7


  • Учителю
  • Нормативы диктанта и сочинении

Нормативы диктанта и сочинении

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі мен әдебиетінен қазақ тілінде оқытатын мектептердегі жазбаша бітіру емтихандарына қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің 9 және 11-сынып бітірушілері қазақ тілінен жазбаша бітіру емтихандарында диктант, мазмұндама (9 сынып) және шығарма (11-сынып) жазады. 11-сынып оқушыларын шығарма жазуға төселдіру үшін мазмұндама мәтіндері арнайы енгізілді.

Мектеп бітірушілердің сауаттылығын, білімін бағалау үшін жүргізілетін бақылау диктантарындағы сөз саны белгіленген нормаға сәйкес болуы қажет.

Бақылау диктантының белгіленген нормасы төмендегідей:

5-сынып-90-100 сөз; 7-сынып-110-120 сөз; 8-сынып-120-150 сөз; 9-сынып-150-170 сөз; 10-сынып-170-190 сөз; 11-сынып 190-200 сөз.

Диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері:

  1. Қажет болған жағдайда мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру;

  2. Сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін, оқылу интонациясын ескерту;

  3. Жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердің қандай түрлерінің барын анықтау, ондағы екпін, тыныс белгілеріне көңіл бөлу;

  4. Сызықша, тырнақша тәрізді тыныс белгілерді қолдану жүйесі.


Егер диктанттың мәтінінде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсіндірілмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады.

Мұғалім мәтінді әуелі мәнерлеп оқып шығады, содан кейін жеке сөйлемдерді оқып жаздыра бастайды. Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтіні толық қайта оқылады. Бұл ретте мәтін бояу оқылады. Соңында мұғалімнің рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады. Диктант мәтінін таза қағазға көшіруге рұқсат етілмейді.

Бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері жеке-жеке есептеледі де, жалпы бір баға қойылады.


Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (0/1) диктанттарға қойылады.

«4» деген баға емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (1/5) диктанттарға қойылады.

«3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (6/5) немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате бар (5/6) немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (3/8) диктанттарға қойылады.

«2» баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (8/9) диктанттарға қойылады.

«1» деген баға қате саны «2» деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады.

Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.

Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан арттық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды.

Сонымен бірге тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілген қателер түзетілгенімен, қатеге саналмайды.



Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері


Мазмұндама-оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.

Мазмұндама мәтінінің көлемі төмендегідей болады: 5-сынып-100-150 сөз; 7-сынып-200-250 сөз; 8-сынып-250-300 сөз; 9-сынып-300-350 сөз; 10-сынып-350-400 сөз; 11-сынып-400-450 сөз.

Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптық толық ашылуы, баяндайу жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлеу құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.

Жоспар құру-оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін танытатын жұмыс. Сондықтан бұл жинақта мазмұндамалардың үлгі-жоспарлары берілмейді.

Емтиханда әр мазмұндама мәтіні бойынша жоспар құру міндетті деп саналады.

Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлылығы үшін, алекіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.

Шығарма- оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркінұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі. Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес) кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, сонымен бірге материалды баяндау әдісі мен оның ретті жүйесі сияқты мәселелерден тұрады.

Ескерту: Бітіру емтиханында еркін тақырыпқа жазылатын шығармаларды ғана өлеңмен жазуға болады. Өйткені еркін тақырып оқушыдан ерекше қабілет-дарынды, терең білімді, көркем әдебиетті көп оқуды талап етеді. Ерікті тақырыпқа жазылған шығарманы бағалау-оқушымен қатар мұғалімге де үлкен сын. Өлеңмен жазылған шығармаға өте жоғары талап қойылады. «Өлең-сөздің патшасы» болғандықтан, оның бағасын төмендетпей, өлең құрылысына қойылатын талаптарды (буын, бунақ саны, тармақ, шумақ өлшемі, ұйқас түрі, тегі т.б.) ескеру керек. Өлеңмен жазылғанның бәрін бірдей жоғары бағалау оқушыларды әдеби талғамсыздыққа, өресіздікке тәрбиелейді, өлеңнің қадірін қашырады. Емтихан жыр мүшәйрасы емес екендігін мұғалім дұрыс түсінуі керек. Бағдарламалық материал бойынша алған шығарманы өлеңмен жазуға болмайды. Кіріспе мен қорытынды бөлімде оқушы орнын тауып бір-екі шумақ өз өлеңін кіргізуіне болады. Жалпы емтихандық шығарма оқушының орта мектеп курсы бойынша әдебиеттен алған теориялық білімін, дағдыбіліктілігін тексеру болғандықтан, тақырып жан-жақты, шығарма талаптарына сай терең талдануы қажет. Сондықтан ол қара сөбен жазылады.


Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:


  1. Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы (оқулықтан көшірмей) толық аша білуі.

  2. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  3. Арттық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөздікке жол бермеу.

  4. Шығармада сөз болған жайды оқушының өзі ғана емес, басқаларға да түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы.

  5. Шығарманың барлық бөлімдерінің бір-бірімен тақырып, негізгі ой арқылы шебер байланысуы.

  6. Шығарманың кіріспе мен қорытынды бөлімдері қоса алғанда тұтас жұмыстың ¼ бөлігіндей болуы қажет.

  7. Міндетті түрде жоспар болуы және шығарма мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жоспар болмауы себепті шығарманың бағасы кемітілуі мүмкін.

  8. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

  9. Оқушының өз шығармасында әр түрлі көркем шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып, орынды жерде дәйексөз екелтіруі, ауыз әдебиеті үлгілерінен, сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен өте шағын үзінділерді қисынымен қолдануы жоғары бағаланады, оның терең білімін танытады.

  10. Шығармада қолданылған дәйексөздің қайдан алынғандығы айқын көрсетілуі және ол оқушының ойын қайталамай, оны дәлелдеуі, жалғастыруы қажет.

  11. Шығарма жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек.

  12. Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай (сөздік қоры, сөйлем құрылысы, материалды берудегі көрікті ой, көркем тілі, тілінің образдылығы, ой сергектігі, сезімталдылығы) бағаланады.




Шығарма көлемі мен уақыты төмендегідей болады:

5-сынып -0,5-1бет; 6-сынып-1-1,5 бет; 7-сынып-1,5-2 бет; 8-сынып-2-3 бет; 9-сынып -3-4 бет; 10-сынып-4-6 бет; 11-сынып-6-8 бет (оқушы дәптерінің беті).

Сыныпта жазылатын шығарма сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі. Бітіру емтиханында -6 сағат.
Шығарманың бағалануы туралы

Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:

  1. Мазмұндылығы мен идеялылығы.

  2. Ой-пікірдің жүйелілігі.

  3. Стилі.

  4. Грамматикалық сауаттылығы.


Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы т.б. енеді. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы дәйексөздігі қолдана білуі, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгілеріне байланысты жайларграмматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.


Әдебиет бойынша
«5» деген баға:

  • әдеби материалды терең ұғынып, өте жақсы түсінсе, оны тақырыпты ашу үшін дұрыс қолдана білсе;

  • тақырыпқа толық әрі нақты жауап берсе;

  • мәселені өзіндік ой-пікір тұрғысында дұрыс талдай білсе;

  • ойын жүйелі желімен жаза білсе;

  • тілі бай әрі әдеби тіл нормаларына сай болса;

  • шығарма құрылысы ой жүйесіне сай шебер қиысып стиль бірлігі сақталса;

  • фактілік қателер болмай, сөзді орынды қолдана білсе;

  • қорытынды пікірі орынды, тиянақты болса.


Мазмұнында 1, тілінде 1 елеусіз қате болуы мүмкін.

«4» деген баға:

  • жұмыс мазмұны негізінен тақырыпқа сай болса;

  • әдеби тілмен жазса, бірақ ойын баяндауда бірен-саран дәлелсіздіктер жіберсе;

  • қажетті қорытындылар мен түйіндемелерін дұрыс жасай алса;

  • ой жүйесінің шамалы бұзылуы байқалса;

  • стиль бірлігі сақталған, сөйлем құрылысы алуан түрлі, бай болса.


Мазмұнында 2, тілінде 2-3 кемшілік болуы мүмкін.

«3»деген баға:

  • тақырыптан айтарлықтай ауытқыған болса;

  • материалды баяндау негізінен дұрыс, бірақ жекелеген фактілік дәлелсіздіктер кездессе;

  • баяндау желісі аздап бұзылса;

  • сөздік қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бір үлгіде, біркелкі болса, сөзді орнымен қолдана алмаса;

  • стиль бірлігі сақталмаса, тілі солғын болса.


Мазмұнында 4 тілінде 5 кемшілік кездесуі мүмкін.

«2» деген баға:

-жұмыс тақырыпқа сай келмесе;

-көптеген фактілер бұрмаланса;

-шығарманының барлық бөлімдерінде баяндау жүйесі бұзылса, жоспарға сәйкес келмесе;

-сөздік қоры өте жұтаң, сөйлемдері қысқа, біркелкі, өзара байланыспаса, сөзді орнымен қолданбау жиі кездессе;

-стильдік біркелкілік сақталмаса.

Мазмұнында 6, тілінде 7 кемшілік болуы мүмкін.

«1»деген баға:

-тақырыпты мүлде ашып жаза алмаса;

-мазмұнында 7 және тілінде 7-ден артық кемшіліктер кездессе.


Қазақ тілі бойынша


«5»деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;

«4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қателері болса;

«3»деген баға: емле және тыныс белгілерінен 4-5 тен қателері болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;

«2»деген баға: емле және тыныс белгілерінің әрқайсысынан 6-дан 10-ға дейін қате жіберсе;

«1»деген баға: емле, тыныс белгілерінен қателер саны «2» деген баға нормасынан асып кетсе қойылады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал