7


  • Учителю
  • Тренинг 'Бақыт сыйла. . . ' (8-Сынып)

Тренинг 'Бақыт сыйла. . . ' (8-Сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру. Оқушылар мен ата-анаға адам өміріндегі қуанышты сәттерінен, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсінік бере отырып рухани адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұ
предварительный просмотр материала

«Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ



Орындаған: мектеп-лицей әлеуметтік педагогі Қ.Б.Омарова

Жезқазған, 2013 ж.



Тақырыбы: «Бақыт сыйла...»

Мақсаты: Бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру. Оқушылар мен ата-анаға адам өміріндегі қуанышты сәттерінен, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсінік бере отырып рухани адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірдің әр сәтін бағалай алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Өмір ағашы» плакат, дәйексөздер, түрлі-түсті қағаздар мен қарындаштар, баяу әуен жазылған үнтаспа.



1.Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар мен менің сүйікті де сүйкімді оқушыларым! Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Бақыт сыйла» атты ата-анамен бірлескен іс-шарамызды бастамас бұрын барлық жаманшылықтарды, қайғы-мұңды, күнделікті өмірде кездесетін мәсәлелерімізді, бір-бірімізге деген ренішімізді ұмыту үшін бір сәтке сергіп алайық./Ақырын әуен қойылады/

Әбу Нәсір әл-Фарабидің «Бақыт жолын сілтеу» еңбегінен алынған үзіндіден бастасақ.

  • Игіліктердің ішінде бақыт ең үлкен игілік екендігі және қалаулы заттардың ішінде адам талпынатын ең жетілген мақсат екендігі айқын.

Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі (жақсы мінез-құлық пен ақыл күші) бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі, игілікті және қайырымды адам боламыз, бақытқа қол жеткіземіз.

2. Айгерім: Ата-аналарға арналған тапсырма. Алдарыңызға ұсынылған ойды жалғастырып, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер:

  • Бақытыңды балаңнан ізде. Сіздің жеке пікіріңіз...

  • Бақытты отбасы, ол - ....

  • Сәби бақыты,ол - ....

  • Ата-ана бақыты,ол- .....

  • Ұстаз бақыты,ол-....

  • Ұлт бақыты,ол-....

  • Қоғам бақыты,ол-....

  • Бақытқа жету үшін адам не істеу керек?

3.Айгерім: Енді «Бақытты адамның ұстанымдарын» тыңдап көрсек.

Бақыт деген - адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету.

Бақыт - бұл жаныңа жақын істі таңдап алу және шығармашылықпен еңбектену.

Бақыт - достарыңмен, жаныңа жақындарыңмен араласу.

Бақыт- қызықты өмір үшін барлық қажеттінің болуы.

Бақыт- ертеңгі денсаулығыңнын мықты болуы және өзіңнің, айналаңдағылардың денсаулығына қамқорлық жасай білу;

Бақыт-әр күннің нұрлы шуағын сезіну.

Мұғалім: Осы ұстанымдардан кейін « Бақыт» сөзін бір ауыз сөзбен айтып, күнді шуақтандырайық.

5.Мұғалім: «Менің бақытты отбасым» атты сурет сайысын ұйымдастырамыз. Ата-анамен баласы қарындашты бірге ұстап сурет саласыздар. Салған суретімізді ортаға шығып қорғаймыз.

6.Мұғалім.Тренингімізді қорытындылау үшін бір-бірімізге бақытты өмір тілей отырып, тілегімізді жазып, алдымызда тұрған «Өмір ағашын» гүлдендірейік.






Пайдаланылған дәйексөздер:


.Бақыттың мәні - парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.

Әл-Фараби.


  • Кімде-кім ниетін имандылыққа, тазалыққа, тілін шындыққа, өзін тыныштыққа, мінезін туралыққа, құлағын тыңдаушыға, көзін өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек ол бақытты.

Құран кәрімнен


  • Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес.

Б.Момышұлы

  • Бақыт дегеніміз - өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу.

Б.Момышұлы
















Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі 7 «Г» сыныбы. «Бақыт сыйла...» ата-анамен бірлескен тренинг.13.11.2014ж.





Е.Қайырбек пен М.Нақайдың ата-аналары тренинг барысында

«Менің бақытты отбасым» отбасылық сурет сайысынан көрініс

«Бақыт» туралы өз тұжырамдамаңыз айдарында А. Аханованың әкесі ой бөлісуде.





Тренингке қатысушылар «Тыныштық сәтінде»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал