- Учителю
- Тренинг с родителями по теме 'Ата-анамен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту'
Тренинг с родителями по теме 'Ата-анамен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту'
«Талица жалпы негізгі білім беретін мектеп» КММ
Тренинг
Тақырыбы:
Дайындаған:
9 қазақ
сынып жетекшісі
Джумадилова А.М.
2013 - 2014 оқу жылы.
«Ата-анамен бала арасындағы
қарым-қатынасты нығайту» тренинг.
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Көрнекілік: түрлі-түсті қағаз, желім, плакат.
Тренинг барысы:
-
Сәлемдесу рәсімі
-
Сұрақ-жауап «Мадақтау-жазалау»
-
«Жанұя бақыты» жаттығу.
-
«Сөйлемді аяқта» әдістемесі.
-
Жаттығу: «Тілек шамы».
-
«Сиқырлы жүрек» ой-түйін
Бала - ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін», деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
Жаттығу - «Танысу», «Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен нұрлы - Нұргүлмін;
Мен әдемі - Әсеммін;
Мен дарынды - Дидармын.
Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау»
Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.
Жаттығу: «Жанұя бақыты» жаттығу.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
"Сөйлемді аяқта" әдістемесі.
-
Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі....
-
Отбасы бұл....
-
Отбасым бақытты болу үшін....
-
Отбасымда зорлық-зомбылыққа жол жоқ, себебі....
-
Мен қалар едім отбасымның....
Жаттығу: «Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ошақ, ұя - жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ой-түйін: «Сиқырлы жүрек»
Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейрімді жүрекке айналу қажет.
________________________________________________________________