7


Ашық шара 'Жаңа Жыл '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық шараның тақырыбы: Төрлет, Құтты Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: қабырға газеті, шырша, шарлар

Әдісі: Концерттік бағдарлама

Сабақтың барысы:
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
1 - жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
2 - жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
1 - жүргізуші: Абылай байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 - жүргізуші: Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік Нұрсәуле, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық.
2 - жүргізуші: Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда санта клаустар атып шығады - 6 «в» сынып)
Санта клаус 1: Сәлем саған, туған ел!
Санта клаус 2: Сәлем, сәлем достар!
Ой, ой,ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп келейік қане?!
Санта клаус 1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
(Санта клаустар шығып ортаға « JINGLE BELLS» биін билейді.).
1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.
2 - жүргізуші: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!
Мешін жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын - дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры Курманова Райхан Каракуловна апайға береміз.
Рахмет апай, сіздің құрметіңізге әсем ән жолдаймыз.
Хор : «Жаңа жыл!»
2 - жүргізуші: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

Аяз ата: Бапаева Қалдан апа

Ақшақар: Шаухымова Жанаргүл

Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Қой жылымызға аман- есен саулық тілеп, келер жылымыз Мешін жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп тілейміз.
Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
2 - жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!
1 - жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір - түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?
2 - жүргізуші: Олай болса, 6 сыныбымыздың жігіттерінен құралған кезекті әзілге жол берейік.
(Рахмет жігіттер өнерлерің өрге жүзсін.)
1 - жүргізуші: Жаңа жыл - жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл - ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл - партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Ендігі кезекті әнге берелік. Ән: Орындайтын : 5 «в» ....
2 - жүргізуші: Жаңа жыл - бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Қой жылын шығарып салайық.
1-оқушы: Гүлназым

Біздің елде өткен жылы,
Қой жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым - Қой жылы,
Қош, аман бол көргенше.
Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.
Қой жылы: Ержан

Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.
1 - жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
Ортаға Жаңа Мешін жылы келеді.
Мешін жылы: Әнуар

Жақсылыққа бағыттаған
Мешінмін мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Қой жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым - ұят, жаным - халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.

2 - жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
Үнді биі 6 «б» сынып қыздары

1 - жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.
Ән: « Жаңа жыл » Орындайтын: Гүлшырай мен Айгерім
2 - жүргізуші: Ендігі кезекті 5 «в» сыныбының дайындаған пародиясына берелік. Қарсы алыңыздар!
Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер! Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт. Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын. Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын. Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін. Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін. Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар. Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.

1 Жүргізуші: Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. 2 Жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз. (Аяз ата, ақша қар кетеді. )

Ойын ойнатылады.
1 - жүргізуші:: Ойынның шарты ортаға адам келсін.1-ші партадағы стакандағы суды келесі партадағы стаканға қасықпен тасу керек. Қане шарты түсінікті болса ойынымызды бастайық.
Кімнің жылдам екенін көрелік, достар ия.
Барлығымыз қошеметтеп отырайық.

2- жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қолқала.
«Флешмоп би» сайысы : 5-6 сынып оқушылары


1 Жүргізуші :Құрметті достар!

2 Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.

2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау - саламатта болыңдар!








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал