- Учителю
- Баяндама 'Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық аспектісі'
Баяндама 'Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық аспектісі'
Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған тұлға. Адамдар тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Тұлға дегеніміз- адамның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Тұлғаны дамыту - күрделі процесс. Оның үш маңызды аспектісі бар:
1.Әлеуметтік-психологиялық аспектісі. Ол өз кезегінде екі факторға байланысты болады:
а) баланың танымы мен мінез-құлқына қажетті белгілі қондырғылар, бағалы құндылықтар, түсініктер мен ұстанымдардың мақсаты, қоғамдық әсері.
б) адамның өмір жағдайын, оның іс-әрекеттегі жеке стилін, тұлға аралық қарым-қатынасты анықтайтын тұлғаның дамуы.
2. Психологиялық аспектісі тұлғаның танымдық үрдістерінің жеке ерекшеліктерін қамтиды: есте сақтау, ойлау мен сөйлеу тағы сол сияқты мінез-құлықтарын қарастырады.
3. Аспект тұлғаның ерекшеліктері мен қабілетінің психофизиологиялық дәрежесі негізінде нақтыланады. Тұлғаның даму процесі екінші және үшінші аспектілердің көмегімен іске асырылады.
Сонымен, "тұлға" дегеніміз адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін бір сөзбен айтқанда өз бейнесін жасаушы. Әр адамның тұлға болып қалыптасуы сыртқы күшке, табиғатқа және әлеуметтік жағдайға байланысты.
Рухани-адамгершілік тәрбие ерте балалық шақтан бастау ала отырып, адамның өмірінің әр кезеңдерінде жүйелі дами келе, тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде, рухани бай, дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, мұғалімдердің балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, мұғалім істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді.
Тұлға мен әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам дамуды оңды болуы үшін адам бойында оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге ие. Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі - бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде қарастырылады. Тұлғаның әлеуметтенуі тек әлеуметтік - бақыланатын және бағыттылық - ұйымдасқан жағдайлар жиынтығынан ғана емес, сонымен қоса, аяқ - асты жағдайларын да тәуелді болып келеді. Сонда адамдар өміріндегі кездейсоқ жағдайлар өмірді көрген қиыншылықтары адамның өзіне тән қоршаған ортасына деген көзқарасын өзгертеді. Әлеуметтік жағдайларға саналы мөлшерде икемделу тұлғаның өзіне, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін жағдайларды сөкпей қолдап отырған жөн. Саналы түрде икемделу адамның, қоршағандардың өмірін жеңілдетеді. Көріп отырғандай, тұлғаны әлеуметтік - психологиялық тұрғыдан қарастыруда оның өзіне деген субъективті көзқарасы адамдардың қоғамдағы орнын белгілеуде маңызды мәнге ие. Индивидтің қоғамдық қатынастар жүйесіне еніп, бұл үрдіс негізінде қалыптасатын интегралды әлеуметтік қасиетін, яғни тұлғаның дамуын әлеметтенуден тыс қарастыру мүмкін емес. Тұлғаның әлеуметтенуін индивидпен қоғамдық тәжірибені жаңғырту және меңгеру үрдісі ретінде анықтауға болады, соның қорытындысы ретінде индивид тұлғаға айналып, өмір үшін қажетті психологиялық қасиеттерді, білімдерді, дағдыландырады.
Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі әсіресе интенсивті түрде болашақ және жас өспірімділік кезеңде дамиды, ал тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін созылады. Қоғам дамуы тұлғаның индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал жалпы әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші өз үлесін қосады.
Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады: 1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді. 2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді. 3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады. 4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады. Негізгі әлеуметтену феномендеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр - қызығушылықтарды, құндылықтарды, бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. Ал әлеуметтенудің негізгі институттары ретінде: жанұя, мектептік мекемелер, формалды емес ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, еңбек ұжымдары т.с.с. есептелінеді . Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында әсер ететін қарым-қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі. Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни - негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін игереді.
Қорыта айтқанда тұлғаның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әлеуметтенудің ықпалы зор, тұлға болып дамыған тіршілік иесін әлеуметтенусіз елестету мүмкін емес.