7


План урока на тему Етістік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Етістік

Қазақ тілі 6 сынып

Сабақтың мақсаты:Етістік дегеніміз не?

Оның сұрақтары қандай?

Махамбет өлеңдеріндегі етістіктердің

қолданысы қандай?

Сұрақтарға жауап беру.

Білімділік мақсаты:Сөз құрамына қарай талдай білу.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың сауаттылығын жетілдіру.

Тәрбиелік мәні:елдікке,бірлікке,батылыққа,сауаттылыққа баулу.

Көрнекіліктер.Оқулық,ойындар,сызбалар,буклент.

Сабақтың типі:Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сабаққа дайындау.

ІІ.Үй жұмысы:Етістік «Махамбет ақын» деген шығарма жазу.

ІІІ.Жаңа сабақты сұрау:

1.Сөзтізбекті шешу:2. «Есімдік» сөзінен «етістік» сөзін жасау: 3.Жаңа ереже:

Етістік-заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы.

Етістік не істеді?не қылды?қайтті?не істеп?қайтіп?не істесе? деген сұ-рақтарға жауап береді.



Кел

Бар

Жүр

Көр

бас

келді

барған

жүріп

көргелі

басқар

4.Басқа сөз тобынан жасалу жолы.(сөздің түбірін табу)

а)ойна,боса,түне

ә)шегеле,түсте,баста

б)молай,азай,көбей

в)көгер,қысқар,ағар.

г)басқар,ескер,теңгер

ғ)кешік,зарығу,беріп

д)жарқыра,желбіре

5. «Ойласаң табасың» ойны.(тіркесін табу керек)6. «Қандай сұрақ қояға болады?» ойны (үзіндіден етістікті тауып,оған қажетті сұрақты қоя білу)

Ау қызғыш құс,қызғыш құс.

Қанатың қатты,мойның бос.

Исатайдан айрылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

7. «Тез тауып,бөгелмей айтыңдар» ойны.(берілген сөздердің қай сөз табына қатысы бар екенін табу)

Сүт,зеңбірек,Құдай,әскерін,құмға,жыландай,баласы,жолбарыстай,түн-де.

8. «Сақ бол,жаңылма» ойны.(берілген сөздердің қайсысы етістік,қайсы-сы есімдік екенін ажырата білу)

Талас,ас,еш,қоныс,сала,өз,алыс,сол.

ІV.Бекіту:

1.Етістік дегеніміз не?

2.Сұрақтары қандай?

V.Оқушының берген жауабына қарай бағалау.

VІ.Үйге тапсырма:

«Біздің сыныпта ашық сабақ» тақырыбына мәтін құрау.Етістіктердің ас-тын сызу.

VІІ.Қорытынды:Етістік-заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал