- Учителю
- Тәрбие сағытының жоспары 'Менің елім - Қазақстан'
Тәрбие сағытының жоспары 'Менің елім - Қазақстан'
Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті
Ұлан аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
«Бозанбай орта мектебі» КММ
Тәрбие сағаты:
«Менің елім - Қазақстан»
Өткізген: Саденова Л.С.
Тақырыбы: «Менің елім - Қазақстан ! »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Отанымыз Қазақстан туралы мәлімет беру. Еліміздің Рәміздері туралы толық түсінік беру.
Дамытушылық: Отан туралы жалпы ой- өрістерін дамыту, тереңдете түсу.
Тәрбиелік: Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Отанды қадірлеуге, сүюге баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, интербелсенді әдістер.
Сабақтың көрнекілігі:
Слайд, интерактивті тақта, суреттер, Қазақстан Республикасының картасы, еліміздің рәміздері,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Психологиялық дайындық.
Хормен:
Біз жас ұлан Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Мұғалім: Біздің Отанымыз ,еліміз - Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасы адам танымастай өзгерді.. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Ең бірінші Отан десек ойымызға Елордамыз Астана келеді . Жылдан -жылға көркейіп, гүлденіп бой көтеріп келе жатқан Астанамыз жасай берсін!. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жылдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы Мәңгілік елміз.
Осыған орай « Менің елім - Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
М. Мақатаевтың Отан туралы өлеңін Гаухар жатқа мәнерлеп айтып береді.
«Өрмекшінің торы» ойыны: Оқушылар шеңберге тұрады. Отан туралы бір- бір мақал - мәтелден айтады. Қарама -қарсы оқушыға жіптің ұшын лақтырады. Т.с.с.
Айдана:
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.
Хор: Мемлекеттік Әнұран айтылады.
- Балалар, Отан деген не?
Елнұр:
Отан дегеніміз - әркімнің туып - өскен жері, туған елі, атамекені.
Жансая:
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қырат та кездеседі. Үлкен - үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға, қазба байлыққа бай.
Саян:
Осы Қазақстанның жас қыраны екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
Тәлімжан::
Отаным менің кең байтақ, әрі бай. Ол көп ұлтты. Олар бір - бірімен тату дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді, бейбітшілікті қалайды.
-
оқушы: Гаухар
Жақан Смақовтың «Отан» өлеңін жатқа мәнерлеп оқиды.
Елнұр:
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
1 - Слайд: Елбасы Н. Назарбаев туралы мәлімет
Айдана:
1991 жылы 1 - желтоқсанда жалпы халықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасның Президенті болып сайланды. Қазіргі уақытта елімізді әлемдегі барлық елтаниды, танып қана қоймайды, еліміздің осы аздаған уақытта жеткен жетістіктеріне қызғаныш пен қарайды. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізді алғалы осыншама жетістікке жеткеніміздің бірден - бір айғағы Елбасымыздың алға қойған мақсаттары мен жолдамалары. Елбасының биылғы жылғы тағы бір ерен жеңісі, Қазақстанның кезекті биік белесі: Астананың ЕХРО - 17 халықаралық көрмесін өткізу. Әлем жұрты дәл қазір Қазақстан десе - Астана, Астана десе - Назарбаев дейтін болды. Алғашқы күннен мемлекеттік құрылымның керуен көшін түзу жолға салған президенттің көрегендігі деп білеміз.
Мерей:
Ел болдық ерік алдық Астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттік шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады
2 - Слайд: ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы
Елбасы жыл сайын Қазақстан халқына жолдау жолдайды. Жолдау деп елбасымыздың үндеуі яғни мақсаттары мен жолдамалары.
3 - Слайд: Ел рәміздері, тіл, халқы туралы Жансая слайд бойынша сөйледі.
Аянат:
Қазақстан Республикасы Президенттің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктердің бірден - бір бастауы - халық.
Ең бірінші байлығым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса - мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Гүлзана:
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
Карина
Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,
Тілім барда еркіме кім таласар!?
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.
Кәусар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі -
Баға жетпес асыл ән.
Мұғалім: - Ел Рәміздері туралы Аяулым мәлімет береді.
Саян:
Қазақстан Республикасының Әнұраны - бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауасы халқымның,
Шабытына шырқалар.
Кейелі сөз сазды әуен,
Шырқағанда нұр тамар.
Беріле тыңдап егіле,
Жанып тұрар мың жандар.
Айдана:
Мемлекеттік Ту 1992 жылы маусым айының 4 - жұлдызында қабылданып, 6 - маусым күні күшіне енді. Тудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ол егемен еліміздің, қазақ халқының ұлттық туы.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың баяуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.
Кәусар:
Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шот - Аман Уәлиханов.
Көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған пырақ пен Қазақстан деген жазуы бар.
Шаңырақ - бейбітшілік пен тыныштықтың айғағы.
Түндік - көк аспан асыл шырақ күн бейнесін елестетсе, уықтары - одан тарап жатқан алтын сәулелерді белгілейді.
Ай мүйізді, алтын қанатты қос тұлпар - астықтың масақтарын бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылық тың белгісі іспеттес.
Бес бұрышты жұлдыз - біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық деген сөз.
Тірек:
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
4 - Слайд: Ата Заң - Еліміздің Конституциясы
Мемлекеттік белгілерді - нышандарды құрметтеу әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.
Әр елдің өз адамдарына арнаған Ата Заңы - Конституциясы болады.
Қазақстан Республикасының өз Ата заңы бар. Онда жеке адамдардың құқығы мен еркі туралы айтылған, Адам құқығын қорғайтын Заңды Парламент шығарады. Бұл заңдарда жасөспірімдер мен балаларды ерекше қамқорлыққа алу айтылған. Балалардың құқықтарын қорғайтын конвенция /келісім/ олардың мектепте ақысыз білім алып, бос уақытын еркінше пайдалануға, демалуға, мәдени өмірге араласуға құқылы
5 - Слайд: Қазақстан картасы, Бас қала - Астана
Мұғалім:- 1995 жылы 30 тамызда еліміз Конституциясын бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдады. Жаңа жас мемлекетке дамыған, өркениетті елдердің қатарынан көріну үшін жаңа Астана керек болды. 10 желтоқсан 1997 жылы Астананың туылған күні болып тарихымызға алтын әріппен жазылды. Дүние жүзінің картасында жаңа « Астана» қаласы болды. Қазіргі кезде Астанада Президент сарайы, Парламент үйі, Байтерек, Балалар мен жасөспірімдер сарайы, банк ғимараттары әсемдікпен салынған. Астана қаласы «Дүние жүзі қаласы» атағына ие болды. Астана - бүкіл Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі.
Саян: Күләш Ахметованың «Астана» өлеңін жатқа оқиды.
Ерназар:
Салем, ұлы Астана,
Ұлылыққа бастаған!
Аңсап келеді өзіңді,
Кіп - кішкентай жас балаң!
Тірек:
Отан дейміз кең - байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
6 - Слайд: «Бәйтерек»
Кәусар:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мен өсірген елімді.
Ислам:
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана
Қазақстан туған ел.
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Ербосын:
Елімнің атын айтсам - Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам - Қазақстан!
Қойнауы қазынасы толған мекен,
Байлығымды айтсам - Қазақстан!
Хор: Көк тудың желбірегені
7 - Слайд: - Ұлттық Тенге
Қазақ елінің теңгесі ең бірінші Тәуелсіздік алған соң 1993 жылы 12 - қараша айында Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға түсті. Банкноттарда қазақтың атақты даналары бейнеленген
8. Слайд: Еліміздің ірі қалалары
Ерназар: Д. Әбілов «Қазақстан - Республикам менің» өлеңін жатқа оқиды.
Мұғалім:- Отан, туған жер, туған ел туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
Ислам:
Отан - оттан да ыстық
Карина:
Отан үшін отқа түс күймейсің.
Гауһар:
Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары
Саян:
Туған жердей - жер болмас,
Туған елдей - ел болмас
.
Тәлімжан:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Мұғалім:
- Балалар! Бізің Отанымыз - Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымызды көркейтіп, гүлдендіру үшін көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз сабақты жақсы оқып, білімді, ақылды, тәртіпті оқушы болу. Осы еліміздің көк аспаны астында бейбіт өмір сүрейік.
Көгершіннің суреті таратылады оқушылар өз тілектерін жазады.
Синквейн : 4 топ Отан туралы 5 жолды өлең құрайды.
Викторина: пластика шарлардың ішінен әр топ сұрақ таңдап алады да сол сұраққа жауап
береді.
Қорытынды:
Байтақ дала жерім менің,
Арта берсін даңқың сенің.
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің.
- дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Менің елім - Қазақстан» атты тәрбие сағаты аяқталды.
Хор: «Атамекен» өлеңін сынып оқушылары орындайды.