7


  • Учителю
  • 'МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН' (тәрбие сағаты) 4 сынып

'МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН' (тәрбие сағаты) 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


МЕНІҢ ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН.

Мақсаты:

- Оқушыларды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт - дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Түрі: әңгіме, сұхбат, пікір алмасу

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, қанатты сөздер, сурет көрмесі, кітаптар көрмесі

Тәрбие сағатының барысы:

Әнұран орындау

Сынып жетекші: Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан.

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады.Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты.Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік - экономикалық, саяси - қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.

Отан,Отан!!!Сен болмасаң нетер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар.Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай - талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы - демократиялық ел ретінде таниды.Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді.Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар.Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлығы айқын сезінеді.Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз.Қазір қазақстан - көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық , мәртебесі беделді мемлекет.

Сынып жетекші:

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Ала таудың күндерін.

Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,

Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

30 тамыз - ҚР Конститутциясына 20 жыл толды. 1995 жылы ата заңымыз қабылданды. Туған жеріміздің тұғыры биік болсын! Заң дегеніміз - ереже. Ережені бұлжытпай орындау керек емес пе. Қандай ереже-баптарды білесіңдер? (1-2 оқушыдан сұралады)

- Дұрыс, сондай-ақ, Ата Заңымызда әркімнің білім алуына, денсаулығын сақтауға, тынығуға құқығы бар екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, Отанды қорғау, мемлекеттік нышандарды құрметтеу, тарихи - мәдени ескерткіш-мұраларды қорғау, табиғатты сақтау және қорғау әр азаматтың міндеті екендігі баса көрсетілген. Осыны естен шығармайық. Конститутция 9 бөлім 98 баптан тұрады.

1-бөлім. Жалпы ереже.

2-бөлім. Адам және азамат

3-бөлім. Президент

4-бөлім. Парламент

5-бөлім. Үкімет.

6-бөлім. Конституциялық кеңес

7-бөлім. Соттар және сот төрелігі.

8-бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару

9- бөлім Қорытынды және өтпелі ережелер

Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. ( көрме туралы ақпарат беріп өту)

100 қадамның бірнешеуіне тоқталып өту

Сынып жетекші: Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді.Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.


Ту

Желгіре туым желбіре,

Көргенде сені қуанам.

Мақтан қып сенің сәніңді,

Атманмен алыс атанам.

Желбіре туым, желбіре,

Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,

Қасқайып төрде тұрамын.


Елтаңба

Алтын қанат көмкерген.

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бине сен қыран,

Жай бине емес ұғып ал.

Көгілдір түс аясы.

Бейбіт дала елесі.

Шаңырық жұрт панасы,
Уықтан күн сәулесі.

Аңызға ұшқыр төзімді,

Пырақ халық арманы.

Жоғары да түсер көз,

Бас бармақты жұмуға.

Ал, Қазақстан деген сөз.

Таныс барлық ұл, қызға.

Маған, саған қымбатты

Ел таңбасы ол - Елтаңба.

Теңге.

Шыныменен Алла рахым берді ме?

Қазғымның көз жасын ол көрді ме?

Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз.

Қолды жаймас, кезегіне келді ме?

Сынып жетекші:Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі.Қазақстан Республикасы жүздеген ұл пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.иҚазақстан өз Президентін Ұлы тұлға деп мақтана алады.

ПРЕЗИДЕНТ.

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап, сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Аман бол алтын жүрек, дана басым.

Ел үшін өлімге де бара аласың.

Буынның бұгілмесін ел алдында,

Ертең де еңбегіңді бағаласын.

Оқушылармен жұмыс

Сұрақтар:

1.Қазақстанның жалпы жер көлемі қанша шақырым?

- 2717 мың шаршы шақырым.

2.Қазақстан қанша мемлекеттермен шектеседі?

- 5 мемлекетпен шектеседі.

3. Қазақстанның ең үкен обылысы?

- Қарағанды облысы.

4.Қазақстан Республикасының елтаңбасының жоғарғы және төменгі жағында не бейнеленген?

- Жоғарыда бес бұрышты, төменінде Қазақстан жазуы.

5.Қазақстан Республикасы егемендігін қай жылы алды?

- 1995 жылы,25 қазанда.

6. ХVІІІ ғасырдың орта шетінде Жоңғар хандығына қарсы үш жүздің басын қосқан кім?

- Абылай хан.

7. Қазақстан жер көлемі жағынан дүниеде нешінші орында?

- Тоғызыншы орын.

8. Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі бар? Кез - келген бесеуін ата?

- 25 - 26 түрі бар. Олар: көмір, мұнай, алтын, фосфорит, күміс.т.б.

9. Егемендік туралы декларацияға қашан қол қойды?

- 1990 жылы 25 қазанда.

10. Қазақстанда қанша облыс бар?

- 14 облыс бар.

11. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?

- 1989 жылы қазанда.

12. Қазақ хандығының негізін құрған хандар?

- Керей, Жәнібек.

13. Соңғы Конституция қай жылы қабылданды?

- 1995 жылы 30 тамызда

Қорытынды

Қазақстан - туған Отан алтын бақ, Қазақстан - мейірлі ана, дос қымбат.

Қазақстан - бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.

Қазақстан - көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал