- Учителю
- 'Отанды сүю иманнан' (ашық тәрбие сағаты)
'Отанды сүю иманнан' (ашық тәрбие сағаты)
"Отанды сүю иманнан"
Мақсаты: ата - бабамыздың, ұлтымыздың әдет - ғұрпын, салт -дәстүрін, қадір - қасиетін бойына сіңірген, ұлттық намысы, ар - ождан бар жастар тәрбиелеу.
Барысы.
1. Кіріспе сөз.
2. Кездесуге келген қонақтармен таныстыру.
3. Жүргізушілерге сөз беру.
-
Жүргізуші: Менің әлі күнге дейін есімде, кішкене кезімде әр көктем сайын қарт аталарымыз ауылдағы ойын баласын тегіс жинайтын. Оларға естияр жігіт- желеңді бас етіп бұлақтардың көзін ашуға жіберуші еді. Сонда ата-әжелеріміз « Бұлақтың көзін ашу - Меккеге сапар шеккендей қасиетті-іс, сауабы үлкен» деуші еді. Су бар жерде тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса су мол болады, су мол болса сатықта, шөп те, гүл де жайқалып өседі. Адамдар мен жануарлартоқ болады, тоқ болса бір- біріне қастық жасамай бейбіт жүреді. «Бастаудың көзін ашсаңдар өмір тіршіліктің де көзін ашқандарың» дейтін.
-
Жүргізуші: Иә, рас айтасың, біздің ата- әжелеріміз нағыз данышпандар ғой, ата-бабалар ұлағатосы күнге дейін сақталған . Ал қазір біздің көріп көкейге түйетініміз қандай бұлақ жайлы деп ойлайсыңдар?
1 - жүргізуші: Қазақ халқы табиғатқа табына жүріп талғам алыпты, табиғатты өзінің өмірін сақтаушы кие тұтыпты, тіршілігінің мәні мен сәні ретінде ардақтапты.
2 - жүргізуші: Иә, дәл солай әрбір халықтың дүние танымы сол халықтың өмір өзегінен , тұрмыс тіршілігінен туындаған. Табиғаттың алып тұлғасына, оның ғаламат күші мен керемет көркіне, жан-жануарлар мен өсімдіктердің жаратылыс бітіміне танданбау, қызықпау мүмкін бе? Табиғат анадан бізді бөліп әкеткен сол сенімсіздік дерті шығар. «Табиғат тың бермесін тартып аламыз, жерді де, көкті де бағындырамыз» деп астамшылық жасап , өзімізге қажетті бұзып , жарып алуға дағдыландық. Соның нәтижесінде табиғаттың тепе-теңдік заңдылықтары бұзылып, адам мен жаратылыстың арасындағы көзге көрінбейтін, көзге көрінетін байланыстар әлсіреп , үзілуге шақ қалған.
Тозған жер, суларға көл, құрдымға кеткен бастаулар мен бұлақтар, арнасы кепкен өзендер, жұтаған өсімдік дүниесі мен аты қағазда қалған жанжануарлар -барлығы адамның қатыгездігінен, немқұрайлы пейілінен, құдіретке сенбеуінің салдарынан.
1 - жүргізуші: Біздің ата-бабаларымызданң неменеге сеніп , неменеге сыйнғанын, содан келіп қалптасқан ұлттық таным-наным, салт-дәстүр,
әдетғұрптардың мән-мағынасына, астарына көбірек көңіл бөле қарасақ, халықтық тәрбиенің үлгілі өнегесін көрер едік.Енді солардың қалдырған аманатын тыңдайық. "Қазақ халқының ырымдары мен тыймдары…"
2 - жүргізуші: Желмаясына мініп жерұйық іздеген Асан қайғы бабамыздан бастап, Әбунасыр әл Фараби,Ахмет Иассауи,Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Абай сынды ұлылардың жазып кеткен дала заңы десек те болардай.
1 - жүргізуші: Рас айтасың, еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге сенім бостандығы қайта оралғандай болды.Дінге жол ашылды. Бұрын атынайтуға қорқатын ата-бабаларымыздың аруағынқастерлеп емін-еркін ас беріп, торқалы тойларын тойлап, рухымыз көтеріліпжатыр.Көзден бұлбұл ұшқан ата-дәстүрімізді жанғыртар иманды ұрпақ өсіп келеді.Ұлы Абай айтпақшы: "Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек". Олай болса адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруды дәріптейтін имандылық қаиеттері жайлы тындайық .
