, оның қуанышы мен мұңын, табиғат көріністерін суреттейді. «Күй күшті тауды-тасты бұзатұғын».
Дереккөздер:
Оқулық, қосымша мәліметтер.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Модульдар
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу.
«Есім - акроним» әдісі арқылы сыныпқа жылылық аудитория-сын қалыптастыру
Өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипат - тайтын сын есімдер келтіреді. Топқа бөлінеді - «Команда таңдау». Топ аттары: Күй, өнер, күйші
Үй тапсырмасы:
Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтап кері байланысқа шығады.
«Біліміңді байқап көр» әр топ өз атына сәйкес постер дайындап, қорғайды.
Оқушылар бірін-бірі тексереді
Жаңа тақырып:
Қызығушылығын ояту
Сабақтың мақсатын оқушылар-мен бірлесе отырып құрады.
Үнтаспадан «Сарыарқа» күйін тыңдап, топ болып ақылдасып, алған әсерлерін жеткізеді
Мұғалімнің мадақтауы
Сыни тұрғыдан ойлау
Мағынаны ажырату
Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар үлестіреді
1-топ: күйшінің алғашқы албырт сезіміне жоспар құрып, талдайды
2-топ: Поэмаға сатылай кешенді талдау жасайды.
3-топ: Поэманың композиция-лық құрылысына талдау
1-топ: Күйші халі - «Алдияр, маған жарлық еткенің бе? Байланып басы бүтін кеткнім бе?»
Қыз отауы - Ақ отау іші-сырты зер кестелі...
2-топ: 1)Авторы: Ілияс Жансүгірұлы.
2) Тақырыбы: Адалдық пен бостандық.
3) Жанры: поэма
4) Идеясы: өнерді қастерлеу.
3-топ: 1)Басталуы: Хан сарайы. Қыз қалауы
2)Байланыс: күйші мен қыз арасындағы сезім.
3) Шиеленісуі: Дауға айналған Сапақ әрекеті.
Топ басшыларының бағалауы
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сергіту сәтін өткізу
«Ортақ портрет» ойыны бойынша сергіп, демалады.
Ой толғаныс
Сабақ барысында жүйелеген білімдерін қорытындылау үшін
Ойшақыру стратегиясы
«Күйші домбырасынан төгілген күй» домбырадан төгілген күйді поэма бойынша талдау.
Мысалы: 1.Бостандықтан айрылған -зарлы күй «Алдияр маған жарлық еткенің бе?»
Мұғалімнің мадақтауы
Сыни тұрғыдан ойлау
Бекіту:
«Мақалбай атайдың сұрақ-тары»
Торкөзді таңдап сұраққа мақалмен жауап береді.
Топ басшысы
ның бағалауы
Бағалау:
Оқушылардың үй тапсырмасына жауаптарын, топ басшыларының бағалауын және шығармашылық жұмыстарға қатысуы негізінде бағалау
Рефлексия:
«Бағдаршам» әдісі
Үйге тапсырма:
-
«Күйші» поэмасын оқығаннан туған ой (эссе)
-
Қазақ күйлерінің шығу тарихы (мәлімет жинау)