7


  • Учителю
  • Тренинг для родителей Моя семья

Тренинг для родителей Моя семья

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жарық жалпы орта білім беру мектебі КММ





















Ата - аналарға арналған тренинг









Өткізген:Жаденова Айжан Нуржановна

































2015 - 2016 оқу жылы.

«Отбасы жарастығы»

ата - аналарға арналған тренинг

Мақсаты: ата - аналарға бала бойындағы мінез - құлық сапаларының

ерекшеліктерін анықтауға көмектесу.

Міндеті: ата - аналардың психологиялық білімдерін жетілдіру.

Ата - анаға баланың жас ерекшеліктер кезеңіндегі мінез құлық

тұстарын айқындауға көмектесу.

Түрі: тренинг

Әдіс: сұрақ - жауап

Көрнекілік: мақалдар

Сабақтың барысы.

  1. Шаттық шеңбері (музыка тыңдау).

Мұғалім: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен «Отбасы жарастығы» атты тренингті бастаймыз.

Әрбір ата - ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім - тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз.

Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінезі беріледі екен. Кімнен деп ойлаймыз?

Ол бірінші ата - анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені отбасынан табады. Ал, отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді.

Екінші мінез - ұстазынан үлгі алады, өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш әліппені ұстатып, өмір жолына алғаш жол салатын ұстазы.

Үшінші - достарынан.осы үш адамның бойындағы мінез - құлықтарды, оның ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.

Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастарының жақсы жақтарын ала білген біздің келешегіміз болашақта елін, жерін, Отанын сүйетін біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз. Десекте, кейбір кездері олардың бойынан өзімізге ұнамайтын қасиеттерді де кездестіріп қаламыз. Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіздер?

  1. «Менің балам қандай» ойынын жүргізейік!

Тапсырма: сіздерге кеспе қағазын берем. Соған сіздер «Менің балам ... деген сөзін жалғастыру арқылы балаңыздың бойындағы мінез - құлық қасиеттерін жазасыздар?

Нұсқау: өзіңіз жазған балаңыздың мінез - құлық қасиеттерін екі бөлікке бөліңіз









сізді балаңыздың бойындағы

қанағаттандырады. мінезді сіздің өзгерткіңіз

келетін тұстары.

  1. Рефлексия.

  1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз?

  2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл күйіңізді қынжылтқан не?

  1. Поэзия әлемі. Оқушылар жаттаған тақпақтар.

Алихан: О, ата - ана, таянышты тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Балаларым жақсы болсын деп қашанда,

Лүкілдейді сенің қамқор жүрегің.

Серікгүл: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Аналардың анасы

Әпкем - әжем баласы,

Әкем - әже баласы

Апамыздың ағасы

Ол да әжемнің баласы.

Айсұлу: Бойға қуат береді.

Әй жарайсың дегені

Мені әкемнен әркезде,

Соны естігім келеді.

Атам айтар «Ұлым» деп,

Әжем айтар «Күнім» деп.

Екеуінен қаймығып

Айтады әкем «інім» деп.

Қарақат: Кір түсірмей жағама.

Шашаымды да тарайсын

Мектебіме барарда,

Мейірлене қарайсың.

Ілияс: Менің мамам, ақ мамам

Балын маған сақтаған.

Әнін маған сақтаған

Бәрін маған сақтаған

Менің мамам, ақ мамам.









  1. Сұрақ - жауап.

  • Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

  • Отбасы жарастығының сыры неде?

  • Отбасы мүшесі ретінде қандай жауапкершілікті сезінесіз?

  • Балаңыздан қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?

  • Балаңызға айтар ақылыңыз?

Отбасындағы жарасым бірін - бірі сыйлайтын, түсінетін, бір - біріне қамқор болу үлкендерге де, кішіге де байланысты. Олай болса, жарастықты, сыйластықты күшейтетін «Отбасы ережесін» құрып көрейік.

  • Алдарыңыздағы плакатка жазып, бүгінгі күнімізге қорытынды жауап көру.





Отбасы ережесі













  1. Қорытынды.

Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет өзіңіз, екінші балаңыз, ал үшінші рет немереңізге барады екенсіз.

Ендеше бүгінгі тренинт сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпін!

  1. Тілек ағашы.

Енді өздеріңіз бір - бірлеріңізге жүректен шыққан жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. Тілек ағашына жапсыру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал