7


  • Учителю
  • Сочинение по казахскому языку (7 класс)

Сочинение по казахскому языку (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Результат творчества учителя: сочинение на тему "Мама". Содержание сочинения имеет воспитательную направленность, призвано служить формированию чуткости, ответственности, любви к родному человеку - матери. Сочинение может служить хорошим подспорьем классному руководи
предварительный просмотр материала

№32 мектеп -гимназиясының

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Шегірова Айжан Әлдеуінқызы

23 жыл еңбек өтілім . Тел 87018357222

«Рахмет,анашым!» тақырыбына жазған шығармасы

« Дүниедегіең ең кемеңгер дананы ана табады,аялайды,бағады.Солүшін де құдіретіне бас иіп,құрметтейік қасиетті ананы ,»-деп ақын ағаларымыз жырлаған.

Ана-осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр,талай терең мағына жатыр.Ананың балаға деген шексіз махаббаты,адамдарға деген мейірімі ,ақ тілегі сәби үшін қаншама қиындыққа төтеп беретін төзімділіктің бәрі тек бір сөзге сыйып тұрғандай.Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін емізіп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.Мен ана деген сөзді қанша айтсам да,жалықпаймын.Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін де,жылауын жұбататын да ана.

Ана баланың амандығын,бақытты, абыройлы болуын тілейді.

Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан дариды.

Қайран ана,өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз,кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты,одан ауыр,таразы басын басатын ештеңе жоқ.Өйткеніананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.Ана тіршіліктің гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ананы мақтау-жаны жайсаң, көңілі дарқан,дос дегенде ішкен асын жерге қоятын ақкөніл,кеудесін елі үшін оққа тосатын батыр ерлер ананың тәрбиесінен шыққан,соның аялы алақанының жылуын, жанарының мейірімін көріп өскен.Ел қамын ойлап,дарқан даланы дүбірлетіп өткен,тарих көшін батырлығымен,мәрттігімен әрлендірген Абылайлар мен Исатайлар,Махамбеттер мен Аманкелділер де анадан туды гой.Өткір тілді,ұтқырсөзді,найзадай жарқылдаған билер менен шешендер де ана көрегендігінің кәусар бұлағынан сусындамады ма?Домалақ-ана,Мұрын -ана, Қаз дауысты Қазбектің анасыҚарқабат-ана сияқты жұртты аузына қаратқан әулие-аналар да дөңгелек дүниенің баға жетпес қазынасын жасаған жоқ па?

Өмір бесігінде тербетіп,адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі,сөзі өсиет, тұғыры-биік.Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен,жүзі мейірімді,қолы қайырымды.Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасын мен сүйкімді перзенті болар.Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың деген ғұламалардың сөзі бар.Шынымен солай.Адамзат жүріп өткеннебір ауыр жол,алмағайып заманнан өрнектеп, әнмен әлпештеп,сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

Ұрпаққа бақыт сыйлаған

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,

Тіршіліктің тынысы мен ажары

Рахмет,саған анашым!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал