7


  • Учителю
  • 'Жұлдызды сәт' танымдык ойыны 5- класс

'Жұлдызды сәт' танымдык ойыны 5- класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Жұлдызды сәтМақсаты: а) Қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін қайталау, пәнге деген қызығушылығын арттыру ә) Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын,шығармашылықтқабілеттерін дамыту. б) Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеуТ
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жұлдызды сәт

Мақсаты:

а) Қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін қайталау, пәнге деген қызығушылығын арттыру

ә) Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын,шығармашылықтқабілеттерін дамыту.

б) Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Түрі: интеллектуалды ойын

Әдісі: сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жұлдызшалар, кеспе қағаздар

Өту барысы:

І Ұйымдастыру

-Құрметті ұстаздар, оқушылар! 5-сыныптар аралығында ұйымдастырылып отырған «Жұлдызды сәт» интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында ортаға шығып, тренинг жасаймыз.

«Төртбұрыш » тренингі

Әр қатысушы төртбұрыштың суретін салып, төрт бұрышына осы сайысқа қатысып отырған төрт адамның атын жазады.

1-қол ұстасады

2- иығынан ұстайды

3- арқаларын түйістіреді

4-иіліп сәлем етеді

Екі топ өздерінің атымен, топ басшысымен, топ мүшелерімен таныстырады.

Әділқазылар: 1.

2.

3.

ІІ Сайыс жоспары

1.Дымбілместің тапсырмасы

2.Сөз ойла, тез ойла

3.Тапқыр болсаң тауып көр

4.Сиқырлы сандар

5.Жүйрік болсаң шауып көр

6.Ойлы болсаң озып көр

Екі топқа сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

1.Дымбілместің тапсырмасы.

Мұнда екі топтағы оқушыларға Дымбілместі орындаған түрлі тапсырмалары беріледі. Осы тапсырмалардың ішінде қателері бар. Сол қателерді табу керек.

Жақсы-нашар көп-аз терең-аласа ұзын-қысқа

Ат-а ә-же та-ма-ша қа-рбыз

Жұлдыз құндұз балдар әйгерім

Ит мөңіреді Жылқы кісінеді Сиыр маңырады Түйе боталады

Қанша қате тапса, сонша ұпай беріледі.

2. Сөз ойла, тез ойла

Топ басшылары қағаз суырып, онда жазылған сөзді оқиды. Келесі оқушы оның айтқан сөзінің соңғы дыбысынан басталатын сөз айтады.

Алма-айна-ант-тарақ-қант-тас-салат

3. Тапқыр болсаң тауып көр

Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын айтады.

Қас пен көздің арасында-лезде

Төбе шашы тік тұрды-шошыды

Тайға таңба басқандай-анық

Аузына құм құйылды-үндемеді

Көзге түртсе көргісіз-қараңғы

Бет моншағы үзілу-ұялу

Жерден жеті қоян тапқандай-қуану

Қырық пышақ болу-араздасу

Түн ұйқысын төрт бөлу-ұйықтамау

Екі езуі екі құлағында -шатанды

Сан соғу- өкіну

Бетінен оты шықты- ұялды

Құлақ асу- тыңдау

Көзіне ілмеу- қарамау

Бет-аузы бүлк етпей- ұялмай

Ит терісін басына қаптады-ұрысты

Дұрыс жауап- бір ұпай

4. Сиқырлы сандар

Әр топқа сандар көрсетемін. Сол саны бар мақал-мәтелдер айтады.

40, 1, 7, 100, 9, 6

Айтқан бір мақал - мәтел - бір ұпай

5. Жүйрік болсаң шауып көр

І топқа

  1. «Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі?

  2. Жеті күнді ата

  3. «Тамаша » сөзінің синонимі

  4. «Аяз би» ертегісіндегі Жаманның қалыңдығының аты кім?

  5. Үш биді ата

ІІ топқа

  1. «Ақылды» сөзінің антонимі

  2. Төле биден тәлім алған би

  3. Киелі сандарды ата

  4. Дүние жүзінде неше тіл бар?

  5. Тұрмыс-салт жырларын ата

Әрбір дұрыс жауап бір ұпай болып есептеледі.


  1. Ойлы болсаң озып көр

Сөзден сөз құрау. Топ басшылары жарысқа түседі. Олар 2 минутта бірнеше сөз құрау керек.

Алтыбақан

Көрермендермен ойын

Адасқан әріптер

роқа , репдәт, тырша, сымна (орақ, дәптер, шатыр, намыс-Отан)

Ерекше әріптерден бір сөз шығу керек.

ІІІ Қорытындылау

Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал