7


  • Учителю
  • тәрбие сағаты 'Табиғатты аяла'

тәрбие сағаты 'Табиғатты аяла'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сабақта
предварительный просмотр материала

Кайсарова Гулдаурен Тураркызы

Тарих пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасы

Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектеп

Екінші санатты мұғалім


Тақырыбы: Табиғатты аяла


Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
I - жүргізуші: Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
II - жүргізуші: Адамның өзі Табиғат пен Жер - Ананың перзенті. Жер - Ананы сүйе білу оны аялау - адамның азаматтық борышы.
1- оқушы: - Табиғатты қорғау - бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, адам.
2- оқушы: - Бәріде адамдардың рақымсыз істерінен, табиғатты аялай білген кешегі ата-бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанымыздың кесірі.
3- оқушы: - Арал теңізі бұл күндері суалып, сортаңға айналып жатыр. Судың тіршілік көзі екенін ұққан ата - бабамыз суға үлкен мән берген.
I - жүргізуші: - Аталарымыз су болмаса тіршіліктің қиын болатынын мақал - мәтелдер арқылы жеткізген.
II - жүргізуші: - «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Судың да сұрауы бар», «Сусыз жер - нусыз жер». Енді міне, «тозған жерде тоқшылық болмайды» дегендей суы тартылып, сәні кеткен Арал маңының тұрмыс тіршілігі де қиындап отыр.
Арал туралы суреттерге шолу жасалады.
4- оқушы: - Адамдардың кінәсінен бұл күндері елімізде бүлінбеген жер қалған жоқ. Арал өңірі, Балқаш аймағы, қасиетті Абай жері, тұз басқан Сыр өңірі бәрі де өзінің кескін - келбетін жойып отыр.
5- оқушы: - Шіркін, мен сиқыршы болсам, Аралды, Балқашты суға толтырып, қамыс құрақтарын қалпына келтіріп, құс базарын думандатар едім. Ғалымдардың пайымдауына қарағанда күніне қаншама құстар, өсімдіктер тіршілігін тоқтатады екен. Неге дейсің бе, қоршаған ортаның ластануы, адамдардың қатыгездігі осының бірден-бір себебі.
6- оқушы: - Ал, мен қолымнан келсе улы газдарын ауаға төгіп жатқан зауыт, фабрикаларға, машиналарға бақылау орнатып, тәртіпке келтірер едім. Өскемендегі, Шымкенттегі, Атыраудағы зауыттардың түтіні мен газдарынан қаншама адам, қаншама табиғат уланып жатыр. Зауыт, фабрика басшылары байлыққа белшесінен кенелеміз деп, ең негізгі байлығымыздан айырылып жатқанын біле ме екен?
7- оқушы: - Ақтөбе облысындағы көлдердегі өліп жатқан аққуларды көргенде жылағың келеді. Зауыттан шыққан улы заттары бар көлшіктерге кәдімгі көл екен деп ұшып келген құстардың бәрі қырылып қалған.
8- оқушы: О, достарым, құста қандай айып бар,
Келген құсқа құшағыңды жайып қал.
Әлем теңіз, өмір толқын, жыл құсы,
Желкендерін жел көтерген қайықтар.
I-жүргізуші: Табиғи байлықты игеріп, дүлей күшін жеңдік деп жүріп, өзімізге - өзіміз қастандық жасадық.
II-жүргізуші: Сонау 1949 жылдан бастап Семей даласында ядролық қару жарып сынақ жүргізілді.
9- оқушы: Өмір қымбат қашанда әрбір жанға,
Оны қорғау борышың, елім, онда.
Кешегі бір жылдарда айналыпты
Қазағымның даласы полигонға.
10- оқушы: Ауа-райы бұзылды жеріміздің
Өзен-көлі тартылды еліміздің.
Неше түрлі құбыжық қаптап кетті,
Көрмеуіміз мүмкін бе оны біздің.
11- оқушы: Жоқ мұндайға төзуге енді болмас,
Өкініштің оп-оңай орны толмас.
Осылай деп полигон зардабының
Ауызын жапты қазағым, әкем алғаш.
I-жүргізуші: Семей-Невада қозғалысының талабы бойынша 1991 жылы маусымда 40 жыл бйы үздіксіз жүргізіліп келген сынақтарға тыйым салынды.
Бейнефильм, суреттер көрсетіліп, «Заман-ай» әні орындалады.
II-жүргізуші: - «Жері байдың - елі бай», «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың түсінігінде жер, топырақ деген ұғымдар бір мағынада айтылады.
Жер-Ана келеді: - Уа, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай қайғылы күйге түсірдіңдер, сендерге өлкеміздің байлығын, асыл қазыналарын, айдын көлдері мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп, ұшқан құс, жүгірген аңдарын қырып-жойыңдар деп қалдырған жоқ едік қой. Көздерінің қарашығындай сақтап, қаймағын бұзбастан сол табиғи күйінде игіліктеріңе ұстаңдар деп қалдырмап па едік?
Асан-Қайғы: Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер.
I-жүргізуші: Жер-Ана! Адамдарға қандай тілегің бар?
Жер-Ана: Қан төгіп соғыспаңдар, Өтінемін!
Куәсі едім соғыстың, Ұлы істің де.
Жетпейді екен еш нәрсе тыныш күнге,
Ақылынан адамның азап тауып,
Алмағайып тұрмайтын қыл үстінде.
Қобыз үні естіледі. Сахнада ауру баланы тербетіп, зарлап ана отыр және бүк түсіп, мұңға батып әке жатыр.
Ана: Мана, күндіз тәуіп шал не деп кетті?
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.
Аққумен баланы аластаңдар -
Деді - дағы, жәйімен жөнеп кетті.
Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі.
Ұмытылып кетті ме санатыңнан.
Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтейін, ол да адамға бола туған
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып.
Әке: Апыр-ай, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?
Оқ атам қасиетке қалай ғана?
Бармаймын, бара алмаймын,
Қалай барам?!
Ана: Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі,
Балам өлсе бақыттың керегі не?
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Құрысын онсыз сенің жалған бағың!
Мылтықты әкел! Атты ертте!
Жалған бәрі.
(Мылтықты алып, белін түйіп шығып кетеді.)
Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалады. Көл бетінде екі оқушы аққу биін билейді.
Бір кезде тарс еткен мылтық үні естіліп, бір аққу құлап түсіп, біреуі айналып ұшып кетеді. Қанатымен жер сабалаған аққуды көріп, дел-сал болған ана сахнаға шығады. Шашы жайылған, үстінде қара киім. Алдынан қарт шығады.
Қарт: Әй, балам!
Болмады ғой, болмайды ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой...
Әйел мылтықты лақтырады. Ауыл.Әкесі қайтыс болған баланы алып шығады да, ақ төсекке салады.Ана қолын соза аққуды көрсетеді.
Ана: Мына жатқан жетім көл, мына аққуды
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ, мен емес... Мен атпадым.
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным!
Екі қолын аспанға соза тізерлеп отырады.Балаға жақындайды.
Ана: Қазір ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір ботам аққумен ұшықтаймын.
Жазыласың, құлыным... балапаным!
(қолын соза):
Қасиет! О, қасірет!
Осындай ма ең?
Қасірет! Қасиет, қасірет, қасиет!
Музыка.
I - жүргізуші: Адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. Бірі тіршіліктің анасы - табиғат-ана, екіншісі - адамның анасы.
II - жүргізуші: Екеуі де сондай мейірімді. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
12 - оқушы: Экология!
Бөтен сөз,
Бір туғаның бірақ та.
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта.
Өз үй-өлең төсегің,
Табиғат болып қалады.
Оған атқан кесегің,
Өз басыңды жарады.
Эко...Эко-Үй, Отан,
Ежелден-ақ грекше.
Сөз патшасын ұнатам,
Жүрегіме гүл ексе.
Ақ тілеулі көлдің
Бұл - көгершін жыры еді.
Экология - өмірдің,
Соғып тұрған жүрегі.
Тиме аққуға!
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға, аққудың киесі бар.
Мендейлердің затын, биесін ал,
Тиме аққауға, аққудың киесі бар.
І - жүргізуші: - Табиғатымыз аман болсын, тіршілігіміз таусылмасын!
ІІ - жүргізуші: - Табиғатты түсіне білейік!
Бәрі: - Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш егейік,
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.



№10 ЖББОМ

















Тақырыбы: Табиғатты аяла




Класс 9 «А»


Класс жетекшісі: Г.Т.Кайсарова






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал