7


  • Учителю
  • Разработка урока казахского языка в 6 классе на тему: ' Астана қаласы'

Разработка урока казахского языка в 6 классе на тему: ' Астана қаласы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты:                    1.Астана қаласы туралы мағлұмат беру,мәтінмен жұмыс істеудің әдісін                     үйрету.                 2.Көмекші есімді қайталау арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту,                  ой-өрісін арттыру.                 3.Туған ө
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Астана қаласы.

Мақсаты:

1.Астана қаласы туралы мағлұмат беру,мәтінмен жұмыс істеудің әдісін

үйрету.

2.Көмекші есімді қайталау арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту,

ой-өрісін арттыру.

3.Туған өлкесінің астанасын білу арқылы елін, жерін құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ой қозғау, жеке, жұптық жұмыс.
Сабақтыңтүрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта,слайд,қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу;
- Сыныптағы оқушыларды түгендеу;
- Оқушылардың назарын өзіне аудару;
Психологиялық ахуал: Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

II.Өткен сабақты қайталау:

1.Сабақтың мақсатын хабарлау.

2.Балалар өткен сабақтарда біз сендермен Қазақстанның көне, жаңа қалалары, Қазақстанның бұрынғы астанасы туралы, ондағы тарихи-мәдени құндылықтар жайында өткенбіз.

  • Қазақстанның қандай көне қалаларын білесіңдер?

  • Ал, енді жаңа қалаларды атаңдаршы?

  • Енді, көне қалалардың бірі - Түркістан туралы не білесіңдер?

  • Ал, жаңа қалалардын бірі - Алматы туралы не білесіңдер?

  1. Қазақстан тарихында неше астанасы болған?

А) Бірінші астана болған қай қала және қай жылдары?

Ә) Екінші астана болған қай қала?

Б) Үшінші астана болған қай қала?

В) Төртінші астана қай қала?

Г) Астанада тұңғыш салынған құрылыс ол не? (Бәйтерек).

  1. «Бәйтерек» кешені - ненің символы?

- Бәйтеректің пішіні ненің идеясын білдіреді?

  • Осы Бәйтерек туралы ежелгі аңызда не деген?

(Бір оқушы Бәйтерек туралы аңызды айтып береді).

  1. Енді тақтаға қараңдар: «Сандар сөйлейді» ойынын ойнайық.

  1. Көмекші есім деген не?

  2. Көмекші есімнің сөйлемдегі қызметі?

  3. Көмекші есімдерді атаңдар?

  4. Сызба бойынша сөз тіркесін құра? (үйдің..., ...үсті; мектептің..., ...сырты).

  5. Сөз тіркесінен сөйлем құра? (үйінің алдында).

III. Жаңа сабақ түсіндіру:


  • Ал, Парламент Үйі қай қалада салынған?

  • Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Астана қаласы.

  • Тақтаға қараймыз. Алдымен мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысамыз:

Тұрғын - житель

Орталық - центр

Ғимарат - здание

Бой көтерді - выстроились

Қасиетті - священный

Ұлт өкілдері - представители нации

(мұғалім - оқушылар)

  • Жаңа сөздердің синонимдерін жазайық:

Тұрғын - халық

Орталық - ортасында

Ғимарат - құрылыс үйі

Бой көтерді - салынды

Қасиетті - киелі

Ұлт өкілдері - ұлттар


  • Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазыңдар.

  • Осы синонимдерге бір сөйлем құрастырайық.

  • Жаңа сөздермен таныстық, енді мәтінді оқимын, тыңдайық (интербелсенді тақтада - тыңдалым).

  • Қазір оқулықтан 72 бетті ашамыз, тізбекпен оқимыз.

  • Сұрақтарға жауап берейік:

  1. Қазақстанның бас қаласы қай қала?

  2. Ол қай жерде орналасқан?

  3. Есіл өзенінің бойында нелер бой көтерді?

  4. Парламент Үйінің алдында кімдердің ескерткіштері бар?

  5. Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Мәтін түсінікті болса, осы мәтіннен көмекші есімдерді тауып, астын сызамыз, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтындар.

IV. Сергіту сәті: «Қара жорға биі»

V . Жаттығу жұмыстары:

  • Қазір деңгейлік тапсырмалар орындаймыз:

1 - деңгей: Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Ол Есіл өзенінің бойында қасиетті Сарыарқа

жерінде орналасқан.

2 - деңгей: Тәуелді септеу.

Өзен жағасы.

3 - деңгей: Дыбыстық талдау.

Тұрғын

  • Отырғандарға 4 - тапсырма (болған соң орындарынан тұрып оқиды).

  • Тақтадағы тапсырманың қатесін түзейді.

VI. Қорытындылау:

Болашақтағы қала.

1 - деңгей: Мен сәулетші болсам (ой-толғау).

2 - деңгей: Бес жолды өлең (Астана туралы).

  1. - деңгей: Қылқалам шеберлері (сурет салу).

VII. Бағалау:

VIII.Үйге тапсырма: 1 - деңгей: Мәтінді мазмұндау.

Сөзжұмбақ дайындау.

2- деңгей: Диалог.

Көмекші есімдермен үш сөйлем құрау.

3- деңгей: Сөздік жаттау.

Дыбыстық талдау: ҚҰРЫЛЫС.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал