- Учителю
- Сынып сағаты Адам құқықтары мен бостандықтары
Сынып сағаты Адам құқықтары мен бостандықтары
«Адам құқықтары мен бостандықтары»
Мақсаты:
Адам құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру. Әрбір жеке
азаматтың өз құқығын білуге тәрбиелеу. Демократиялық көз-
қарас қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының Конституциясының кітабы,
еліміздің рәміздері, « Адам құқықтары мен
бостандықтары» қабырға газеті.
Сабақтың барысы:
Азаматтың құқығы мен бостандығы деген сөдердің өз алдына жеке мағыналары бола тұрса да, оларды азаматтардың атқаратын міндеттерінен бөле-жара қарауға болмайды. Әрбір адам басқа адамдардың, қоғамның, мелекеттің, алдында атқаруға тиісті бір міндеті болады. Бұл міндеттердің маңызды екені соншалық, заңмен бекітілген бұл міндеттерді орындамау ыңғайсыз жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Азаматқа көптеген құқықтық міндеттер жүктеледі. Оларды Конституцияда көрсетілген және Конституциядан туындайтын міндеттер деп бөлуге болады. Азаматтың конституциялық міндеті дегеніміз республиканың заңын сақтау болып табылады, мұның мәнісі, бір жағынан, заң талаптарын бұзбау болса, мысалы, қылмыс істемеу, тәртіпсіздік жасамау болса, екінші жағынан - өзіңе жүктелген міндетті орындау деген сөз.
Отбасының құқықтық негізі. Отбасы- қоғамның бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бермейді.
Ата -аналардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттері . Ата-ана баласын оқыту, тәрбиелеу, үшін мектепке дейінгі мекемелерге және басқа да оқу орындарына беруге құқылы. Әрине, ата-аналар балаларын кәмелеттік жасқа жетіп, арнайы білім мен мамандық алып, өз бетінше өмір сүргенге дейін демеп, жебеп жіберуге ұмтылатыны айқын. Балаларды тәрбиелеу-құқықтық ғана емес, адамдық және заңдылық міндет те.
1.Оқушы:
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы мәлімет беру. Адамның құқықтары мен бостандықтарына жататын құқықтық нормалар мен ережелер халықаралық құқықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. БҰҰ -ның Бас ассамблеясы 1988 жылы адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей декларация қабылданған болатын. Декларацияның ережелерін үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз құқықтары жатады. Бұл өмір сүру құқығы, жеке басының бостандығы , құлдықтан азат болуы, адамды азапқа салуға, қаталдық көрсетуге немесе намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке басының абыройына, мекен -жайына қол сұғылуына жол бермеу. Екінші топқа азаматтықпен байланысты ережелер жатады. Бұлар-азаматтық алу емін-еркін жүріп тұру және тұрақты тұратын жерін таңдап алу, некеге отырып, отбасын құру, меншік иесі болу мемлекет ісін басқаруға қатысу құқықтары. Үшінші топқа экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбекке сай ақы алу, кәсіптік одақтарға бірігу, демалу, білім алу, адамға лайық өмір сүру құқықтары.
2. Оқушы:
Адамның жеке басының қоғамдағы жағдайы мен қадір-қасиеті туралы. Адамның өмірі, бас бостандығы, қадір-қасиеті- ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы. Сондықтан Конституция және басқа заңдар азаматтардың бас бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Егер өзінің өміріне, денсаулығына қадір- қасиетіне қауіп төнетін жағдай болса, әрбір адам мемлекеттік органдарын қорғаныс іздеуге, заң боынша көмек сұрауға құқылы. Адамның ең қарапайым да табиғи құқығы өмір сүру құқығы болып табылады. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі. 15 бап бойынша.
3. Оқушы:
Діни наным сенімдер туралы. Жеке адамның бас бостандығы оның ар- ұжданының да бостандығы болып табылады. Әрбір адам өзі, өзінің еркі бойынша дінге құқығын өзі шешеді. Егер адам белгілі бір дінді ұстанатын болса, оның сол дін бойынша салт-дәстүр ұстануына ешкімнің де бөгет болуына, қарсы тұруына құқығы жоқ. Әрине, сол діннің салт-дәстүрі, ерекшелігі мен тәртібі басқа бір адамның, қоғамның заңды құқығына зиян келтірмегені жөн. Заң дінге сенуші адамның құқығы мен бостандығына, жеңілдігі мен артықшылығына тікелей де, жанама да бөгет жасауына тыйым салады. Діни көзқарастар арқылы адамдар арасында жауласушылық туғызу адам құқығын бұзу деп есептеледі.
4. Оқушы:
Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар туралы. Адамға бостандық пен экономикалық құқық өзінің мүмкіндіктерін материалдық өндіріс пен оны пайдалану тұсында қажет.Ал әлеуметтік құқық пен бостандық оның жеке басының рухани қажеттілігінң өтеуі үшін керек. Қазақстан социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу үстінде. Нарықтық экономика жеке меншік иелерін, өндіріс құралдарына жеке меншікті қалыптастырады.
Меншік иесінің құқықтары қандай? Меншік құқығы үш бөлшектен тұрады:
а) ие болу құқығы, ә) пайдалану құқығы, б) өз еркінше пайдалану құқығы.
Жеке кәсіпкерлік дегеніміз не?
Ол түрлі тауарларға,сұранымды қанағаттандыруға бағытталған азаматтардың қызметі. Мұндай жұмысты азамат өзі немесе жолдастарымен, туыстарымен атқаруы мүмкін.
5. Оқушы:
Саяси құқықтар мен бостандықтар туралы. Азаматтық деген ұғымның өзінде азамат пен мемлекеттің арасындағы өзара байланыстың саяси мағынасы жатыр. Азаматтық дегеніміз- адамдардың сол мемлкетпен тұрақты саяси құқықтық өзара қатынасы. Демек, азаматтар ең алдымен өзінің мемлекетімен тұрақты саяси байланыста болады. Қазір барлық азаматтарға бірдей тең құқық берілген және олардың мемлекеттік органдарда қызмет атқаруға мүмкіндігі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен жаңа заңы азаматтардың құқығы мен бостандығын жариялай отырып, оларды іс жүзіне асыруды да қарастырады. Азаматтың құқығы мен бостандығына тек заңда көрсетілген органдар ғана кейбір жағдайларда шек қоя алады.
Қорытынды:
Азаматтың құқығы мен бостандығына ең негізгі кепілдік оның құқығы мен бостандығына шек қоюшылықты болдырмау болып табылады. Құқық пен бостандыққа шек қоюшылық тек Конституцияда көрсетледі. Егер біз конституцияға жүгінсек, одан адамның құқығы мен бостандығынан айыру немесе шектеу ерекше жағдайда ғана қолданылатынын көреміз. Еліміздегі қазіргі жаңа жағдайда азаматтардың құқығы мен бостандығын тек мемлекет қана қорғамайды.