7


Ұстаздық шеберлікке баулу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ұстаздық шеберлікке баулуСайыс жоспары1.Топтар сәдемдесуі.Таңбасы2.Педагогикалық жағдаят ситуацияны ойнап көрсетіп,қарсы командаға шешімін айтуды ұсынады.3.Оқушылармен ойналатын ойын. 4. Практикалық жұмыста қолданылатын көрнекіліктерді қорғау.5.Топ басшыларының сайы.
предварительный просмотр материала

Ұстаздық шеберлікке баулу


Сайыс жоспары


1.Топтар сәдемдесуі.Таңбасы

2.Педагогикалық жағдаят ситуацияны ойнап көрсетіп,қарсы командаға шешімін айтуды ұсынады.

3.Оқушылармен ойналатын ойын.

4. Практикалық жұмыста қолданылатын көрнекіліктерді қорғау.

5.Топ басшыларының сайысы.

6.Мақал- мәтел сайысы

7.Сурет салудан жарыс

8. Өнер сайысы

9.Ұлттық педагогикаға байланысты сұрақ -жауапты ұйымдастыру

10. Жеңімпаздарға сыйлық тапсыру

Зал іші сайысқа арнайы безендірілген.Сахна төрінде «Педагогикалық шеберлік -ізденісте» деп айшықты жазылған плакат.Екі жүргізуші залға кіреді.

І -жүргізуші:

  • Қайырлы күн! Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен студенттер!

  • ІІ -жүргізуші:

  • Сәлем бердік, баршаңызға құрметті жиналған және кәсіптік шеберліік сайысына қатысушы студенттер.

  • Ән: ББМ-11

  • І -жүргізуші:

  • Бүгін біз педагогикалық практикада, өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді сынасу сайысына түскелі отырмыз. Бұл сәт біздер үшін емтихан тәрізді әрі тәжірбие алмасу сәті деп те айтуға болады.Сондықтан бүгінгі сайысымызда

  • Қызықты әдістемелерді

  • Маңызды ситуацияларды

  • Әдістемелік тиімді әдістерді

  • Шығармашылық ізденістер мен нәтижелерін ұсынамыз.

  • І -жүргізуші:

  • Ал қазір мен сіздерге осы сайысқа әділ баға беретін, қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  • ІІ -жүргізуші:

  • Бүгінгі сайысқы қатысушы екі топ:

  • 1. тобы

  • 2. тобы

  • Таразының екі басы тең болсын десек, сайыс өз деңгейінде жүру үшін екі топ басшыларын ортаға шақырамыз.

  • Топ басшылары асық иіру нәтижесінде сайысқа қатысу кезегін алады.Асық иіру нәтижесінде алшы немесе тәйкі түскен топ кезекте бірініші болып бастайды.

ІІ -жүргізуші:

  • Бірінші кезекте « » тобы, «Біреу жылаитынға біреу күлер біреу білмегенді біреу білер.» демекші, таныса отырайық.Назарларыңызда «зерек » тобы. таныс болыңыздар! Зерек тобы өзін таныстырып, таңбасын қорғап,қарсыластарына сәлем жолдайды.

  • І -жүргізуші:

  • Енді кезекті «Үлкеннен ұлағат ,кішіге аманат » демекші ,болашағымыз жас ұрпақ болған соң үлкендердің ұлағатын дәріптеуші «Ұлағат » тобына береміз.Таныс болыңыздар! « Ұлағат » тобының таныстыруы сәлемі. Бұдан соң сарапшылар әр топты ұпай арқылы бағалайды.

  • ІІ -жүргізуші:

  • Сайысымыздың алғышарттарына көңіл бөлейік. Дана халқымыз айтпақшы «Жалғаймын деп үзіп алма, түзеймін деп бұзып алма » дегендей, бала тәрбиесінде кездесетін әртүрлі тығырыққа тірейтін педагогикалық ситуацияларды қалай жеңіп шыға аламыз, оны жеңу барысында неге сүйенеміз? Олай болса болашақ ұстаз педагогикалық ситуациялардан қалай шығады?Кезекте педагогикалық ситуацияға байланысты үзінді ойнап көрсету.( әр топ педагогикалық ситуациядан үзінді көрсетеді, ал қарсыластар оның шешімін айтады.)

  • І -жүргізуші:

  • Ендігі кезекте бала өмірінде маңызды орын алатын оқытудың бір түрі -ойын.Олай болса, « Оқыта отырып ойнайық, ойната отырып оқытайық » -деген пікіге атсалыса қатысайық.

  • Кезекте үздік ойын көрсету.

  • (Ойынның шарты, мазмұны, тәрбиелік және дамытушылық мәні оның иллюстрациялық және көркемдік жағына баса назар аударылады)

  • ІІ -жүргізуші:

  • Ұстаз -қасиетті де қастерлі мамандық. Бұл мамандықты игеру -оңай іс емес.

  • « Жұмыстың көзін тап, түзудің тезін тап » демекші, алғашқы мектеп жұмысына араласарда жұмыс жоспарын,бағдарламаны болжау және игерудегі қиыншылықтарды қалай жеңіп шығар едіңіз?Осы жайында ойландыңыз ба? Кезек осы мәселе төңірегінде болмақ.Мектеп жұмыс жоспарыбағдарлама бойынша қорғау.

  • І -жүргізуші:

  • Қазақта « Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын » демекші, қолдан көрнекілік жасап, оны оқыту процнсінде тиімді қолдана білу де үлкен өнер болып табылады. Олай болса, қолдан жасалған біздің шеберлеріміздің өзіндік өнерлерәмен таныс болайық. Кезекте көрнекіліктерді қорғау.Екі топ үйтен дайындап алып келген көрнекіліктерін көрсетеді.

  • ІІ - жүргізуші:

  • Өмірде әр нәрсе жөнімен өтеді.Адамдарға ақыл-кеңес беретін, істі бағыттап отыратын бір басшы болуы шарт. «мың қосшыға бір басшы » -дегендей, кезекте осындай басшыларды сайысқа шақырамыз.

  • І - жүргізуші.

  • Ортаға топ басшыларын шақырамыз.

  • 1- тапсырма.Бастауыш сынып оқушылары көр қимылды қажет етеді.Ал ұстаз болса, оқушылардың қимылы әсерлі шығу үшін, би ырғақтарын білуі тиіс.Сондықтан екі топ басшылары да би элементтерін көрсетеді.

  • 2- тапсырма. Үй тапсырмасы болатын.Топ басшылары бір-біріне да ындаған сыйлықтарын алмасады.Қабылдаушы

  • Сол сыйлықтың мәнін аша білуі қажет. Әзіл-сықақ түрінде аша білу жоғары балға ие болады.

  • ІІ -жүргізуші:

  • Ұстаз жан-жақты,дарынды, талантты, өнерлі болуға тиіс.Тіл -адам қатынасының тәрбие әдісінің бір түрі.

  • «Тілдің майын тамызып

  • Сөздің балын ағызып

  • Қас шешендер сөз айтар » демекші, қазақ халқы тәрбиені жас ұрпаққа мақал- мәтелмен жеткізе білген.

  • І -жүргізуші:

  • «Мақал айтсаң - жол көрсеттің

  • Мәтел айтсаң -жанымды жайландырдың» демекші, ортаға мақал-мәтел сайысының сайыпкерлерін шақырамыз.

( Екі топ алма-кезек оқу, білім.ұстаз, шеберлік жөнінде мақал -мәтел айтады.Мүдірген топ жеңіліс табады.)

ІІ -жүргізуші:

«Жігітке жеті өнер де аз » дегендей ұстазға да өнер саны шектелмейді.Олай болса, болашақ ұстаздардың бейнелеу қабілеттерін байқап көрейік.

І -жүргізуші:

« -Қол суретші емес,

Көңіл суретші, »- деп тегін айта салмаса керек.Кезекте сурет салу сайысы. (Тақтада 1 топ қыз бала суретін, 2 -топ ұл бала суретін эстафеталық жолмен салады.Шарты әр адам тек бір ғана элементтен салады.)

Әділқазылар бағалайды.

ІІ -жүргізуші:

  • Енді ұстазға тән не қалды? Әрине, өнер. «Өнерлі өрге жүзер » демекші, ұстаздың қандай өнері болуға тиіс, өнер сайысын тамашалап, сергіп алайық.

  • І -жүргізуші:

  • Кедеймін деп қысылма,

  • Өнерің болса қолыңда,

  • Өнерлінің ырысы

  • Жарқырап жатар жолында.

  • Сонымен өнер сайысы.

ІІ -жүргізуші:

Болашақ ұрпаққа өзінің кім екенін, қайдан шыққанын, қай ұлттан екенін, таныту- ұстаздың басты міндеті.

Олай болса , «ел боламын десең, бесігіңде түзе » демекші, тәрбиені отбасыдан бастаған дұрыс.Сондықтан өз ұлтымыз жайлы,қасиетті халқымыз жайлы оқыту процесінде нені үйрете аламыз.Осы орайда қазіргі басты назарда тұрған қлттық педагогика саласынан сынап тексеріп көрейік.

І -жүргізуші:

Қазір топ өзара ұлттық педагогикаға байланысты сұрақ -жауап сәтін өткізеді.


( Екі топ бір-біріне ұлттық педагогикаға байланысты сұрақ -жауап сәтін өт кізеді.екі топ қалауынша үш сұрақ дайындайды.)

ІІ -жүргізуші.

Осымен болашақ ұстаздар қадамдарыңа гүл бітсін, өнерлеріңе нұр жаусын демекпіз.Бүгінгі педагогикалық шеберлік тәжірбиесіне жоспарланған сайысымыз аяқталып қалды. Осы сайыс қорытындысын шығару үшін сөзді әділ қазылар алқасы алады.

Ән: ББМ-11

Жеңімпаз топ сыйлық және екінші топқа да ынталандыру сыйлығы беріледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал