7


Дала перзенті - Д. А. Қонаев

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: ХХ ғасырдың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолдары туралыХХ ғасырдың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым,
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Дала перзенті - Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев.

Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің өркендеп дамуына өте көп үлес қосқан ұлтымыздың шынайы көшбасшысы Д.А.Қонаевтың өмірімен таныстыру, оның жасаған еңбектерін, айтқан ойларын оқушылардың ойларына сіңіру.

Көрнекілігі: Д.А.Қонаевтың портреті, нақыл сөздер, видеоматериалдар, баспасөз материалдары.

ЖОСПАР:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жүргізуші кезеңі

  3. Білім алушы сөздері

  4. Деректі фильм

  5. Жүргізуші сөздері

  6. Білім алушы сөздері

  7. Қорытынды сөз (Жүргізуші сөз).

1-жүргізуші. Аруақты орын қашаннан, киелі қазақ

Бітімі бөлек, сыры ерек, сүйегі ғажап.

Айдай әлемге танылған адалдығым деп,

Сүйеді аға, өзіңді, сүйеді қазақ! -дей отырып бүгінгі өткелі отырған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев - қазақтың парасат даналығын бойына сіңірген перзенті, ХХ ғасырдың аса көрнекті мемлекет қайраткері. Ол - терең ақылымен, жоғары мәдениетімен, турашыл, әділдігімен ерекше көзге түскен адам.

2-жүргізуші. ХХ ғасырдың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолдары туралы болмақ.

1-жүргізуші. « Адам бойындағы қандай қасиеттерді қадірлейсіз» деген сұраққа Д.А.Қонаев: «Адамдық пен қайырымдылықты. Бұл екеуі бар кісіде қиянат болмайды», - деп жауап берді. Ендігі кезекте Дінмұхамед Ахметұлының тұлғалық қасиеттеріне тоқталайық.

1 Оқушы. Д.А.Қонаевтың өмірге келуі.

2 Оқушы. Дінмұхамедтің тегі.

3 Оқушы. Өмірлік ұстанымы.

4 Оқушы. Отбасы.

5 Оқушы. Білім алуы, қызметі.

6 Оқушы. Жеткен жетістігі.

7 Оқушы. Бойындағы ерекше қасиеттері.

1-жүргізуші. Сонымен Қазақстанның тарихы Д.А.Қонаевтың өмірі, Д.А. Қонаевтың өмірі - Қазақстанның тарихы. Бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтын дүние. Келесі кезекті деректі фильмге берсек. / Д.А.Қонаев жайында деректі материал.

2-жүргізуші.Көрмепті ғой төмендеп арша халық,

Тарихымды қарасақ қай тұста да.

Димаш жайлы ой толғап жар салатын,

Асқар Тоқпанов «Димекеңменсырласып сөйлесудің өзі телегей-теңізге шомылып шыққанмен бірдей. Димекең халықтың қазынасы ғой» деп айтқан.

Берден Байқошқаров Дінмұхаммедті былай сипаттайды: «Адалдықтың айнымаған аға, бойы қандай биік болса ой да сондай терең тұңғиық, ол кісі қазақтың ұлын - ұлым, қызын - қызым деп өтті ғой. Ол кісінің даналығы, ұлылығы - жандүниесінің тазалығында».

Жуалы ауданының құрметті азаматы Әбдіғаппар Айтақұлы: «Қонаев - ұлттың рухы, иманы, ары», - деп бағалайды.

Иван Тетеркин: «Тектілік пен тазалық иесі», -деген.

«Алла тағала қазаққа ХХ ғасырда Д.А.Қонаевты берген десек артық болмас деп ойлаймын»» жазушы Қуандық Түменбай.

1-жүргізуші. Сонымен, Қазақстан тарихы - Д.А.Қонаевтың өмірі, Д.А.Қонаевтың өмірі - Қазақстанның тарихы. Бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтын дүние.

1оқушы

2оқушы

3оқушы


Димекең деген екен...

1оқушы

2оқушы

3оқушы

4оқушы


2-жүргізуші. Д.А.Қонаевтың өнегелі өмірін бір кешпен айтып тауысу мүмкін емес. Қонаев туралы естелік жазбаған ақын-жазушылар, журналистер замандас, қызметтес болған адамдар жоқтың қасы шығар. Д.А.Қонаевты «Аңыз адам» деуге боларлықты 2012 жылы Д.А.Қонаевтың 100 жылдығы кең көлемде аталып өтпекші. Бұл сабақ мерекелі тойдың алғашқы дайындығы деп білерсіздер. Елімізде Димаш атамызға көрсетіліп жатқан құрмет те баршылық, олардың бәрін атап өтуге бүгінгі сабақ аздық етеді.

1-жүргізуші. Жасың бар, жасамысың, тарланың бар,

Димаштай қалың елге ар басыңдар.

Димаштай шешен де бол, көсем де бол,

Димаштай жолбарыс та нар болыңдар,

Димаштай қара қылды қақ жарыңдар.

Білмейтін бір пенде жоқ бұл есімді,

Бар ұлтқа әділ бөлген үлесіңді.

Көрсеткен болашаққа барар жолды,

Үйреткен өмір үшін күресуді.

Осымен «Тарихы мол тарихы мол тұлға» атты тарихи-танымдық кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағаныңыздарға көп-көп рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал