7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі 'Етістіктің райларын қайталау'. Ашық сабақ.

ҚАзақ тілі 'Етістіктің райларын қайталау'. Ашық сабақ.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Етістіктің райларын қайталау

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.
Білімділік: етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; Дамытушылық: етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу, өз ойларын еркін әрі әдеби тілмен жеткізе білулерін дамыту; Тәрбиелік: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке, туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білік пен дағдыны жинақтау сабағы.
Оқытудың әдісі: дамыта оқыту технологиялары, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі. Етістіктің райларын қайталау сабағын өтеміз. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топтарға райлардың атын беру.
Топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп, уақытылы бағалап отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Менің арманым» тақырыбында шығарма жұмыстарын тексеру. Етістіктің райларының қамтылуын қадағалау.
ІІІ. Актуалдау кезеңі
«Келісу - келіспеу» стратегиясы
1. Рай «беталыс, бағыт, жөн» деген сөздерге синонимдес / келісемін
2. Ашық рай етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты / келісемін
3. Бұйрық рай үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндалуы. / келіспеймін
4. Бұйрық райдың ІІ жақта анайы түрінің жалғауы болмайды. / келісемін
5. Етістіктің бұйрық рай түріне кейде - шы, - ші жұрнағы жалғанып та жұмсала береді. / келісемін
6. Барсын, көрсін, айтсын сөздері шартты райда тұр. / келіспеймін
7. Қалау рай іс - әрекеттің болу - болмауын білдіреді. / келіспеймін
8. Шартты рай жұрнағы - са, - се жалғанған етістік әрқашан қимылдың, іс - әрекеттің болу шартын білдіре бермейді. / келісемін
9. Қалау райда іс иесінің, іс - әрекетті қалауын, ынтасын, ниетін білдіреді. / келісемін
10. Бар, кел, барайық, келейік сөздер қалау райда тұр. / келіспеймін

IV. Жаңа сабақ.
Дамыту кезеңі.
1. 162 - жаттығудың етістіктерді теріп жазып, ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту, сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай, ауыспалы өткен шақ).
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай, ІІ жақ, анайы түрі)
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).
Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен (шартты рай» тобына төмендегідей сөйлемдер беріледі:
«Жылаған шешемен бірге жыласа, жігіттің жігіт болғаны қайсы, өйтсе, кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап, жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласынының жылағанын көрген соң, үйде қалған ананың көзінен жас кете ме, көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».

2. 163 - жаттығу. а) Қалау рай, ашық рай, бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір - бір оқушы шығады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер беріледі. «Түстік өмірің болса, кештік мал жина», «Не ексең, соны орасың».
3. 164 - жаттығу.(ауызша орындалады) «Бақыт» тақырыбында жазылған мәтінді оқып рай түрлерін ажырату.
Шығармашылық жұмыс: «Бақыт деген не өзі» ой толғау жазу
4. «Ашық рай» тобына
Талапты жанмен...
Қызға қырық үйден тыю...
Досы көп...
Елдің атын...
Айтпас жерде сөзіңді...
Өнерлі жан өрге...

Сөйлемді қалау райлы етістік болатындай аяқтап жазу
«Шартты рай» тобына:
Ер жігіт айтпайды Айтса, қайтпайды.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Та жармаса, бас жарады.
Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып, ашық райға айналдыр.
«Бұйрық рай» тобына:
«Арлы - ожданды бол!
Намысыңды жастан сақта!
Халқыңды алалама!
Жақыныңды жаралама!

«Құдай жарылқасын, бай қылсын,
Төрт түлігін сай қылсын!»
«Малды теппе, Ақты төкпе».
«Есікті қатты қақпа, қатты серпіп жаппа».
«Кетпес дәулет берсін, Кең пейіл берсін».
Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып, қалау райға айналдыру.
«Қалау рай» тобына:
«Дұғай сәлем бергейсің,
Ағам Есет беренге.
Бекет қайда дегенге,
Бекет кетті дегейсің
Шықпайтұғын тереңге».

Гүлі сұлу орманды
Сусатпағым келеді.
Жүзі жылы жандарды
Құшақтағым келеді.

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұлын
Өзі билеп тұрса игі.
Мәтіндерден қалау райлы етістіктерді тауып, шарты райға айналдыру.

Ү. Білімді бекіту. «Бетпе - бет студиясы» Әр топтан бір - бір оқушыдан тұрып, келесі топқа сұрақ қояды. Сұраққа басқа оқушылар жауап бере алады.

VI. Сабақты қорытындылау: «Соңғы сөзді мен айтам...» Топ басшылары өз топтарының аты туралы түйген ойларын айтады.
VII. Үйге тапсырма: Етістіктерді үш жақта және рай тұлғаларында түрлендіріп, мақал - мәтел, өсиет сөздердің негізінде «Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам...» деген тақырыпта шығарма жазу.
VIII. Бағалау. Топ басшыларының бағалау парағын ескеріп бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал