- Учителю
- 'Мен қандай баламын?'- Тәрбие сағаты
'Мен қандай баламын?'- Тәрбие сағаты
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы
№ 3 балалар үйінің тәрбиешісі Керимова Асель Балтабаевна
Тәрбие сағат тақырыбы: Мен қандай баламын
Тәрбие сағат мақсаты: 1) Оқушылардың өздерінің қандай бала екенін анықтауына көмек беру.
Міндеттері: 1) Оқушы өзін-өзі тануға ұмтылады.
2) Өзіне-өзі есеп беріп,өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуге талпынады.
Тәрбие сағатта қолданылатын стратегиялар: топқа бөлу,ой қозғау,ақ пен қара тізімі, өзіме хат
Тәрбие сағаттың көрнекілігі: интербелсенді тақта
Тәрбие сағаттың түрі: тәлім сабақ
Тәрбие сағаттың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу ( әр түрлі қағаз қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлу)
2.1Кіріспе әңгіме. Мұғалім сөзі
-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы сұрақ түрінде берілген,яғни ол «Мен қандай баламын» деп аталады.
-Сабақтың сендер үшін мақсаты оңы мен солыңды аңғарғаныңды,жеткен жетістіктеріңді бағалап,өзіңді қаншалықты білетініңді таразыға тартып,ортаға салып оны ары қарай дамыту.
2.2 Ой қозғау
Сұраққа жауап алу арқылы тақырыпқа ену.
а) -Балалар «мен қандаймын»? не « Мен қандай баламын» сұрағы төңірегінде не айтуға болады?Осы сұрақ бойынша топта әркім өз ойын айтып оны ортаға салуларыңды сұраймын.
ә) -Ал өзіңді-өзің тану дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Мағынаны тану
-Енді балалар әр топ бастауыш сынып қабырғасында жүрген әр жылына баға беріп ортаға салайық. (Оқушылар ойын тыңдау)
-Жақсы балалар айтқандарыңа қарай сендердің өз істеріңе зер салып,зерделей алатындарыңа куә болдым.Сонда да қаншама жақсы қасиеттерімізді саналап айтсақ та кез келгеніміздің бойымызда кемшіліктерімізде кездесіп қалады.
-Қалай ойлайсыңдар,менімен келісесіңдер ме?
-Онда қолдарыңдағы сызбаға өзін-өзі жетілдіру ,өздеріңнің жағымды қасиеттерің мен кемшіліктеріңді теріп жазыңдар.
Менің жақсы қасиеттерім:
1.
2.
3.
Менің кемшіліктерім:
1.
2.
3.
4. Ой толғаныс
- Енді өзімізге өзіміз кеңес беріп көрейік.Ол үшін « Өзім үшін жазу» стратегиясын қолданамыз.
-Дәл қазір өздеріңе-өздерің кеңес беріп хат жазып көріңдер.Ол «Өзіме хат» деп аталады.(Оқушылар хат жазады, жауаптарын оқыту)
-Міне бүгіннен бастап өздеріңе өзің ақыл да бере алатын болдыңдар.
-Ендеше балалар бағанадағы айтқандарыңды қорыта келе 21-ғасыр оқушылары қандай болуы тиіс деп ойлайсыңдар?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салады.)
-Балалар бүгінгі сабағымызды мына сөздермен аяқтағым келеді.
Өзіңді- өзің таны да,
Тағы да ойлан, тағы да.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? -деп ойла
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын?-деп ойла