- Учителю
- Урок, Презентация 'Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер'
Урок, Презентация 'Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер'
| Пәні: Тәрбие сағаты | Мерзімі: 12.01.2016 жыл | Сыныбы: 5«И» |
| Сабақтың тақырыбы: | Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер | |
| Сабақтың реті: | 17-сабақ | |
| Жалпы сабақтың мақсаты: | оқушыларды әке-шешелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден, ата-ана, ұстаз,оқушы арасындағы ынтымақты нығайту, үшіншіден, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың бойында асыл адамгершілік, өнегелі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу | |
| Күтілетін оқу нәтижелері:
| Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін - бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке үйренеді. | |
| Түйінді идеялар: | «Естігенімді ұмытамын, көргенімді сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін» Конфуций сөзі | |
| Сабақты ұйымдастыру түрі: | Тренинг-тәжірибе | |
| Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | топтық әдістер, ДК, сыни ойлау, түрткі болу, сынақтан өткізу техникалары | |
| Жұмыс түрлері: | Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс | |
| Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: | Интерактивті тақта, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер | |
| І. Қызығушылығын ояту кезеңі: | ||
| Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | |
| 1-әрекет. Шаттық шеңберін құру арқылы оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа жақсы тілектерін тілейді | Оқушылар бір-біріне тілек тілейді. | |
| 2-әрекет. «Асық» арқылы топқа бөлу. | Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады | |
| ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі | ||
| 3-әрекет. Интербелсенді тақтадан видео ролик көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. | Видеоны көре отырып, қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады. | |
| 4-әрекет. Топтық жұмыс. Тақырып бойынша «әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» тақырыбына постер жасау | Топтық жұмыс: постер жасау, қорғау. | |
| 5- әрекет. « Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы бағалау» әдісі арқылы бағалау | Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды | |
| ІІІ. Ой толғаныс кезеңі | ||
| 6-әрекет. «Ой толғау» әдісі арқылы берілген тапсырма бойынша жалғасын құрау | Оқушылар берілген тақырыптың жалғасын құрап, көрсету. | |
| 7-әрекет. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау | Оқушылар бір-бірін бағалайды. | |
| 8-әрекет. Жеке жұмыс: «Түртіп ал» әдісі. Мақал-мәтелдің келесі жартысын табу
| Оқушылар берілген мақал-мәтелдің жартысын табу, жұмыс дәптерлеріне түртіп алу | |
| 9-әрекет. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.
| Оқушылар бірін бірі бағалайды. | |
| 10-әрекет. Үй тапсырмасы | Үйге осы тақырыптарда кеңінен ізденіп келу. | |
| 11-әрекет. Жеке жұмыс: «Күту ағашы» әдісі бойынша кері байланыс жасату
| Оқушылар «Күту ағашына» өздерінің бүгінгі сабақта алған әсерлерін стикер арқылы жазып іледі | |
| Мұғалім | Нұрақынова Алмагүл Нұрбосынқызы | |