7


'Алтын теңге' тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кеш тақырыбы: «Алтын теңге»
Мақсаты: ақша түрлері және оның тарихы туралы түсінік беру. Оқушылардың сөйлеу тілін, мәдениетін дамыту.
Өз Отаны - Қазақстанға деген мақтаныш сезімін ояту. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, ұлттық теңгемізді қастерлеуге үйрету. Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығын еске сала отырып патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: әр мемлекеттің валютасы, слайдтар.
Жоспар:
1. Теңге тарихы: Кітапханашы Жәмиева Ажар.
2. Ақшаның да ырымдары бар.
3Сұрақ жауап. Викториналақ сұрақтар.
Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына, тәуелсіз Қазақстанның Ұлттық теңгесінің 20 жылдығына орай: «Алтын теңге» атты сұрақ жауап кешіне қош келдіңіздер.
1 - оқушы:
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге оны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік - Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас талқан боп өлгені.
Тәуелсіздік ата - баба арманы,
Қандай елмін бүгін міне көр мені.
2 - оқушы:
Тәуелсіздік достығымыз,
Ынтымағы жарасқан.
Тәуелсіздік ел бірлігі,
Асқақ арман таласқан.
Тәуелсіздік ертеңіміз,
Арайланып таңы атқан.
Тәуелсіздік ардагерім,
Ұрпақтармен жалғасқан.
Тәуелсіздік аға жолы,
Болашаққа нық басқан.
Ән: «Жас ұландар әні» орындалады.
Кітапханашы: кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады.
Теңгенің енгізілуімен Қазақстан толық мағынасында тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандары (елтаңбасы, туы, гимні, ұлттық валютасы) бар егеменді елге айналды.
1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы аумағында Ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15 - 16 қарашада 1961 - 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Әр елдің ұлттық ақшасы болады. Біздің ұлттық ақшамыз теңге. «Ақша» сөзіне балама ретінде «валюта» сөзі қолданылады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық валюта теңгеміз айналымға енді. 1993 жылдың15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні саналады.
Ұлттық теңгеміздің шеттері Қазақтың ою өрнкетерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды.
Алғаш шыққын теңгелерде Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымыз бен Әл - Фараби, Абай, Шоқан сияқты ұлы тұлғаларымыздың бейнелері салынған болатын.
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталып, олардың орынына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.
Теңге біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу, барлық байлығымызды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму кезеңі.
2007 жылы теңгенің бейнесі өзгерді. Қазіргі теңгеде тәуелсіздігімізді білдіретін мемлекеттік рәміздеріміз орын алған. Ту, Елтаңба, Бәйтерек Елбасымыздың алақан ізі және қолтаңбасы, әнұран ноталары бейнеленген.
200 теңге
Түсі: сарғылт жасыл бет жағында «Астана - Бәйтерек» монументі бейнеленген. Сырт жағында Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚазақстанРеспубликасы Көлік және коммуникация министрлігінің үйі бейнеленген.
500 теңге:
Түсі: Көкшіл сұр «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.
Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнесі бар.
1000 теңге:
Түсі: сарғыш қоңыр. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі, артқы жағында таулар бейнеленген.
2000 теңге:
Түсі: қою және ашық жасыл. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау, өзені бейнеленген.
5000 теңге:
Түсі: күңгәрт қызыл. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, артқа көріністе Іле Алатауының таулары бейнеленген.
10000 теңге:
Түсі: күлгін көк. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің, артқы жағында канюндар.
3 - оқушы:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып, тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт береке болшы бір елге келген.
Өз туы елтаңба, гимні бар,
Айтыңдаршы, енді елім кенде неден.
Кітапханашы:
Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным түсінік, наным сенім, ырымдары бар.
Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар.
Ақшаның да ырымдары бар.
Біреуге бос әмиян сыйлауға болмайды. Себебі, ол адам өмір бойы ақшаға жарымай өтеді.
Жаңа туған нәрестенің жастығының астына ақша қойсаң, ол бай болып өседі.
Үйде ысқырмау керек, ақша кірмей қалады.
Күн екіндіден ауған шақта қарыз ақшаны қайтаруға болмайды.
Тиын тауып алу байлыққа бастаса, таңертең аш қарынға тауып алған тиын кедейшілікті шақырады.
Сыны кеткен тиын - тебен кездессе әмияныңызға салып, сақтап қойыңыз. Өйткені ол табыстарға жеткізеді.
Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын - тебен сақтап қоюды әдетке айналдырған жөн.
Ас үйде, есіктің аузында тұрып ақша санауды әдетке айналдырмаған жөн.
Біз қанша жерден «ақша - қолдың кірі» дегенімізбен, ақша тіршілігіміздің бір бөлшегі.
Адамдар ақша табу үшін жанталасады. Ақша табу үшін қызымет істейді. Ал сол ақшаны да өз игілігіне жұмсай білуі керек.
Ақша тазалықты ұнатады. Сондықтан ақша сақтайтын әмияныңыз таза, жыртық болмағаны дұрыс. Егер әмияныңызда ақша бей берекет орналасып, тиындар шашылып жатса онда сізге ақша құтаймайды деп түсініңіз.
Сондай - ақ, балалар сіздер де ақша табудың өзіндік машақаты бар екенін, қаржыны орынсыз шашуға болмайтынын осы кезден біліп жүрулеріңіз қажет.
Викториналық сұрақтар:
Қорытынды:
Ұлттық теңгемізге 20 жыл толды.
Сүйінші: 20 жылдыққа 20000 теңге желтоқсан айынан бастап айналымға шығады.
Ұлттық теңгеміздің ғұмыры ұзағынан болсын!
Тәуелсіздігіміздің тірегі ұлттық теңге.
Оқушылар, кешке ат салысқандарыңызға рахмет





Тақырыбы: Теңге - тәуелсіздік нышаны

Мақсаты: Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Теңге - тәуелсіздік нышаны» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қ Р Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8 00 ден бастап енгізілді. 2-жүргізуші: Әрине, теңге бірден төрт аяғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жылдар оның құнсызданған кезеңі болды. Дегенмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқтатқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен орнықтылығын сақтауы мемлекеттің қаржы саясатындағы қарымды істерінің нәтижесі.
Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мерекесінің бірі екені сөзсіз. 1-жүргізуші: Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі - төл валюта - теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы.
2-жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.
1-жүргізуші: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, енді теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.
1-жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
2-жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
1-жүргізуші: 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
Эльвира: Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік - тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.
1-жүргізуші: Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
2-жүргізуші: 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы № 2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:
- инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;
- коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;
- айналыста жүретін монеталар - қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналымға арналған монеталар.
1-жүргізуші: Елімізде инвестиялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.
ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.
1-оқушы: Әділет
Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР көлік және коммуникаңия министірлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.
2-оқушы: Ақерке 200 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін «Подделка банкнот преследуются по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
3-оқушы:Айбек 500 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
4-оқушы:Нұрия 1000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында «Подделка банкнот преследуется по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
5-оқушы:Нұрбол 2000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ« жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
Күй.Ақжан Сарыарқа.
6-оқушы:Айдана 5000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ« жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону« деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
7-оқушы:Салтанат 10000 теңге Өлшемі: 149х79 ммБасым түсі: күлгін көкБет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкнотаның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада - номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және оң жағынан ортаға қарай банкнота номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай - орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, сол жақ жоғарғы бұрышта ақ түсті бос орында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу орналасқан. 8-оқушы: Наурызбек Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы - тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге - ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.

ІІ бөлім. « Теңге - ұлттық табыстың кепілі » / сайыс/ (Катысушы топтар:сынып екіге бөлінеді)Әрбір топ өзінің қоржынына дұрыс жауап үшін берілген ақшаны жинайды.Кімнің ақшасы көп болса, сол топтың жеңгені. Жеңістерден көріну ұрандары
Көңілді және тапқыр ұлан бәрі
Өнерлерін ортаға шығармақшы
Сахнамызда «тиын» және «табыс» қырандары. 1.Ребус шешу арқылы топтың атын құрау. «Табыс» « Тиын» Сайысымыздың «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» атты І-кезеңі сұрақтарға жауап беру -Он алтыншы Желтоқсан қандай мереке?
-Қазақстанда тәуелсіздік туралы заң қашан қабылданды?
-Тәуелсіздік белгілерін атаңдар.
-Конституция қай жылы қабылданды?
-Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
-Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?
-Тудың авторы кім?
-Елтаңбаның авторы кім?
-Жаңа әнұранның сөзін, әнін кім жазды?
-Алғашқы рет жаңа әнұран қайда орындалды?
-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы қабылданды 2.«Әр елде - өз валютасы » а) «Табыс» Италия - лира
Куба - песо
Үндістан - рупия
Иран - риал
Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда - /марка/ Америкада - / доллар/ б) « Тиын»Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада - /гривна/ Қытайда - / юань/ Тәжікстанда - /манат/ Өзбекстанда - /сум/ Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда - / йена / 3.Жағдаяттар шешу . Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз. «Табыс»1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …? 2-жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар. Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге Қай затты алар едің? Неге? « Тиын»1-жағдай: Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің әрекетің…? 2-жағдай: Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болады деді.Билет бағасы - 300 теңге.Сондай-ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды,сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің ? 4.Сергіту сәті. « Теңге алу »ойыны 5. Менің қиялымдағы теңгем( өздері салып келген теңгелерін қорғау.) 6.Сайысымыздың «Кім жүйрік атты» екінші кезеңі әр топтан топ басшылары шығып 1 минуттың ішінде 16 сұраққа жауап беруі тиіс 1. Казақстан Республикасының влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан - Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға - Номинал
6. Әзербайжан валютасы-Манат
7. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
8. Армения валютасы-Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер
1.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер-Банкнот
2. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу-Транзит
3. Монғолия валютасы -Тугрик
4. Қ.Р ең алғаш астанасы-Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
5. Үндістан валютасы-Рупии
6. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды-V ғасырда ежелгі Грецияда
7. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
8. Грузия валютасын ата-Лари
9. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы-Инвестиция
7.Қорытынды Кітаптан алып ағаш бәйтерек жасау, оны ақшамен безендіру. Қорытынды шығару: Ақша еңбекпен, біліммен келеді. Марапаттау.Жинаған ақшасына қарай заттарды сатып алу. 2-жүргізуші: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Теңге - тәуелсіздік нышаны» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Нәтижесінде: Еліміздің экономикасын дамытушы, жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз боламыз

Қорытынды(мұғалім сөзі): - Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта - ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 22 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!

Тақырыбы:«Алтын теңге»
Мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардыұлттықтеңгеніңшығутарихыментаныстыру.
2) Тәрбиелік: Оқушылардырәміздеріміздіқұрметтеуге, тәуелсізқазақелініңжетістіктерін, тарихынбілугетәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндіккөзқарастарынқалыптастырып, шығармашылыққабілеттеріндамыту.
Түрі: Танымдықойын.
Ойынныңкөрнекілігі: Интерактивтітақта, суреттер, нақылсөздер, алтын теңге, үлестірме карточкалар.
Ойынныңбарысы:
1) Ұйымдастырукезеңі.
а) ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікӘнұранынорындау.
ә)Кіріспе.
б) І-ші кезең Іріктеу кезеңі. в) ІІ-ші кезең Мақал сөздің мәйегі. г). ІІІ-ші кезең Блиц сұрақ. ғ).ІҮ-ші кезең «Тапқырлар мен зейінділер». д).Ү-ші кезең «Білгенге маржан» видео тапсырма.
Ойынбарысы:
1.Ұйымдастырукезеңі:
1-ші жүргізуші: - Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар, баршамызға 15 қараша Қазақстан Республикасының теңге күні құтты болсын, бүгінгі «Алтын теңге» танымдық ойынына қош келіпсіздер.
2-ші жүргізуші: - Добрый день, уважаемые ученики и педагоги дополнительного образования! Мы рады видеть Вас на нашей познавательной игре «Алтын тенге» посвященный ко Дню национальной валюты Республики Казахстан.Қазақстан Республикасының «Ән ұраны» айтылады.
Жүргізуші: - Әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі танымдық ойында сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңгеадамғадемберер.
Тіршіліктіңарбасы,
Теңгеменендөңгелер.
1-ші жүргізуші : - Балалар, ойынымызға белсене араласып, зейін қойып тындай отырыңыздар, ойын барысында қазір алатын ақпараттарыңыз бойынша да сұрақтар болатынын айта кетейік.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Олай болса, Қазақстан Республикасының да айрықша белгісі ұлттық валютасы теңге. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.
Ақша-асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.
Ал, XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Түркі тілдес халықтың «тәнге» деген ақша атауынан орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Кеңес Үкіметі заманында білеміз ия балалар, барлық СССР құрамындағы мемлекеттердің бәрінде де айналымда рубль болды.
Ал, 1991жылы еліміз Тәуелсіздігін алғаннан соң Елбасының Жарлығымен Тәуелсіз елдің өзіндік айрықша валютасы болу керектігі аталды. Сөйтіп, Ұлыбританиядағы «Харисан енд санс» компаниясына тапсырыс жасалып, 1993 жылдың 12 қарашасында елімізге ұлттық валютамыз теңге енгізіліп, Елбасының бұйрығы бойынша 1993ж. 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы аумағында теңге валютасы айналымға енгізілді. Ал, алғашқы тиындарымыз Германияда жасалынды.
Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлелов.

1- ші жүргізуші: -Ең алғашқы бекітілген тенге купюраларының бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Бүгінгі күні Алматы қаласында ақша шығаратын фабрика жұмыс істейді және Өскемен қаласында металлургия заводында монеталар шығарылады. 2-ші жүргізуші: -Тенге такой же атрибут государственности, как флаг, герб и гимн. Каждая страна стремиться подчеркнуть, выразить в собственном денежном знаке символ своего суверенитета. 15 ноября - День национальной валюты Казахстана, и сегодня мы с вами поговорим о нашей валюте.Тенге - первый денежный знак суверенного Казахстана. Кстати, само слово "деньги" произошло от тюркского "тенге". Авторами тенге стали ХайруллиГабжалилов, Мендыбай Алин, Тимур Сулейменов и Арима-Салы Дузельханова.Так как, наше государство не имело своей банкнотной фабрики, деньги печатала фирма "Харисон и сыновья" - в Великобритании, ну а первые наши монеты были выпущены в Германии. Самая лучшая по качеству купюра - это 200 тенге, на обороте которой изображён мавзолей Ходжи Ахмеда Ясауси, а на куполе и стенах можно прочесть суру из Корана.
Ещё одна особенность. Если вы заметили, 500-теньговая купюра имеет надписи на казахском и русском языках. Нигде, кроме нашей страны, "двуязычной" национальной валюты вы больше не увидите.
Сейчас у нас в Алматы работает своя банкнотная фабрика, сотрудничает правда уже не с фирмой "Харисон и сыновья", а с "Томас Де Ла Ру".
Но кроме бумажных денег есть и монеты. Монетный двор появился в Усть-Каменогорске на базе металлургического завода.
Мінекей, құрметті оқушылар, тәуелсіздігімізді білдіретін бірінші белгі ұлттық теңгеміздің шығу тарихын да есімізге түсірдік. Олай болса, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынымыздың әділ бағасын беретін әділ қазы алқасымен таныстырып өтейік. (Әділ қазы алқасымен танысып болғансоң) Ал, ойынымызды Іріктеу кезеңінен бастайық. Ол үшін біз сіздерге түрлі сұрақтар қоямыз, дұрыс жауабын берген балалар ортаға шығады және екі топқа бөлінеді. Ендеше, алға. І-ші Іріктеу кезеңі: Сұрақ - жауап
1.Ұлы тұлғалары бар, Керекқұндыкағаздар (теңге).
2.ҚазақстанРеспубликасыныңтұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашансайланды? (1991жылы1 желтоқсанда)
3.Тәуелсіздікбелгілерінатаңдар.(Валюта,Ту, ЕлтаңбажәнеӘнұран)
4.Қандайжағдайдатуларкөтеріліп, мемлекеттіңәнұраныорындалады?
(Екіжағдайда: 1 ) Мелекетбасшысыныңсапарыкезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда)
5.Қазақстан Республикасы әнұраныныңавторларыната? (Ж. Нәжміеденов, Н.Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
6. Рәміздердегеніміз не? (Мемлекеттердібір - біріненажыратыптұратыннышан - белгілер)
7.Қазақстан Республикасы туыныңавторыкім?(Ш. Ниязбеков)
8.Қазақстан Республикасы Елтаңбасыныңавторыкім?(Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
9.ҚазақстанРеспубликасыныңұлттықвалютасықайжылықабылданды?10. «Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:(теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы,капитал).11. Мемлекетіміздің елбасы? (Н.Ә. Назарбаев). 12.Тәуелсіздік алған елдіңең біріншіайрықша белгісі?( ұлттық валюта). 13.Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы астанасы. 14.Айрықшабелгісі, Әлемніңтынысы, Байлықтыңбелгісі (ақша).
Жүргізуші: - Рахмет, балалар, мінекей ортаға ең шапшаң, ең білгір де ойыншыларымыз келіп қалды. Ендеше, құрметті сайысқа қатысушы балалар, екі топқа бөлініп, топтарыңызға ат қойып, өз топтарыңыздың теңгеге қатысты ұрандарын дайындауларыңызға және топтарыңыздың эмблемаларын дайындауларыңызға 5 мин. Уақыт береміз, ал біз балалар сіздермен ............... орындауында тамаша ән тыңдайық. Ортаға әнші шығады. Өлең айтып болған соң. -Рахмет, ал, кане, оң жақтағы топ өздерін таныстыруды бастайды. (топтар кезектесіп аттарын, ұрандарын айтып, эмблемаларымен таныстырады)
1. Мен«Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік - тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
2.Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.


ІІ-ші кезең. Мәінекей, құрметті көрермендер, ойынымызға қатысушы екі топпен де таныстық. Олай болса, енді ойынымыздың
ІІ-ші кезеңі «Мақал сөздің мәйегі» кезеңіне кезекті берейік. Бұл кезеңде сіздерге мына экраннан мақал мәтелдер беріледі, сол мақалдардың бос орындарын сіздер қажетті сөздермен толықтырасыздар. Сіздерге көмек ретінде тапсырманың бірінші жолында қажетті сөздеріңіз бар.
Мақал - мәтелдер
Берілген мақал - мәтелдер арасындағы бос орынғатөмендегісөздіжаз.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып, сом, ақшасыз)
1. _____ тиыннанөсер (теңге).
Жылқықұлыннанөсер.
2. Есепсіз ______ жоқ (дүние).
3. Алтын тапсаң _______ ал (санап).
4. Ақшакетугетырысады,
________ ұстауғатырысады (есеп).
5. Тамшыдантама берсе _______ болар (дария).
6.______ оңай, жинауқиын (шашу).
7. Ақшаашпайтын _________ жоқ (құлып).
8. ______ да сұрауы бар (судың).
9. Ақшада ____ жоқ (көз).
10. Ар - намысы таза адамның ______ аз болады (ақшасы).
11.Мың____ болғанша
Бірқылды басың болсын (сом).
12.Базардабәрі бар,
__________ешкімбермейді. (ақшасыз)

ІІІ-ші кезең.Блиц сұрақ
1.Қазақстанныңұлттықвалютасықашаненгізілді?(1993 жылқарашаның 15-і) 2.Қандай валюта халықаралықболыпсаналады? (евро, доллар)
3.Теңгеге дейінгіҚазақстанныңақшавалютасықалайаталған? (рубль) 4.Монеталар жәнебасқа да ақшабелгілерітуралығылымқалай
аталады? (нумизматика)
5.Қазіргі кезеңдеҚазақстантерриториясындақандайноминалды
Банкноттарқолданыста? (200, 500,1000,2000, 5000, 10000)
6.500 номиналды банкнотының бет жағында не бейнеленген? (Бәйтерекорналасқан. Банкнота ортасындатүрлітүстіжолақтардаүстіне
номиналдың сан белгісіенгізілген, Мемлекеттікәнұранноталарының
фрагменттері. Монументтіңсолжағындабіртүспен ҚР Мемлекеттікелтаңбасы,
Оңжағында - Мемлекеттіктудыңбейнесі. Банкнотаныңтөменгіжағында
Ашыққолбейнеленген)
7.Банкнотаның артқыжағында не бейнеленген? (ҚазақстанКартасыныңконтурыменкөмкерілгенландшафттар мен архитектураның заманауиобъектілері)
8.Бүгінгі күніҚазақстантерриториясында қандаймонеталар қолданыстажүр? (1,2,5,10,20,50,100)
9.Қазақстантеңгесініңнешеқорғанысдәрежесі бар? (8қорғанысдәрежесі)
10.Алғашқы Қазақстантеңгесіқайдабасылды? Англияда " Харрисонжәне оныңұлдары" компаниясында )
11.АлғашқыҚазақстантиыны қайдабасылды? (Германияда)
12.Ұлттық валютамыздыңдизайнынжасаушы авторлық топтыңжетекшісі кім болды?( Тимур Сүлейменов)
13.Ақшаны қайдажинауғаболады? (банкте)
14.Бүгінгі күні банкноттар қай жерде шығарылады?(Алматы қаласында фабрика ашылған) 15.Монеталар бүгінгі таңда қайда шығарылады. (Өскемен қаласында, монета сарайында)
16.Түркі тілдес халықтың «тәнге» деген ақша атауынан орыстың қандай сөзі шыққан?
ІҮ. «Тапқырлар мен зейінділер»
Қурметті ойыншылар, көрермендер.Бәріміз экранға назар аударайық.
Экранда теңгенің ең алғашқы банкноталар беріледі, ал сіздер сол банкноттық номиналдарын табу керексіздер.
Құрметті көрермендер сіздер де белсене қатысуларыңызға болады.Өз жауаптарыңызды екі топтың біріне берулерінізге болады

Ү. «Білгенге маржан» Видео тапсырма.
Тапсырма : «Атамекен» үйірмесінің жетекшісі оқушыларға видео тапсырмасын құттықтау арқылы береді. «Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар, сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасының валюта күнімен құттықтаймын. Балалар, әр елдің өзінің төл валютасы болады, ендеше, мен сіздерге өзім көрген елдердің валютасымен таныстырып өтейін, »
р елдің валюта атауы әр түрлі Италия - лира, Куба - песо, Үндістан - рупия, Иран - риал, Қырғызстанда - сом, Ресейде - рубль, Германияда - евро, Америкада - доллар, және қолданыста монеталар да бар Ұлыбританияда-фунт, Украинада-гривна, Қытайда - юань, Тәжікстанда -манат, Өзбекстанда -сум, Түркияда - лира, Кореяда-йена, Латвия-лат т.с.с. балалар, ал осы валюталарын аталған мемлекет азаматтары мақтан тұтады және қастерлейді. Сіздер де құрметті балалар, төл валюталарыңызды қастерлей біліңіздер. Баршамызға мерекеміз құтты болсын.
(лира, песо, рупия, риал, сом, рубль,евро, доллар),(фунт,гривна, юань, манат,сум, лира, йена, лат)

а) «Қазақстан»
1.Италия - лира
2.Куба - песо
3.Үндістан - рупия
4.Иран - риал
5.Қырғызстанда - сом
6.Ресейде - рубль
7.Германияда - евро
8.Америкада - доллар

б) «Тенге»
1.Ұлыбританияда-фунт
2.Украинада-гривна
3.Қытайда - юань
4.Тәжікстанда -манат
5.Өзбекстанда -сум
6.Түркияда - лира
7 Кореяда-йена
8.Латвия-лат




Қорытынды:
Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта - ажырамасұғымдар. Ал теңгеміздіңорнықтыболуы, соныменқатар, қаржысаласыныңтұрақтыболуытәуелсіздігіміздіарттыратүсетініхақ.Бізәліжасмемлекетпіз.Солай бола тұрса да 22 жылдабіразжақсылыққакуәболыпүлгердік. Әлі де асарасуымыз, аларбелесімізалда. Бірлігі мен ынтымағыжарасқанреспубликамызға «Көкбайрағыбиіктеп, арманың өжет, Алашым» дептілекайтпақпыз.Тәуелсіздіктаңыарайлапатып, егемендігімізеңселі бола берсіндейкелебүгінгітәрбиесағатымыздыаяқтаймыз. Баршаңызғазорденсаулық, бейбітөміртілеймін. Назарларыңызға рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал