7


  • Учителю
  • Внекл. Работа 'Рәміздер-ұлт мақтанышы' мемлекеттік рәміздерді насихаттау

Внекл. Работа 'Рәміздер-ұлт мақтанышы' мемлекеттік рәміздерді насихаттау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Рәміздер - ұлт мақтанышы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету;

Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

Көрнекілігі: рәміздердің суреті, слайд

Барысы:

Мұғалім: Мектеп өмірі білім баспалдағы тәрізді. Бір сатыдан екінші сатыға әр түрлі қиындықтар мен қуаныштардан өтіп, жоғарылай бересіздер. Барлық қиындықтарды бірге жеңеміз деген үміттемін. Тек қана білім алуды ғана емес, сонымен қатар дос болуға да үйренеміз. Біздің сыныбымыздағы жақсы қарым-қатынасымыздан әрдайым жылулық сезінсін.

Шаттық шеңбері(Төменде айтылғанға келіссеңіз, қимылдарды жасаңыз)

- Егер сіз мектепке қуана-қуана барсаңыз, оң қолыңызбен бұлғаңыз;

- Егер сіз адамдардың адалдығы мен ар-ұяттылығын бағаласаңыз, бір қадам алға басыңыз;

- Егер өз күшіңізге сенсеңіз, орныңызда секіріңіз;

- Егер біз айналадамыздағы адамдардың ұлтына және әлеуметтік жағдайына қарамай құқықтарын сыйлауымыз керек деп ойласаңыз, бір қадам артқа басыңыз;

- Егер біздің еліміздің тағдыры сізді алаңдатса, алақаныңызбен шапалақ соғыңыз;

- Егер өзіңізді патриот санасаңыз, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз;

- Егер біздің мемлекетіміз әлемде беделді орынға ие болады десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз;

- Егер еліміздің болашағы сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз, қолдарыңызды ұстаңыз.

Ендеше, балалар осылай, әрқашан бір-біріміздің қолымыздан ұстап, болашаққа, мемлекетке үлес қосуға бірге жол бастайық.

Аружан:Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717.3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.

Дамир: Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.

Диас: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.

Мұғалім:Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Олай болса бүгінгі « Рәміздер - ұлт мақтанышы» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

Мұғалім: Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

Рәміздеріміз туралы не айтасыздар? (Оқушылар рәміздерді суреттеп береді)

Тоғжан: Ту туралы суреттеп, талдап баяндап берді.


Аружан: Елтаңбаның суретің салып әкеліп, сол туралы баяндап берді

Дамир: Әнұранның авторлары туралы баяндады

Жанерке: «Қазақстан»

Қазақстан, қазақ елі қарыштаған,

Күннен күнге дауысы шарықтаған.

Тәуелсіз ел болып, өз басына,

Әлемге менің елім кең танылған

Сарыарқа төрінде - Елордасы,

Минут сайын өркендеп -Астанасы.

Ұстанып «2030 бағдарламасын»

Жас отаудың көбейді баспанасы.

Оңтүстігі -ақ айын- күріш, мақта,

Солтүстігі сары алтын- бидай арпа.

Батысында қара алтын, балығымен,

Шығысы-орман- тоғай, бұл бір бақша.

Нұрлы: «Отаным менің -Қазақстан»

Желбіреп көктен туымыз.

Төбеге биік тігілді.

Көгінде ашық арайлап,

Шашып тұр сәуле күніміз

Нұрынан жарық түрілді,

Қараңғы түнек түніміз

Астында күннің қырынан

Шомылып нұрға төгілген.

Мұғалім: Қазақстанды жырға қосып, әнге салып мақтан тұтамыз. Олай болса, Нұрланды «Жаса, ҚАЗАҚСТАН» әнімен қарсы алыңыздар.

Мұғалім: Мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау бағытында өткен сынып сағатын қортындылай келе, Мемлекетімізге жарқын болашақ, елімізге саналы ұрпақ тілейміз. Деніміз сау, санамыз ояу болсын! Айымыз үнемі оңымыздан тусын! Осымен «Рәміздер - ұлт мақтанышы» атты сынып сағатымыз аяқталды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал