- Учителю
- Қысқа мерзімді жоспар Отбасы дәстүрлері
Қысқа мерзімді жоспар Отбасы дәстүрлері
</<font face="Comic Sans MS, serif">Тақырыбы: «Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары
Іс шараның тақырыбы: Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары.
Іс шараның мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу. Cоның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу-діңгегі-бала. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеуден бастап өскенге дейінгі салт-дәстүрлерді дәріптеу. Салт- дәстүрді атадан балаға жеткізу. Отбасындағы дәстүрлерге, даму тарихына қызықтыру.
(Воспитание чувств любви и гордости за свою семью, уважения к родителям;
Развитие интереса к истории своей семьи, семейным традициям;
Формирование положительного отношения, уважения к семьям одноклассников;
Знакомство с наиболее распространенными
традициями казахског народа).
Көрнекілік: слайд, суреттер, мақал-мәтел, бейнероликтер,
Іс шараның түрі: дәстүрлі емес
Іс шараның әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек-сызба.
Іс шараның барысы:
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін,
Баршаңызға
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана
берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына
берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар
барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр
ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Сол сияқты әр отбасының да
салт-дүстүрлері бар. Бүгінгі сабағымыз сол тақырыпта өрбімек.
Жақсы дәстүрді сақтаған жарар,
Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап,
Тыңдаңдар кеңес қызың, ұлың бар.
Көнерген ескі сүрлеуден шығыңдар,
Бірақ дәстүрді, әдет-ғұрыпты,
Жасасын осынау өлмес ұғымдар!
Өнерлі халық - өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрыпына,
салт-дәстүрлеріне бағытталған «Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары»
атты сабағымызды бастаймыз!
-
Ойын. «Қарлы кесек»
(Мен шығамын, мен есіміді айтамын. Мысалы: мені Мико деп атайды, маған ұнайды. Келесі адамды шақырады. Балалар келесі ата-ананы шақырады.)
-
«Отбасы» ойынымен жалғастырамз. Ойынның мақсаты ата - ана баласын қаншалықты білетінін байқау. (доп беру арқылы ата-ана жауап береді).
Қызықты сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың парталас көршісі кім?
6. Бүгін сабақта қандай баға алды?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
-
Қазақ халқының салт-дәстүрі.
«Салт-дәстүр» сөзіне ассоцация құрғызу
А) Шілдехана - сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
Ә) Есімін атау (ат қою) - бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
Б) Бесікке салу - бұл кішігірім той ретінде
өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу
немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті
түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады,
ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі»
жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің
мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен
бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене
бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы
жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың
мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап
алу керек.
В) Тұсау кесер - бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал
бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей
жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің
тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол
болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем
үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.
... Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз, балам
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйлысың.
Жатса бөпем жайлысын,
Көсем сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.
Г)Сүндет той (Құлақ тесу) - Һәм оның атқа мінер, сүндет тойы,
Тойға сойған үйінің жылқы қойы.
(С.Торайғыров)
Еркек баланың тақ жасында яғни 3, 5, 7, жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу - үлкен рәсім. Ол - әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет той» деген сияқты жөн жоралары болады, «қайырлы, құтты болсын» айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдалар ғана тпасырылса, қазір оны дәрігерлер де жасай алады. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны «сүндет тойы» деп атады. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған.
Қыздң құлағын тесу - дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгесі, апалары жиналады. Құлақты уқалап, жанын кетіріп, қызддырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі. Ол үшін екі тарыны құлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалайды. Бір қызығы тесілген құлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізеді. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе «құлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді» дейді. Мүмкін мұның да себебі бар шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар .... Халық ұғымында қыздың құлағын тесу - оны сүндеттеумен бірдей деген қағида бар. Бұл - халық сөзі.
Д) Тілашар
-
Менің отбасымның дәстүрлері.
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________
(Бір бала, бір ата-анаға оқыту)
Енді сіздердің отбасындағы дәстүрлер мен мейрамдарға тоқталсақ.
-
Сыңарын тап. Мақал-мәтелдер сайысы (ата-аналармен).
1 топқа
-
Ағадан - ақыл, ………….Атадан - нақыл.
-
Апам үйі - ………………ақ жайлау.
-
.Інісі бардың тынысы бар……………Ағасы бардың жағасы бар.
-
Өз үйім - ……………………….өлең төсегім.
-
Жалғыз ағаш үй болмас,……………………..Жалғыз жігіт би болмас.
-
Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны іледі.
-
Атасыз үй - батасыз,………………..Анасыз үй - панасыз.
-
Жақсы ата - орман,…………………Жақсы бала қорған.
-
Өсер жастың алдын кеспе,…………..Өсер ағаштың басын кеспе.
-
Ананың ізін қыз басар,………………….Атаның ізін ұл басар.
-
Әкенің қадірін…………………… балалы болғанда білерсің.
-
Әдепті бала арлы бала, ……………………әдепсіз бала сорлы бала.
2 топқа
-
Ағадан - ақыл,………………..Ініден - ізет.
-
Бала тәрбиесі…………………….. - бесіктен.
-
Әжемді тыңдағаным -……………….Өзімді танығаным.
-
Ана алдында - құрмет………………..Ата алдында - қызмет.
-
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,……………..Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
-
Анаңа ауыр сөз айтпа,………………Атаңа ауыр жүк артпа.
-
Атаңа не қылсаң,…………….Алдыңа сол келер.
-
Ата - бәйтерек, …………………бала - жапырақ.
-
Ата тілін алмаған ұлдан без,………………….Ана тілін алмаған қыздан без.
-
Ананың көңілі балада,………………… баланың көңілі далада.
-
Ата көрген оқ жонар,……………………. ана көрген тон пішер.
-
Қарға баласын аппағым дер,………………..Кірпі баласын жұмсағым дер.
-
Тыйым сөздер (Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру. Тыйым сөздердің пайдасы туралы ата- аналардың пікірлерін тыңдау)
«Бала тәрбиесі - бесіктен» дейді халық. Әрбір ата-ана өз
баласына қазақтың ырым - тыйым сөздерін айтып отырып тәрбиелейді.
Ендеше біздің оқушыларымыздың ата - аналарынан естіген ырым - тыйым
сөздеріне құлақ түрсек.
- Ата - ананы ренжітпе
- Түнде суға барма!
- Таңдайыңды қақпа!
- Кісіге қарап есінеме!
- Дастарханға қарап түшкірме!
- Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе!
- Ошаққа су құйма
- Нанды баспа!
- Табаныңды тартпа!
- Қолыңды төбеңе қойма!
- Бас киіммен ойнама!
- Бос бесікті тербетпе!
- Малды теппе!
- Бүйіріңді таянба!
- Кешқұрым ұйықтама!
- Айға қолыңды шошайтпа!
- Үйге жүгіріп кірме!
- Біреудің иығын баспа!
-
Аңыз «Ана жүрегі»
Анаңды 3 рет Меккеге көтеріп апарсаң да, анаңның ақ сүтін ақтай аламайсын демекші «Ана» туралы аңыз естиік.
-
Сіздің пікіріңіз. (Ата - аналармен өткізіледі.)
1. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба?
Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе?
Неліктен?
2. Елімізде "Отбасы күні" мейрамы қашан тойлатылады? "Отбасы күні"
мейрамы сіздің отбасыңызды тойлатыла ма?
-
Аңыз «Өмір - өзен»
-
«Киіз үй» модел құрау
-
Отбасында кім басшы?
-
Отбасы мүшелерінің жиналатын сүйікті орны.
-
Отбасындағы ең сүйікті дәстүр және мейрам.
-
«Наурыз көже»
Барлығымыздың отбасымызда тойлатылатын мейрам бар: ол «Наурыз»
(Қазанның суретін беру, жанына Наурыз көжеге қажетті заттарды жазады. Неге 7 зат қолданылатынын түсіндіреді).
-
Рефлексия.
Қазақ халқында «Қызғалдақ» гүлі көктемнің белгісі. Ендеше ата-аналар мына қызғалдақ гүліне балаларыңызға тілек, нақыл сөздер, еркелету сөздерін жазсаңыздар.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан
да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр.
Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне
ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді
сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де
болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан
бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен.
Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген
мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да,
ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла
көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды қазағымыздың
салт-дәстүрімен бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі сынып
сағатымзды аяқтаймыз.
Отбасылармен бірігіп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындау.
Сөзін жазған Л. Ошанин Әнін жазған А. Островский
Аударғандар І.Мәмбетов, К. Ыдырысов
1. Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
Пусть всегда будет солнце,
Пусть всегда будет небо,
Пусть всегда будет мама,
Пусть всегда буду я.
May there always be sunshine,
May there always be blue skies,
May there always be mother,
May there always be I!