7


  • Учителю
  • Краткосрочный план на тему: «Отбасы – өмір аясы»

Краткосрочный план на тему: «Отбасы – өмір аясы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Мерзімі .

23.12.2015.

Сабақтың

тақырыбы:

«Отбасы - өмір аясы»

Мақсаты :


«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету ;

Деректер және жабдықтар:

Интерактівті тақта, слайдтар, тірек-сызбалар, стикер, камера.

Оқу нәтижесі:


отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Түйінді идеялар:


оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалім немен айналысады

Оқушы немен айналысады

І.Ұйымдастыру кезені

1/ шаттық шеңбері


«Отбасы - өмір аясы» деген сөзді әр қатысушыға бір -бір әріптен таратып, сол әріптерге байланысты отбасылық тілектер тілейміз. Мысалы : «О» - Отан отбасынан басталады.

«Отбасы - өмір аясы» деген сөзді әр қатысушыға бір -бір әріптен таратып, сол әріптерге байланысты отбасылық тілектер айтады.

2.Ойланайық, пікірлесейік


«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу / оқушыларға тапсырма/

Отбасы негізі неде деп ойлайсыз ? / ата - аналарға тапсырма/


Оқушылар және ата-аналар тапсырмаларды орындайды.

3.Шығармашылық жұмысы


Құндылық құнын ұғыңдар.

/карточкамен жұмыс /

Отбасымда ең сыйлы .....

Ең қымбатты ..............

Ең ақылды ..................

Ең сүйкімді .................

Ең құрметті ................

Ең құнды ....................

Ең бағалы ..................

Ең қажетті .............

Оқушыларға тапсырма

1.Не тәтті ? /Ананың сүті тәтті /

2.Не жұмсақ ? /Ананың қолы /

3.Не қатты ? / Атаның жүрегі қатты

4.Кім жақын ? / Тату болса, ағайын жақын, Ақылшың болса, апайың жақын. Алдыңа тартқан, адал асың, Қимас жақын қарындасың /

5.Не қымбат ? / Алтын ұяң Отан қымбат. Құт - береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Бәрінен де ар мен ұят қымбат.

6. Отбасын кімдер құрайды ? / Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі/

7.Отбасының ұйытқысы кім ? / Ана /

8.Отбасының басшысы кім ? / Әке /

Шығармашылық жұмыс орындайды.

4.Ойын «Қолынан танып біл»


Көздерді байлаулы ата-аналар балаларын тауып алулары керек.

Талдау : - Сізге балаңызды табуға не көмектесті ? Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз ?


Балалар қатармен тұрады, сөйлемейді. Ата-аналар өз баласын тапқанда қол соғады. Одан соң ата-анамен ауысады.

5.Ситуациялық сұрақтар


1.Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба ?

2.Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата- аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз ? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз ?

3.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әркетіне көңілі толмай : «Сен сала алмайсын, сен істей алмайсың», - деп айтып жататының байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

4.Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз ?

5.Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс- әркетіңіз ?

6.Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әркетіңіз ?

7.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз ?

8.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңыздар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз ?


Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

Сахналық көрініс көрсету арқылы түсіндіріледі.

6. Шығармашылық жұмысы «Қол көмек»


Әр ата -анаға ақ парақтан қиылған оң қолдың көшірмесін береміз, содан соң «балаңызға қандай көмек бере аласыз ?» деген сұраққа жауап жазамыз.

Оқушылар «Сиқырлы жүрек» шығармашылық жұмысын орындайды.

Нұсқау : Жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналу қажет.

Мұғалімнің берілген тапсырмасын тиянақтап орындайды. Өз жұмыстарын қорғайды.

7.Ойын «Өтінемін»


Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір -бірін тыңдай білуге үйрету.

Барысы : Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады.

-Құрметті ата- аналар, балалар ! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер ?

- Рахмет, Өтінемін және т.б.

- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін деген сөзді айтсам, сіздер оны орындауларыңыз шарт. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтініштерді орындамайсыздар.


Мұғалімді мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларды белсенді түрде орындайды.

8.Рефлексия


«Бұлт және күн». Қатысушыларға бұлт пен күннің маңызын түсіндіру. Күн және оның астындағы гүлдер - өте жақсы, бұлт және жаңбыр тамшылары - сабақтың ұнамағанын білдіреді.

Балалар сабақтан алған әсерлерін өз көңіл-күйлерімен бұлт және күнді пайдаланып, көрсетеді.

9.Ән айту


«Ана туралы жыр» әнді айқызамын

Ата - ана және оқушы бірігіп әнді орындайды.

10.Қорытынды


Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен : «жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке, шеше жоқ»

Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ, ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстазға да ой салады деп ойлаймын.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал