7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Біз әдепті жас ұлан, үлгі аламыз жақсыдан'

Тәрбие сағаты 'Біз әдепті жас ұлан, үлгі аламыз жақсыдан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Біз әдепті жас ұлан , үлгі аламыз жақсыдан.»

Мақсаты: балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға баулу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту. Оқушыларды әдептіліккке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, әдептілік туралы нақыл сөздер

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды тәрбие сағатына даярлау;

Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

II.Кіріспе бөлім:

Тәрбиеші:-Бүгінгі біздің тәрбиелік сағатымыз ерекше, себебі бізге қонақтар келді. Келген қонақтарды қалай қарсы алушы едік?

Балалар шаттық шеңберін құрып, амандасады.

Оқушылар:-Күннің көзі ашылып,

Көкте шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме!

Балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші: -Балалар, бүгінгі сабақты мұқият тыңдап, бәрің де атсалысып, білімдеріңді арттырып, тіл байлығымыздың молайғанын көрсете білсеңдер, бұл-біздің қонақтарға деген сый-құрметіміз болмақ.

Ендеше, өздеріңді таныстыра отырып, ұстаздарға деген ізгі ниетімізді тілектер арқылы жеткізейікші:

1.Менің атым -Алма-армандарыңыз орындалсын!

2.Менің атым-Нұртөре - нанымыз көп болсын!

3.Менің атым-Ләйла-лағылдай әсем болыңыздар!

4.Менің атым-Аяулым-аспанымыз ашық болсын!

5.Менің атым-Айман-аман жүріңіздер!

6.Менің атым-Рысдәулет - рақымшыл болыңыздар!

7.Менің атым-Лаура-лауазымды болыңыздар!

8.Менің атым-Сағыныш-сұлу болыңыздар!

9.Менің атым-Элеонора-энергияңыз мол болсын!

10.Менің атым-Айя-абыройыңыз асқақ болсын!

11.Менің атым-Ерасыл -еңбектеріңіз жансын!

Хормен

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші: Рахмет, балалар! Мінекей, осындай жылы лебіздеріңмен өздеріңнің тәртіпті, өнегелі екендіктеріңді көрсетіп отырсыңдар.

Енді сендер «Әдептілік » еліне барғыларың келе ме? «Әдептілік» елінде қандай балалар тұрады екен? «Әдептілік» дегеніміз не?

III.Негізгі бөлім:

Мағынаны тану.

Әдептілік деп-үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз.

Әдепті бала-ұқыпты, тілалғыш, шыншыл болады, өтірік айтпайды. Достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді және жаман қылықтардан аулақ болуға тырысады.

Тәрбиеші:Балалар, енді тақтаға зер салыңдар(суретпен жұмыс)

Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болатынын бізге тақпақ арқылы жеткізіңдерші.

1-бала

Ата-ананың тілегі-адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі-адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің әрқашан да керегің

Әсемпаздық дегенің-әуре сарсаң, әлегің.

2-бала

Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзіде

3-бала

Сыйлап сәлем беремін

Үлкендерді көргенде

Ізетпен бас иемін,

Үйге қонақ келгенде.

4-бала

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ-табақты.

5-бала

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңмен сормағын

Салдыр-салақ болмағын.

6-бала

Атам маған әманда,

Әдепті жан бол деген!

Ата сөзі санамда-

Жасы үлкенге жол берем!

7-бала

Атам маған қашанда

Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жүрем тура жолменен.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

Ендеше балалар,

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз ?

Әдепті екен бұл дейміз.

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз

Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Үлгілі екен бұл дейміз

«Кім шапшаң?» ойыны

Қызығушылықты ояту

Көрініс: Әдепті бала

Көрініс бойынша сұрақтар қойылады.

  • Балалар, сендер кімнің әрекеті дұрыс деп санайсыңдар?

  • Жанарды қандай бала деп айта аламыз?

  • Әдепті бала қандай болады?

  • Әдепсіз бала қандай болады?

  • Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Тәрбиеші: - Міне өздерің көріп отырғандай әдептіліктің де өз ережелері бар екен. Ал енді осындай ережелерге бағынбайтын да балалар кездеседі.

  • Ендеше тыңдайық.

1-оқушы: Қайыр күтпе баладан,

Өз мысығын сабаған,

Кім алдаса анасын

Оған қалай нанасың.

Екі болса алғаны-

Бала ұятқа қалғаны,

Ойнап жүріп жыласа-

Орынды емес бұл аса.

Добын қимас ойнауға,

Ұят, сараң болған да.

2-оқушы: Ілгек, түйме жұлынып,

Кешке дейін алысар.

Әркімге бір ұрынып,

Құспен, малмен жарысар

Шашы түсіп көзіне,

Түсінбей ақыл сөзіне

Мұғаліммен таласар,

Дәлел тауып сөзіне.

3-оқушы: Анау бала,қолын қара,

Кірқожалақ қап-қара,

Тырнақ өскен,

Шашы көптен,

Алынбапты - ау масқара!

Тазаланып тұру керек,

Ерте мен кеш жас бала.

Ән: «Жалқаубек»

Сұрақ - жауап :» Не деу керек ?»

Оқушының зейінін тексеру:

Енді, балалар ,адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырайық. -Сендер қалай ойлайсыңдар? Жарқырап тұрған күнге қандай баланы жатқызуға болады?

-Ал, мына бұлтқа қандай баланы жатқызуға болады?

-Олай болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.

Әдептілік жайлы мақал - мәтелдер.

  1. Әдептілік, ар, ұят адамдықтың белгісі.

  2. Әдепті бала жол сілтейді,

Әдепсіз бала қол сілтейді.

  1. Жақсы бала жеткізеді мұратқа,

Жаман бала қалдырады ұятқа.

Қорытынды :

Мұғалім : Балалар , ойымызды қорытындылау үшін тақтаға назар аударайық. Мұнда ағаш пен баланың суреті бейнеленген.

  • Ағаш үлкен, мәуелі болып өсу үшін ағашқа не қажет деп ойлайсыңдар?(күн, күтім, ауа, су, қамқор, құнарлы топырақ)

  • Ал енді адамның жақсы болып өсуі үшін не қажет ? (тәрбие, ақылдылық, білім, еңбек, адалдық, тазалық, денсаулық, қарапайымдылық)

  • Ағаш пен адамды мәпелеп өсіретін - адам.Ағашты күтіп, баптап өздерің өсіресіңдер, ал сендерді жақсы адам болып өсулерің үшін қаншама адам сендер үшін еңбек етеді.Тәрбиеші тәрбиелейді, мұғалім білім береді, дірігер денсаулығыңды бақылайды. Ата- аналарың жақсылап тамақтандырады, сендерді ешкімнен кем қылмайды.Барлығы сендерді жақсы адам болып өссе екен дейді.Сендердің жақсы болып өсулерің өздеріңнің қолдарыңда, ал біз сендердің тілеулеріңді тілейміз.

Сонымен , балалар , бүгінгі «Әдеп» сабағы сендерге ұнады ма? Ендеше осы сабағымыздан сендер қандай ой түйдіңдер ?

Хормен :

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сергіту сәті. «Көңілді күн»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал