- Учителю
- Терроризм және діни экстремизм
Терроризм және діни экстремизм
Тақырыбы: «Терроризм және діни экстремизм »
Мақсаты: А)Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә)Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б)Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.
Көрнекілігі: слайдтар.
Тәрбие сағатының жүрісі:
Жоспары:
1.Терроризм ұғымына, түрлеріне, қай уақытта пайда болғанына түсінік беру.
2.Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен? (Пікірталас)
3. Террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы.
Мұғалім сөзі:
-
Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» - араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы - «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.
-
Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.
І. Ой қозғау.
-
Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
-
Террорлық іс-әрекеттерден зардап шегетін кім?
( Ойларын дәптерге жазады)
ІІ.Мағынаны тану.
1.Терроризм - [ terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген саясатты атауда қолданылды.
Терроризмнің дамуы 5 этапқа бөлінеді:
Ежелгі кезеңнен -19ғ. 40ж.
19ғ. 40ж. -
20ғ. 20ж.
20ғ. 20 ж. -50ж.
20ғ. 60ж.-80ж.
20ғ. 90ж. - қазірге дейін
Алғашқы террористік топтардың қалыптасуы
Террористік ұйымдардың негізгі формасы,базасы мен әдіс-тәсілдерінің стратегиясының нақты қалыптасуы
Терроризмнің саясаттың негізгі құралына айналды, жеке мүддеден жалпыға ортақ сипат алды.
Ірі террористік ұйымдардың іс-әрекетінің белең алуы, әртүрлі елдерде таралуы
Терроризмнің халықаралық мәселеге айналуы
Сарапшылар қазіргі терроризмнің 200 түрін анықтады, соның ішінде негізгілері:
2.Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»
А) Бұл іске қандай адамдар барады?
Ә) Террористік іс-әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?
Оқушылар өз ойларын айтады:
-Діни секталардың таралуы;
-Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;
- 18- 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады.
- Террористік іс-әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті- мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.
- Қазақстан Республикасы Қылмыстақ Кодексінің 9-тарауында қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы баптар жазылған. 233-бап терроризм туралы. «Жаралас жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін әрекеттер жазаға тартылады».
-Арандатулардан аулақ болу үшін, біз саналы, ашық коммуникативті, әлеуметтік тұлға ретінде өзімізді тәрбиелеуіміз керек.
- Қазіргі кезде халық арасында арандатушылық көзқарасты қалыптастырған қандай ұйымдарды білесіздер?
3. Террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы.
2004-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Астана қаласы сотының шешімдерімен:
«Әл-Каида», «Асбат әл-Ансар», «Мұсылман- ағайындылар», «Боз гурд», «Талибан» қозғалысы, «Орталық Азия моджахедтерінің жамааты», «Шығыс Түркістанның ислам партиясы», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Түркістан ислам партиясы», «Конгра-Гел», «Лашкар-и-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» және «АУМ Синрике» ұйымдары терроршыл ұйымдар деп танылды.
Біздің еліміз бүгінде БҰҰ-ның терроршылдыққа қарсы күрес жөніндегі 13 әмбебап конвенцияларының барлығына қосылған. Ал 2008 жылғы мамыр айында Қазақстан Ядролық терроршылдықтың көріністерімен күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады. Бұдан бөлек еліміз өңірдегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында ШЫҰ және ТМД ауқымында қабылданған бірқатар келісімдерді де ратификациялады.
Қорытынды.
Тренинг. «Шаттық шеңбері» - елімізге, халқымызға, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді
айту.
Бейбіт- шілік
Мұғалім сөзі: Сонымен біз қателіктерімізді жөндеу арқылы бейбітшілік өмірге қол жеткізу, ізгілікке, адамзатты мейірімділікке, жақсылық жасауға шақыра отырып, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.