7


  • Учителю
  • «Жүрегім де, тілегім де, тірегім де – қазақ тілі» 5 клас

«Жүрегім де, тілегім де, тірегім де – қазақ тілі» 5 клас

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жыр сайыстың тақырыбы :

«Жүрегім де, тілегім де, тірегім де - қазақ тілі»

Мақсаты : Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір - қасиетін бойларына дарыту.

Іс - шара түрі : мәнерлеп оқу сайысы.

Көрнекілігі: тіл туралы нақыл сөздер, интерактивті тақта, флипчарттар.

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сөзі :

Тіл - қоғамның жемісі, нәтижесі. Тіл - құдіреті өте күшті, киелі, қасиетті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен еніп, қалыптасқан. Тіл адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын қарым-қатынас құралы.

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Назарбаевтың 1989 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сай жыл сайын 22 қыркүйек «Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі» деп аталады.Ұлттық тілге құрмет көрсететін ортақ мейрам.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, тіл жанашырлары ! Бүгінгі «Жүрегім де, тілегім де, тірегім де - қазақ тілі» атты жыр сайысына қош келдіңіздер. !

Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы, құтты болсын !

Жыр сайысымызды ашық деп жариялаймын. Кезекті қатысып отырған сайыскерлерге берсек.

1. Бисенова Айкөркем 6 «а» кл. «Қазақ тілі» М.Жұмабаев.

2. Абдешев Қуатжан 6 «а» кл. « Анам тілі» І.Жансүгіров.

3. Жулдасова Нұржауған 6 «а» кл. « Туған тілім» Д.Әбілев.

4. Жұмабай Шерхан. 6 «а» кл. « Қазақ тілі» С.Сейітов.

5. Қонысбаев Султан 6 «а» кл.

Тіл туралы мақал -мәтелдер жалғасын табу.

1. Тіл тас жарады,....

. 2.Тіліңмен жүгірме,...

3.Ана сүті ой өсіреді,...

4.Тіл - қылыштан....

5.Өнер алды ....

6.Ең тәтті де тіл,...

7.Басқа пәле ...

8.Мал басынан байланады,...

9.Жыланның уы тісінде,...

10.Шешеннің тілі - .....

Мұғалім : Жыр сайысымызды жалғастырамыз.

1. Наурызова Ақбота, 9 «ә» кл. «Ана тілі» С.Мәуленов.

2. Кенжигалиева Майрагүл, 9 «ә» кл. « Ана тілім» Ә.Әпекұлы.

3. Рахимов Азамат, 9 «ә» кл. « Туған тілім» Д.Әбілев.

4. Корнева Алла , 6 «ә» кл. « Ана тілім» Қ.Мырзалиев.

5. Иванова Кристина, 6 «ә» кл. «Туған тілім» Ә.Тәжібаев.

Әділқазылар осы мәнерлеп оқу сайысын қорытындылағанша, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойынын ойнап жіберсек.

Бұл ойында қатынасушы 3 оқушы , 3 әріп таңдасын.

( Мына әріптер : А, Ш, С.)

Сіздерге сұрақтар айтылады, жауабыңыз алған әріптерден басталуы керек.

1. Қай қалада тұрасың ?

2. Сенің сүйікті әншің ?

3. Қандай тағамды ұнатасың ?

4. Сыныптағы досыңның аты ?

5. Мінез - құлқың қандай ?

6. Қандай мамандықты қалайсың ?

7. Кімге ұқсағың келеді ?

8. Соңғы оқыған шығарманың аты.

9. Жазғы демалысыңды қайда өткіздің ?

10. Қандай гүлді ұнатасың ?

11. Мектепке немен келесің ?

12. Күзде ауа райы қандай ?

Іс - шараны қорытындылау.

Сөз әділқазылар алқасына беріліп, оқушыларды марапаттайды.























Ақырап орта мектебі.

Тілдер күніне арналған жыр сайыс.

Тақырыбы : « Жүрегім де, тілегім де, тірегім де - қазақ тілі».

Класс : 6 «а», 6 «ә», 9 «ә» кластар.






өткізген : Бекбергенова.Л.Қ.


2011 - 2012 оқу жылы.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал