7


  • Учителю
  • «Бабалар аманаты - Тәуелсіздік»

«Бабалар аманаты - Тәуелсіздік»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

дир. ТІЖО орынбасары

___________________


Тақырыбы: «Бабалар аманаты - Тәуелсіздік»

Мақсаты:

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының түрі: Танымдық шығармашылық жұмыс

Тәрбие жұмысының әдісі: Пікіралысу, талқылау, сайыс

Сабақтың көрнекілігі: Буклет, суреттер, әдеби кітаптар

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет.

Сабақ барысы:

Жүргізуші: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар!!! Алтайдан Алатауға дейін ұлан - ғайыр жерді мекен еткен қазақтың арман, «Бабалар аманаты - Тәуелсіздік» атты мерекелік ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!!!Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде "Отан" деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам - қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай аға-апаларымыздың жанкешті болған, сол адамдардың рухы бойымызға дарып, Отанға деген сүйіспеншілік әрбіреуіміздің қанымызда болуы керек. Енді, оқушыларымыздың патриоттық қасиеттерін бағалау мақсатында «Ассоциоциялық класстер» толтыру сұралады. (Тақтада «Отан» және «Желтоқсан» сөздеріне байланысты оқушылар өз ойын жазады).


ОТАН


Желтоқсан


Бәріңізге көп рахмет.

Жүргізуші:

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік Желтоқсанмен бітпейді

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге өрледі.


Құрметті оқушылар, келесі сіздерге берілетін тапсырма: «Тарихи портреттер. Тұлғаны таны». Алдарыңызға белгі тұлғалардың фотосуреттері шығады, сіз таныған тұлғаның есімін тақтаға жазуыңыз сұралады. (Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Мұхтар Шаханов, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Олжас Сүлейменов).

1. Д.Қонаев

2. М.Шаханов

3. Қ.Рысқұлбеков


Ләззат Асанова Н.Ә.Назарбаев Олжас Сүлейменов


Жақсы, қатысқан оқушыларға үлкен рахмет!

Жүргізуші:

Дербестік, ата-жұрттың азаттығы үшін қанша ұлт - азаттық қозғалыстарды бастан өткіздік, Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Өз Отанымыз бен ел президентіне, тату- тәтті өмір сүріп жатқан халқымызға көптен - көп рахмет. Келесі сайысымыз: Оқушы пікірі «Желтоқсан оқиғасына менің көзқарасым.....». Оқушыларға бет үйлестіріп беру, олар «Желтоқсан оқиғасы» туралы түсінігін, өз ойын қорытыныдылап жазады.


Қорытынды:

Жүргізуші:

1990 жылы 17 желтоқсанда Республика алаңында Желтоқсан оқиғасын есте сақтау мақсатында ескерткіш тақта қойылды.

Желтоқсан оқиғасы бұл

- ерліктің тарихы,
- республикадағы халқымыздың рухани жеңісі,
- демократияға жол ашу,
- тәуелсіздіктің алғашқы беті

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егеменді тәуелсіз ел атанды. Әлем таныды.

1991 жылы 21 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаев "1986 жылығы желтоқсан оқиғасы кезінде жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде" жарлық шығарды.Осы жарлық негізінде 17 желтоқсан - "Демократиялық Жаңару Күні" деп жарияланды. 1996 жылы желтоқсан құрбаны болған Қ.Рысқұлбековке "Халық Қаһарманы" атағы берілді.

Назарларыңызға бейнеролик: «Желтоқсан желі ызғарлы»

«Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз». Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 23 жыл толғалы отыр. Осындай айтулы ұлы мерекелеріңізбен құттықтап, елімізге тыныштық, отбасыларымызға бірлік тілейміз. Назарларыңызға рахмет. Аман сау болыңыздар!!!



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Сатыбалды орта мектебі








Тәрбие сағаты

Тақырыбы:


5- сынып жетекшісі: Амирова Э.К






Орал 2015.












 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал