- Учителю
- Тәрбие сағаты. ҚАзақстан менің Отаным
Тәрбие сағаты. ҚАзақстан менің Отаным
Тақырыбы : « Менің Отаным - Қазақстан ! » .
Тәрбие сағатының мақсаты: - Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт - дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі :
-
Қазақстан Республикасының мемілекеттік рәміздері : Туы , Елтаңбасы , Әнұраны , Н . Ә Назарбаевтың портреті .
-
Нақыл сөздер жазылған плакаттар .
-
Н . Ә Назарбаевтың жастық шағынан бастап қазіргі кезге дейінгі жинақталған буклеттер .
-
Қосымша буклеттер .
Тәрбие сағатының барысы :
Мұғалім сөзі : « Менің Отаным - Қазақстан ! » тақырыбындағы алғашқы сабағымызды бастамас бұрын , сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін . Алтайдан Алатауға дейін ұлан - ғайыр жерді мекен еткен ата - бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен . Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен , сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған .
-
Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қандай батырларды білесіңдер ?
Қаракерей Қабанбай , Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап , беріректе Бауыржан , Мәншүк , Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен , сол үшін құрбан болып , ел құрметіне бөленген батырлар .
Ресейдің езгісінде болып тіліміз бен дінімізден безіп , орыстанғалы тұрғанда Қайрат
, Рысқұлбеков , Ләззат Асанова , Ербол Сыпатаев , Сабира апай сияқты қыршын
жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып , егеменді ел
болдық .
Отан ,Отан !!!
Сен болмасаң не етер ем ?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем !
Өмірден бұл өсуменен кетер ем , -
Байқайсың ба , байтақ далам қалай паң ,
Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән !
Ән салдырып тамсандырып әлемді
Аппақ сүттей келеді атып арай таң -
Дегендей , Егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатырғанымыз Егемендігіміздің арқасы .
Қазақстан Республикасының Президенті Н . Ә . Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады ?
( « Нұрлы жол болашаққа бастар жол » Жолдауы )
-
2015 жылы қандай атаулы мерейтойлар тойланады ?
( Қазақ хандығының 550 жылдығы , Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы , Ұлы Жеңістің 70 жылдығы ) .
Олай болса сабағымыз үш бөлімнен тұрады .
1 бөлім : « Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл »
2 бөлім : « Қазақ хандығына 550 жыл »
3 бөлім : « 100 нақты қадам »
1 бөлім : « Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл »
Достық деген не , оны қайсысымыз қалай түсінеміз , соны айырып алайық . Сөз жоқ , достық - егер соны досың шын жүрегімен , жаны ашып істесе . Ал өтірік жаны ашыса , жала жапса қалай болады ? Достық алдымен екі адамның бір - біріне адалдығы . Адалдықсыз достық болмайды . Сендер қалай ойлайсыңдар дос деген не? Дос қандай болу керек ?
Оқушылардың ойлары пікірлері тыңдалады .
Балалар , достық тағы кімдердің арасында болуы мүмкін ?
Осы достық , татулық жайлы , ынтымақтастық туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер ?
Досы көпті жау алмайды , дау алмайды .
Жаман аттан аяғым артық ,
Жаман достан таяғым артық .
Доссыз өмір тұзсыз ас .
Жүз теңген болғанша , жүз досың болсын .
Ынтымақ достықтың бірлігі .
Татулық табылмас байлық .
2 бөлім : « Қазақ хандығына 550 жыл »
« Тарих - ғасырлар куәсі » , « Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы , тұтастану тарихы . Қазақ тек бірігу , бірлесу жолында келе жатқан халық » - деп президентіміз Н . Ә . Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған борша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс . Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады .
Қазақстан Республикасы - біздің туып өскен жеріміз , біздің Отанымыз . Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді . Қазақтар мал өсіріп , жер игеріп , өз Отаның жаудан қорғаған , жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған , яғни біз үшін .
Қазақстан дейтін менің бар елім ,
Жатыр алып жарты дүние әлемін !
Бұл даланы анам жаспен суарған ,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман .
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезендерді бастан кешірді .
Мыңдаған жылдық тарихы бар , Қазақстан өз тәуелсіздігін алды .
Ал , 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталды .
16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып , Қазақстан тәуелсіздігін талап етті .
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі . Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы 22- ші қыркүйекте алды . Ал 1997 жылы 11- ші шілдеде жаңа Заң өнделіп , толықтырып қабылданды .
Жаңа Заң VІ тараудан тұрады . Әр тарауда бірнеше бап бар .
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды .
3 бөлім : « 100 нақты қадам »
Үсіміздегі жылдың сәуір айында Елбасы Н . Ә . Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта « Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадам » атты Ұлт жоспарын ұсынатының айтқан болатын . Жақында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары - « 100 нақты қадам » деген тақырыппен ұсынылды .
Мұғалім : « Қазақ баласының жеті дүниесіне не жатады деп ойлайсыңдар ? »
- Тәуелсіздік , көк Ту , Елтаңба , Әнұран , Президент , тілі .
« Менің Қазақстаным » тақырыбында көршіңмен сұхбаттас .
жері тәуелсіз елі өзен - көлі
Қазақстан
атақты адамдары , қалалары
батырлары
Мемлекеттік
рәміздері Елбасы өнері
Тірек сөздерді пайдаланып ,
1 . « Менің Отаным - Қазақстан » тақырыбына әңгіме құрастырып жаз .
2 . « Менің Отаным - Қазақстан » тақырыбына сурет сал .
3 . « Менің Отаным - Қазақстан » тақырыбына апплекация жаса .
Тілек .
Оқушылар көгершіндер таратылады . Өз тілектерін жазу керек .
( Болғаннан кейін плакатқа келіп . көгершіндерді іледі ) .
-
Балалар ! Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы . Отансыз адам болмайды . Отанымыз көркейіп , гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек .
Еңбектену дегеніміз білімді , тәртіпті болумыз .
Хор : « Көк тудың желбірегені » ( Қолдарына жалаушаларды алып сермейді ) .
Қорытынды .
Желбіре туым желбіре,
Көргенде сені қуанам.
Мақтан қып сенің сәніңді,
Атманмен алыс атанам.
Желбіре туым, желбіре,
Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын.
« Менің Отаным - Қазақстан ! »атты сабағымыз аяқталды .
№1 жалпы орта білім беретін мектеп
Тәрбие сағаты:
«Менің Отаным - Қазақстаным»
Абдрахманова Л.Ш