- Учителю
- План внеклассного урока Тұсау кесер тойы
План внеклассного урока Тұсау кесер тойы
18.03.2016ж 6а сынып
Тәрбие сағаты «Наурыз - Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген
сүйіспеншілікпен бірге, қазақтың салт-дәстүрі құрметтеуге тәрбиелеу. «Тұсау кесер» тойының өтілу салтанатымен таныстыру.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, сандық, домбыра т.б.
Сабақ барысы:
І-жүргізуші: Аружан
Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз - жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ күні.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
ІІ-жүргізуші: Лейла
</ Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге сыяды.
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
І-жүргізуші: Аружан
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
ІІ-жүргізуші: Лейла
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
І-жүргізуші: Аружан
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
Бүгінгі күні _________________әже өзінің немересі ______________ «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.
/Күй ойнап тұрады ортаға баланы алып келеді/
Жүргізуші Лейла
Ескен желдей жүйрік бол,
Қарағайдай сүйрік бол!
Өз ісіңе берік бол,
Ата-анаңа серік бол!
Үкідей үлпілдеп тұр,
Жорғадай бүлкілдеп жүр!
Шаршамай шарықтағын,
Ешқашан тарықпағын!
Жолың ашық болсын
Алдың нәсіп болсын!
Достарың көбейсін:
Доссыз - кедейсің!
Кедергінің кесірі тимесін,
Жақсылық ісің күймесін!
Адымың алға ғана сүйресін.
Жүргізуші Аружан
Бала болашақ деген атам қазақта сөз бар, болашағына қадам басқалы отырған _______________________________ тұсау кесер тойынша қош келдіңіздер.
Жалпы тұсау кесердің үш түрі болады екен қазақ халқында
Біріншісі Жасыл ағашпен тұсау кесу-бұл дегеніміз, жасыл ағаштай көктеп өсе берсін. Бәйтеректей көп ұрпақтың анасы немесе атасы болсын деп ырымдаған екен.
Екінші майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді,
Үшінші Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады екен Сондықтанда бүгін баламыздың тұсауын ала жіппен кеспекпіз. Тұсауды қандай адам кеседі деп ойлайсыздыр? Тұсауды ойға көсем, тілге шешен, от тілді, орақ ауызды адам кеседі. Яғни болашақта мына кішкентай бөпеміз сол азаматтай болсын деген мағынадан туындаған. Олай болса ортаға барлықтарыңызға белгілі кәсібінің нәсібін көріп жүрген, от тілді, орақ ауызды, беделді мекебіміздің директоры Асет Садуакасовичке ұсынамыз.
/Шашу шашу/ Айдана, Балмира
Жүргізуші Лейла
Талабыңды жаз балам,
Жеті түстен өте жүр
Қадам бассаң мәз болам
Ақ түстен өтші жүгіріп,
Жолың сенің ақ болсын
Жүрегің сенің пәк болсын,
Сары түстен өткенің
Күндей жадырап күлгенің
Жасыл түстен өткенің
Жасыл ағаштай құлпырып, өскенің
Қызыл түсің шырағым
Алла берген шырақ шам
Баламыз өмірлі болсын
Дені сау көңілді болсын
Көк түсіміз көк аспан
Ашық болсын аспаның
Қырандай ұшып самғасаң
Қос қанатың талмасын
Алтын, күміс түстерің
Даулетің асқан бай болсын
Үйің соған сай болсын
Ақ құрметті ағайын.
Тұсау кесер тойы баршамызға құтты болсын
Назым тәте: сөзі:
Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін.
Тілек айту Аружан
Оқуда зерек бол,
ұйқыда сергек бол!
Істе шебер бол, тұйықта көсем бол!
Ойда мәнді бол, тойда сәнді бол!
Үлкенге тең бол, кішіге кең бол!
Ел үшін жауыр бол, жақсыға бауыр бол!
Достарың сүйінсін, дұшпаның күйінсін!
Құлқынға елікпе, мақтанға желікпе!
Бата беру Айдос
Айымның орындауында Жаңа жыл әні қабыл алыңыздар
Ұлдардың орындауында Қара жорға биі қабыл алыңыздар
Лейланың орындауында Шақырады көктем әнін қабыл алыңыздар
Аружанның орындауында Наурыз әнін қабыл алыңыздар