- Учителю
- 'Рәміздер' (тәрбие сағаты) 5 сынып
'Рәміздер' (тәрбие сағаты) 5 сынып
Тақырыбы: Рәміздер.
Мақсаты: а) оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу, авторларымен таныстыру.
ә) жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімін дамыту, талдау,салыстыра және ой қорыта білу қабілетін дамыту.
б) қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстан еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, авторларының портреттері.
Саб. әдісі: танымдық бағыттағы серуен, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Ә) Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Б) Қазақстан Республикасының әнұранын дайындау.
ІІ. Кіріспе сөз.
-Құрметті оқушылар, бүгін 5 сынып оқушыларының жас сарбаздары «Шекара бекетінде» сынақтан өтетін болады. Бүгінгі өнеге сағатымыздың мақсаты- «Рәміздер» елінен көп мағлұмат әкелу, олар туралы, авторлары, жасалу тарихы жөнінде қызықты мәліметтер жинауымыз керек.
«Шекара бекетінде»:
-Балалар, біз «Рәміздер» мемлекетінің шекара бекетіне келдік, бұл жерде бізді тексеріп сынақтан өткізеді. Шекарашының сұрақтарына дұрыс, толық жауап беруге тырысайық.
Шекарашы:
-Отанымыз қалай аталады?
-Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
-Мемлекетіміздің Президенті кім?
Ата заңдарың бар ма, ол қашан қабылданды?
-Сен тұратын облыс қалай аталады?
- Облыс орталығы қай қала?
-Мекенжайыңды айт?
-Отан туралы мақал айт?
-Ауданың қалай аталады?
-Ауылың туралы не білесің?
-Тәуелсіз мемлекетіңе неше жыл толады?
Шекарашы: Өте жақсы, балалар, сұрақтарыма жауап бердіңдер. Сендерге шекарадан өтіп «Рәміздер» еліне саяхатқа өтуге рұқсат беремін.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалім: Міне, балалар, «Рәміздер» еліне кірдік.
Бүгінде біздің еліміз бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған- Тәуелсіз мемлекетпіз. Әр мемлекеттің өз заңы, өз Президенті, өз рәміздері болады. Рәміз дегеніміз түрлі ұғымдардың бірлесуі. Біз белгілер әлемінле өмір сүреміз. Қандайда бір мемлекет болмасын оның алғашқы қадамы-өз Туы, Елтаңбасы, Әнұранынан басталуы керек. Бұл олардың тәуелсіздігі мен егемендігінің белгісі болып табылады.
Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көк байрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қара, тұмардай сақтау-бәріміздің абыройлы міндетімізСондықтан да сүйікті Отанымыздың осынау рәміздерін мақтаныш тұтып, қастерлеп қана қоймай, онда бейнеленген өрнектердің мән-маңызын, түс -реңін жақсы біліп жүрген жөн. 1992 жылдың 6-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Мемлекеттік ту Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасының тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және басқа да соттарының, Бас Прокуратурасының, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттарынынң, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында тігіледі.
ҚР Президентінің қызмет кабинетінде, Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі сессияларының отырыстары, парламентінің Палаталары Бюроларының, Үкіметінің отырыстары, мәслихаттарының сессиялары өтетін залдарда, Жоғарғы Сотының, оның алқалары мен басқа да соттарының мәжіліс залдарында, дүниеге келген нәрестелерді және некені салтанатты түрде тіркейтін орын-жайларда міндетті түрде орнатылуға тиіс.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қайтадан қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, "Менің Қазақстаным" жер жүзіне таралды.
«Рәміздер» мемлекеті үш аймақтан тұрады.
(Оқушылар 3 топқа бөлінеді.)
-Құрметті оқушылар, «Әнұран», «Елтаңба», «Ту» ауылдарына саяхатымызды бастайық.
Міне, біз «Әнұран» еліне келдік. Осы елдің тарихымен, әнші-композиторларымен танысайық
1-оқушы: Әнұран адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.
2-оқушы: Саз бен сөз арқылы өмірдің бүкіл бояуын, тағдырдың барлық мағына, болмысын танытуға болады.
3-оқушы: Мемлекеттік әнұран-өзгеше рухани тумыз, Әнұранда халқымыздың бостандық сүйгіш көңілі, тарихи тамырының тереңдігі және болашаққы деген үміті көрініс тапқан. Ол бізді көне де киелі қазақ жерінде бейбітшілік пен береке, татулық пен ізгілік мәңгі салтанат құра беруі жолында бірігуге шақырады.
Ал, әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?
4-оқушы. Ш.Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі.
5-оқушы: Халқының жүрегін соншалықты сыршыл да кәусар саздың құдыретімен баураған сазгер есімі мәңгі ұмытылмайды., халық жүрегінде сақталады.
6-оқушы: Ж.Нәжімеденов 1960 жылдардан бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылында туған. «Менің Қазақстаным» атты әнге сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.
7-оқушы: Президентіміз Н.Ә.Назарбаев-достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған тұлға. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен.
Міне, балалар, біз «Әнұран» елінің тарихын, авторларын білдік.
8-оқушы: Жеңістерге қолбасыдай
Ерліктердің жолдасындай
Еліміздің әнұраны
Жүректерде жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың
Жан серігі халқымыздың.
Рақмет, балалар, енді, «Елтаңба» еліне барайық. Бұл елдің сәулетшілерімен танысайық.
1-оқушы: ҚРМемлекеттік елтаңбасының авторы Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі қоғам қайраткері-Ш.Ы.Уәлиханов. 1932 ж Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген.
2-оқушы: ҚРМемлекеттік елтаңбасының авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші-Ж.Мәлібекұлы. 1942 ж Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Еңбекшы ауылында дүниеге келген.
3-оқушы:Біздің Елтаңба әлемде сирек кездесетін-елтаңба.
Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада,. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел-жқртқа да байлық, қуат тілеймін дегенді білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырамай берсін» деген арманды арқалап тұр.
4-оқушы: Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,
Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап
Сәулесіндеу күннің алтын уықтар тұр шаншылап,
Қасиеттеу Елтаңбаға қарап тұрсаң анықтап.
Келесі ауылымыз-«Ту» елі. Ендеше азаматтарымен, тудың ерекшеліктерімен де таныс болайық.
1-оқушы: ҚР Мемлекеттік туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері-Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков . Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 ж 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келді.
2-оқушы: ҚР Мемлекеттік туы зеңгір көк түсті жібек матаның ортасындағы 32 күн шапағы астындағы қыран бейнесінде өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі-оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда «қошқармүйіз» деп аталатын қазақы өрнек ойылған. Күн, күн шапағы, қыран, ою-алтын түстес.
3-оқушы: Көгілдір түс-аспанды бейнелейді. Аспан-бейбітшілік пен молшылық белгісі.
Көгілдір аспан аясында мәңгілік алтын шуақ шашқан ұлы Күн бейнесі -бақыт пен байлық рәсімі. Күн бізге жылулық беріп, қараңғылықты сейілтеді, барлық тірі жанға өмір береді.
4-оқушы: Қыран құс патшасы. Қыран бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін ол-еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу, жер бетіндегі тіршілік көші ұмытылған алыс армандарға қанат қағуы.
5-оқушы: Өрнек-халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен ең ұлы табыстардың бірі. Ою-өрнек халықтың сана-сезімі мен мәдениетінің даму жолының куәсі, қоршаған ортаны көркем тануының құралы.
6-оқушы: Т.Молдағалиев: «Біздің ту»
Айнымайды аспаннан
Біздің туы бояуы
Оны халық қашан да биікке іліп қояды.
Көк аспанда алтын күн,
Көк аспанда жас қыран,
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан.
Шекарашы:
-Балалар, естеріңде босын Қазақстан Республикасының азаматтары, сонымен қатар еліміздің территориясында өмір сүретін адамдардың барлығы ҚР Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қадірлеуге, сақтауға міндетті. Олай болмаған жағдайда еліміздің заңдары бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мұғалім:
-Балалар, бүгінгі саяхатымыз да аяқталды, біз «Рәміздер» елінен көп мағлұматтар алдық. Ендеше сынақтан өте жақсы өткеніміз үшін бірге көңілді ән шырқайық.
Жалықпа, сен, жалықпа
Оқы, тоқы, арманда
Бәрін білген балаға
Жақын болар алыс та.