- Учителю
- 'Бала құқығын қорғау күні' (5 класс)
'Бала құқығын қорғау күні' (5 класс)
Тақырыбы: 20 қараша - Бала құқығын қорғау күні
Сыныбы: 5 «А,Б»
Мақсаты: Оқушыларға бала кұкығы , оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Құкықтық сана сезімін қалыптастыру ,заң алдындағы жауапкершілігін арттыру , мектеп ережесін үнемі есте сақтауға және орындауға тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, пікірталас, ойын, ассоциациялық аймақ құру
Көрнекілігі: слайд, Ата заң
Барысы:
Оқушылар әнұранды орындайды .
- Бүгін сендер өз құқықтарын мен міндеттеріңді білетін боласыңдар , өзгенің құқығын бұзбауға үйренесіңдер .
-Заң деген не ?
Заң деген - біздің азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі . Барлығымыз заң бойынша өмір сүрудеміз . Біздің көпұлтты халқымыздың тыныштыққа , бейбітшілікке және келісімде өмір сүруі - біздің Ата занымыздың арқасында .1995 жылы 30 тамызда ҚР - ның Конституциясы қабылданды . Осы Заңның негізінде ҚР-ның 2002 жылы 8 тамызда бала құқығы туралы заң қабылданды. Бұл Заң 53-баптан, 10-тараудан тұрады.
Көрініс «Құқық деген не ?»
-
Әже , мен жаңа радио тыңдап отырған кезімде бір қызық сөз естідім .
-
Сол сөз есіңде ме ?
-
- Есімде , бірақ айтайын десем , тілім келмейді . Ұқық па, құқық па , әйтеуір , сол сөздерге ұқсайтын сөз . Құқы бар , құқығы жоқ деген сөздер бірнеше рет қайталанса да , ненің бар екенін , ненің жоқ екенін түсінбедім . Құқық деген зат па ? Ол не , әже ?
-
- Айналайын , Манат, ол зат емес . Құқық сөзі әр адамның өз басының еркі бар деген мағыныда қолданылады .
-
- Менің де құқығым бар ма ?
-
- Бар, анау сенің жақсы көретін ертегі кітабың . Оны саған кім сыйлады ?
-
- Ағам сыйлады ?
-
- Ертегі кітап сенікі . Мен сенің ертегі кітабыңды біреуге сыйлауға құқым жоқ .
-
Ол менің кітабым . Мен оны ешкімге сыйламаймын .
-
Дұрыс . Оған сенің құқың бар .
-
Адамның құқығы және міндеті жөнінде арнайы баптар бар.
Оның бәрі Конституция деген кітапқа енгізілген.
-Қызық екен! Мен мынаны білгім келеді.Адамда құқық көп пе екен?Мен ертегі оқимын, оқып болған соң кітабымды шкафқа жинап қоямын. Бұл менің міндетім.Ал сендердің неге құқықтарың бар?
Оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін айтады.
1-оқушы:Мен мектепке баруға,оқуға,хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.
2-оқушы:Мен қыста сырғанауға,ойнауға,сурет салуға,бестік баға алуға құқықтымын.
3-оқушы:Мен демалуға құқықтымын.
4-оқушы:Мен ауырып қалсам,дәрігер шақыруға,емханада жатып емделуге құқығым бар.
5-оқушы:Мен өз елімнің азаматы болуға,мектепке баруға өз ойымды ашық, өз тілімде айтуға құқығым бар.
6-оқушы:Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға ,серуендеуге құқығым бар.
7-оқушы:Мен дүкенге баруға ,ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.
8-оқушы:Ойнауға,туыстарыма қыдыруға құқығым бар.
9-оқушы:Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар.Маған ешкім тыйым сала алмайды.Мен басқаларды ренжітпей, тек жақсылық істеуге құқықтымын.
10-оқушы:Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын ,жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.
-Міне, балалар, өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз заң рұқсат ететін адам табиғатына , жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен, яғни азаматтарға кең көлемді құқықтар мен бостандықтар берілген.Ендеше заң сөздікшесімен танысалық.
«Ойлан, тап» ойыны.
-Балалар сендер ертегілер оқығанды жақсы көресіңдер ме?
-Балалар, ертегі кейіпкерлері де мейірімді,қайырымды немесе керісінше қатыгез, жағымсыз қылықтарын көрсетеді.
Мен ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, қолымызды шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен тарсылдатасыңдар.
Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр . Мыстан кемпір.Қызыл телпек.Бауырсақ ертегісіндегі түлкі. Аяз Ата мен Ақшақар. Шибұт,Қылмойын,Қарынбас.Алтын балық. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?(Айдаһар)
Күй
Хор «Туған жер»
Қорытындылау. Сонымен оқушылар «құқық» сөзіне берілген анықтаманы есімізге түсірейік. Құқық мемлекет тарапынан заңмен әрбір адамға берілген ерік,бостандық.Ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды, өзгенің құқығын бұзбай,тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.Ендеше сабақтың соңында сендерге мынадай үндеу тастағымыз келеді.
Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің.Бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден аулақ бол.