Кісілік.Қазақ ұғымынан адамгершілік ұғмымен астарлас келетін моральдық атаулардың бірегйі кісілік ұғымы .Кісілік -өмір барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әрекеті мен мінез-құлқының азаматтық ар-ұжданы.Халқымыз "Адам болар баланың кісімен ісі бар,адамболмас баланың кісіменен несі бар"деп тәриелі амдамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарға "Жарлы болсаң да, арлы бол "деп талап қойған. Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау,құрметтеу, көңіліне қарау-кісіліктің нағыз белгісі.
Отансүйгіштік. Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп,сөздерінің небір дәмді ой түйіндерін арнаған. Мәселен М.Әуезов "Отан анам, Отаным ,сенен аяржанымжоқ ,сенен ічскер күшім жоқ"десе,В.А.Сухомлинский "Отан-өз бесігің, өз үйің, өз бесігінді ұмыта көрме"дейді. "Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған"дейді Ж.Ж.Руссо.
Мақсаткерлік -бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алансыз бағыштауы, мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдарына, танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы."Мақсатсыз өмір сүрген адам-неткен бейшара" депті орыс жазушысы И.С.Тургенов."Адамдаралдына қойған мақсатымен бағады" деген белгілі саяхатшы Миклухо-Маклай.Мақсаткер адам ылғи жалындап жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңу үшін күреседі.
Ақылдылық-бұл жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды, қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам."Ақылды адамға екі дүниеде жолы ашық"деген Ж.Баласағұн.Қазақ мақал-мәтелдерінде де"Ақылды кісі азбайды", "Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді", "Ақылды айттырмай білдіртеді"деп ерекше мән берген.
Борыш пен жауапкершілік -бұл адамның әкешеше, үй-іші, тума-туыстарына қатысты презеденттік парызымызынан туындайтын қасиет. Мұны ң негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындғыы жауапкершілігін бар санаымен терен аңғара алып түсіну, сондай-ақ осы арадағы өз парызымен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру жатады.Борыш пен жауапкершілік ті түсіне білуден адамның им-ғы мен ада-нің дережесі байқалады.
Ар - ұят. Халқымыз " Малым - жанымының садағысы , жаным-арымның садағы "деп арды жаннан да қымбат деп есептйеді .Ұят -адамгершілікті сақай білудің , им-тың жотасы . Ұят ны-ры сәбилік шықтан қалыптаса бастайды. Бұл ны-ры сәбилікшақтан қалыптаса бастайды. Бұл жан толғаныстары арқылы бет-бейнеден ,иинабатты іс-әрекеттерден байқалады. "Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді "деп халық ұятсыздықтың негізгі қанағатсыздық, ұрлық, мақтаншақтық, өтірік айту, адамгершілік қалыпты бұзу деп есептейді.
Мейірімділік пен ізгілік - Егіз қозыдый осы екі қасиет басқарға (әке -шеше , ағайын - туысы, танысқа көңіл бөлу ) олардың сеніміне ие болу . Айналадағылармен өзара дұрыс қарым -ққатынас жасау адамға эмоциялық жағынан тиімді, кісінің шат-шадыман тірлігі үшін маңызды.
Адалдық пен шыншылдық .
Адал адам-шынайы да шыншыл адам. Адалдық пен шыншылдыққа әрдайым әділет ,кішіпейілділік ,қайырымдылық еріп жүреді және бұлар адамның аты мен абройына дақ түсірмейді .
Достық - Адамды асқақтатады ,ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне көмектеседі. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр - салақ адамдар бір - бірімен дос болып көгермейді .
Шал ақын : «Достық - аспандағы жарық жұлдыз ,теңіздегі гаухар тас» .
«Достыққа кішкене сызат түсті дегенше , құдай ұрды дей бер . Егер шын дос табылса мал басыңды соның жолына құрбан ет . Досыңның кішкене сыйын көптей көр ,досыңа қанша көп берсең де аздай көр» дейді сөз зергері Мәшхүр Жүсіп .